Атырау, 26 сәуір 10:27
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Төрт миллиард қалай үлестірілді?

2 174 просмотра

Қазіргі уақытта облыс орталығында қызу жүріп жатқан жол жөндеу жұмыстарына бюджеттің 3 млрд теңгеден астам сомасы жұмсалуда. Мемлекеттік сатып алулар жөніндегі сайтта бұлар «көлік жолдарын орташа жөндеу» ретінде белгіленген. Оған қоса ағымдағы (шұңқырларды) жөндеу жұмыстарына 100 млн теңгедей бөлінді.

1,2  млрд теңге әуежайдағы жолдарды, аэровокзал алдындағы алаңды және канал арқылы өтетін көпірді қалпына келтіруге жұмсалды. Бұл республикалық бюджет қаржысы. Қалған 2,8 млрд теңге соманың (оның 300 млн теңгесі жергілікті бюджеттен) бөлінген және басым бөлігі төмендегіше үлестірілген:

Махамбет көшесінің бойындағы жолды жөндеу - 626 млн теңге; облыстық әкімдік алдындағы  алаңды жөндеу – 275,3 млн теңге; Пушкин көшесінен кіретін жолмен бірге қалалық әкімдік алдындағы алаңды жөндеу - 58,7 млн теңге; Пушкин көшесінің бойындағы жолды жөндеу (Сәтпаев даңғылынан Құлманов көшесіне дейін) – 54,9 млн теңге; Азаттық даңғылының бойындағы жолды жөндеу («Ақжайық» қонақ үйінен Әуезов көшесіне дейін) – 579,6 млн теңге; Исатай мен Махамбет алаңын жөндеу – 94,5 млн теңге; М.Өтемісұлы атындағы драма театр алдындағы алаңды жөндеу – 64,5 млн теңге; Абай көшесінің бойындағы жолды жөндеу –125,8 млн теңге; «Атырау» сауда-ойын сауық кешені алдындағы алаңды жөндеу – 87,3 млн теңге; Байтұрсынов көшесінің бойындағы жолды жөндеу (Сәтпаев даңғылынан резиденцияға дейін) – 46,4 млн теңге.

Қала бойынша барлық жол жұмыстарын «Атырауинжстрой» ЖШС жүзеге асыруда.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

31 шілде 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.