Атырау, 26 сәуір 10:16
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Үздік жоба - жылы аялдамалар

3 119 просмотра

11 тамызда «Даму» қорының Атырау филиалында«Жас кәсіпкер мектебінің» екі курсы қорытындысы бойынша үздік жобаны таңдады. Жеңімпаз республикалық «Идеялар жәрмеңкесі» байқауына қатысады және бұл жерде де жолы болса, қазақстандық банктердің бірінің қайтарымсыз грантына ие болады.

60-ТЫҢ ІШІНЕН 6

«Мектепте» өткен жаздың екі айында өз ісін ашуды армандайтын немесе бизнесте алғашқы қадамдарын жасап жатқан 18 бен 29 жас аралығындағы 60жас курстан өтті. Алайда, олардың тек алтауы ғана өңірлік деңгейдегі байқауға қатысу құқығына ие болды. «RockStar» (балалар мен жасөспірімдер үшін ролледром ашу), «Сәтті бизнеске арналған мобильді қосымша»; Махамбет ауданы Алмалы ауылында КЖО-көлік жуу және қонақ үй-монша кешенін салу сияқты кейбір жобалар туралы біз бұрын жазғанбыз («АЖ», 03.07.2014 күнгі №27 «Үздік жоба» мақаласын қараңыз).Айтпақшы, соңғы жобаның авторлары «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы қаржыландыруға ие болған. Сондықтан да байқауға қатысудан бас тартты. Олардың орнына «мектептің» басқа бір түлегі Нұрхат ЛЕКЕРОВ«Инновациялық аялдамалар» жобасын ұсынды. Ол облыстық әкімдіктің грантымен Англиядан жоғары білім алған және бүгінде Атырауда бизнеспен шұғылдануды жоспарлап отыр.

- Оқушы кезімде қыста аяламаларда автобус күтіп, жаурап тұратынмын. Сондықтан да мен инфрақызыл жылыту жүйесімен жабдықталған аялдамаларды орнату жобасын енгіземін деп шешім қабылдадым, - дейді жас жігіт. Жылу жүйесі аялдамаға жолаушылар жиналған сәтте ғана қосылады және олар кеткенде ажыратылады. Жылу жүйесін орнатуға кеткен қаржы жарнамалық скроллер арқылы өтеледі деп жоспарлануда. Әр скроллер 10-ға дейін жарнамалық суреттерді айналдырып, жарнама беруші бір айға 80 мың теңге төлейтін болады.

Нұрхаттың екінші жобасы – жедел көлік жуғыштар: қызметкерлер автокөліктерді су қолданбай-ақ тазалайды. Қаланың кез келген ауданына шақырып алуға болатын осындай жедел жуғыштар қызметі бүгінде Мәскеу сияқты үлкен қалаларда үлкен сұранысқа ие. Нұрхат көлік шанағын арзан баға – 1 300теңгеге тазалап, клиенттерді көбірек тартуды көздейді.

СТУДЕНТ ТАПҚЫРЛЫҒЫ

«Мектептің» шілде курсының жеңімпаздары арасында «Жас кәсіпкер мектебі» деп аталатын жоба ұсынған Ержан НҰРЖАНОВта бар. Алайда, «Даму» қорының мектебінен айырмашылығы Ержанның мектебі бірнеше бағыттарға бөлінген: коворкинг орталығы (жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін телефон факсы және басқа да қажетті құралдары бар тегін кеңсе); бизнес-инкубатор, коучинг орталығы (дәріскер кәсіпкерге қай нәрсеге басымдық беру керек, өмірлік жағдайларда қалай әрекет ету жөнінде жеке көмектеседі). Жақында Ержан «Бизнес-молодость» жобасымен келісімге қол қойды. Бұл - адамдарды оқытудан 1 млрдрубльден аса ақша тапқан ресейлік клуб. Осы қоғамдастықпен әріптестік жасау арқылы бизнесмендеріміз Ресей нарығына шыға алады. Ал, осы байқауға қатысу арқылы Ержан интернет-портал әзірлеуге, презентациялар өткізуге, теледидарлық бейнебаяндар көрсетуге қаржы аламын деп үміттенеді.

Еркебұлан ҚАЛМАҒАМ-БЕТОВ(суретте)Алматыда хостел ашуды жоспарлап отыр. Ол оңтүстік астананы елдегі туризм саласы ең жақсы дамыған қала ретінде таңдап отыр. Қазір Алматыда 7хостел қызмет етіп жатыр, алайда, Еркебұлан клиенттерді төмен бағамен тартуды жоспарлауда.

-Мен студентпін және Алматының барлық хостел- дерінің қызметін пайдаланып көрдім. Қазірдің өзінде орынжай тауып қойдым. Бұл 24орын жабдықтауға болатын бұрынғы кеңсе, - дейді байқауға қатысушы. Ол келушілерден тәулігіне 2 мың теңгеден алып, сондай-ақ, сейфті жалға беру, киім жуу, құжаттардың көшірмесін жасау және т.б. қосымша қызметтер көрсетуді жоспарлап отыр.

Құрамына банк саласы өкілдері, табысқа жеткен кәсіпкерлер және кәсіпкерлікті қолдау қоры қызметкерлері кірген әділ қазылар іріктеу критерийлері ішінде жобаның тек инновациялығы ғана емес, өміршеңдігі, сондай-ақ, әлеуметтік мәніне көп көңіл бөлді. Байқау қорытындысында бірінші орын және республикалық «Идеялар жәрмеңкесіне» жолдама «Инновациялық аялдамалар» жобасының авторы Нұрхат Лекеровке бұйырды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

14 тамыз 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.