Атырау, 26 сәуір 06:00
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Формалар бойынша хабарлаңдар!

2 152 просмотра

«Кәсіподақтар ұйымы туралы» жаңа заң қалалық прокуратурада талқыланды. Кездесуге әр саладағы 30 кәсіподақ ұйым өкілдері шақырту алды.

Құжат ай жарым уақыт бұрын қабылданған. Онда, сондай-ақ, ереуілге қатысуға мәжбүрлеуге және ереуілге қатысудан бас тартуға мәжбүрлеуге қатысты жауапкершілік қарастырылған. Сот бойынша заңсыз деп танылған ереуіл жетекшілері де жазасыз қалмайды.

Қала прокурорының орынбасары Валерий МАЛАХОВТЫҢайтуынша, қадағалаушы органдар кәсіпорындарда үнемі тексерулер жүргізіп тұрады, бірақ кәсіподақтар ұйымы оларға көмек немесе кеңес алу үшін хабарласпапты.

Қала әкімінің орынбасары Гүлмира ШӘКІРОВАжұмыс берушілер қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне статистикалық есептердің 3 формасын тапсыруға міндетті екенін атап өтті. Бірінші форма – «ТН-1» - бар бос орындар туралы. Көптеген жұмыс берушілер осы мәліметтерді бермейді. Екінші форма – «ТН-2» - қысқартылатын жұмыскерлер туралы мәлімет. Жұмыс беруші бұл мәліметтерді жұмыспен қамту бөліміне жоспарланған қысқарту мерзімінен 2 ай бұрын жіберуі керек әрі кәсіподақ ұйымының жазбаша келісімі бойынша.

- Екі ай мерзім жұмыспен қамту бөлімінде қысқартылатын адамға жаңа жұмыс іздеп табу үшін қажет. Бірақ жұмыс берушілер көбіне бұл мәліметтерді бір ай бұрын жібереді – қызметкерлерге хабарлама таратады, сонымен қатар, құзыретті органдарды да құлақтандырады. Сол кезде біз жұмыс берушіні қызметкерге берген хабарламасының күшін жойып, оны бір айдан кейін қайта беруге мәжбүрлейміз, бізге қандай да бір шешімін табу үшін екі ай уақыт керек.

Үшінші форма – «ТН-3» - жақында ғана енгізілген, электронды түрде жасақталады және жұмыс беруші қызметкерлер санын қысқартуды, оларды мәжбүрлі ақысыз демалысқа немесе толық емес жұмыс күніне жіберуді жоспарласа, не болмаса кәсіпорынның жалақы төлеуде қарызы болған жағдайда жіберіледі. Бұл талаптың қалай орындалатынын уақыт көрсетеді. Қалай болғанда да кәсіподақ ұйымдарының қысқартуға, жұмыстан шығарып жіберуге, жалақыны кешіктіруге қатысты әрбір адымды аңдып отырулары қажеттігін атап өтті Г.Шәкірова.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

21 тамыз 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.