Атырау, 26 сәуір 13:42
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Прокурорлық есеп беру

1 588 просмотра

Облыстық прокуратура алқасында бірінші жартыжылдықтағы жұмыстардың қорытындысы жасалды.

Прокурорлар 12 мың заңбұзушылықты және 277 заңсыз құқықтық актілердің күшін жойды. 20 мыңнан астам азаматтың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді, соның ішінде кәмелетке толмаған 4 859 бала бар. Прокурорлық ұйғарым бойынша кәсіпорындар жалпы сомасы 91,7 млн теңгеге еңбекақы бойынша бережақтарын өтеді. Соның ішінде: «Атырау-Балық» АҚ –465 қызметкер алдында30,8 млн теңге, «АСД» ЖШС –116 қызметкер алдында 17,7 млн теңге, «Теміржол Құрылыс Атырау» ЖШС –522 қызметкер алдында 55,6 млн теңге.

Прокурорлық әрекет ету шараларымен мемлекетке жалпы алаңы 2 250 гектар болатын қолданылмай жатқан 34 жер телімі қайтарылды.

6 млрдтеңгеге мөлшерінде мемлекетке тигізілген зиян өтелді. Атап айтқанда, Agip KCO филиалының есебінен 2009 жыл үшін резидент емес тұлғалардан корпоративтік табыс салығы бойынша 1,9 млрд теңге мөлшерінде өсім өндіріліп алынды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

29 шілде 2014, 11:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.