Атырау, 26 сәуір 12:16
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

ҚР Қорғаныс министрі Мәскеуде Ресеймен әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелерін талқылайды

2 509 просмотра

Фото: mail.ruФото: mail.ruАСТАНА, 15 там - Қазақстан жаңалықтары АА. Бүгін ҚР Қорғаныс министрі Серік Ахметов жұмыс сапарымен Мәскеуге аттанды, деп хабарлайды республика Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Сапар аясында Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Әскери-өнеркәсіптік комиссияның, Өнеркәсіп және сауда министрлігінің, «Ростехнологии» мемлекеттік корпорациясының басшылығымен кездесулер жоспарланған.

Келіссөздерде әскери-техникалық ынтымақтастықты әрі қарай нығайту, ҚР мен РФ қорғаныс өнеркәсібі кешендерін дамыту, екі ел қарулы күштерін қазіргі заманғы қару-жарақпен және әскери техникамен қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланатын болады.

Сапар барысында Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы екінші «ОБОРОНОЭКСПО-2014» қару-жарақ, технологиялар және инновациялар көрмесіне барады.

Соныман қатар, С. Ахметовтің «Танк биатлоны-2014» халықаралық жарысының финалдық бөлігіне қатысуы жоспарланған.

Дереккөз: newskaz.kz

15 тамыз 2014, 11:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.