Атырау, 26 сәуір 05:42
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

АҚШ-та қазақстандық студентті көлік қағып кетті

2 297 просмотра

АҚШ-та қазақстандық студент жол-көлік оқиғасынан қайтыс болды, - деп хабарлайды америкалық Cape Cod Times басылымы. Оқиға 30 шілде күні Бостоннан 120 шақырымдағы Кейп-Код түбегінде болған.

21 жастағы Елнұр Самархан кешкісін тас жолда велосипедпен келе жатқан. Сол кезде жолға шыға келген автокөлік студентті байқамай қағып өтеді. Жігіт көліктің маңдай әйнегіне соғылған. Ауруханаға дереу жеткізілгенімен, көп ұзамай қайтыс болды. Басылымның хабарлауынша, көліктің рулінде әйел адам отырған. Оған әзірше ешқандай айып тағылған жоқ, ол да психологиялық шок жағдайында ауруханаға жеткізілді.

Қазақстандық студент АҚШ-та өзінің құрбысымен бірге болған. Олар Кейп-Кодқа төрт ай бұрын студенттермен мәдени алмасу бағдарламасы бойынша келіпті. Самархан жергілікті фастфудтардың бірінде жұмыс істеп жатқан. Қыз кешкісін жұмыстан үйіне оралмаған жігіттің алдынан велосипедпен шыққан кезде жол-көлік оқиғасын көреді. Полиция оған зардап шегушінің ауруханаға жеткізілгенін хабарлайды. Бір сағаттан соң жігіттің қайтыс болғаны туралы хабар келеді. Қазақстандық студенттің достары марқұмның ата-анасының АҚШ-қа келуін күтіп отыр. Самархандар отбасының ұшып келу шығынын өтеу үшін жергілікті банктердің бірінен арнайы қайырымдылық қор ашылған.

Дереккөз: tengrinews.kz

 

1 тамыз 2014, 17:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.