Атырау, 26 сәуір 11:26
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

«Қазақстаннан жылыстап жатқан шетелдік инвестицияны тоқтата аламыз ба?». «Қайтпаған ақшада қайыр бар ма?». «Банктердің біріктірілуі жалғаса бермек». «Прокурор неге қарсы болды?». «Сарапшылар: Ұшақ апаты себебін анықтау қиын».

1 803 просмотра

ALASHAINASY.KZ    «Айттаудың сауабы мол» - Үш күннен кейін жер бетіндегі барша мұсылман қауымы Ораза айтты тойламақ. Бір ай бойы ауызын бекітіп, тақуалық танытқан мұсылман ағайындар үшін Айт күнінде ғұсыл құйынып, жұпар иіс себініп, жамағатпен айт намазына қатысудың сауабы мол.

«Қазақстаннан жылыстап жатқан шетелдік инвестицияны тоқтата аламыз ба?» - Шетелдік инвестиция тек Ресейден ғана емес, соңғы кездері Қазақстаннан да көптеп кете бастады.

AIKYN.KZ   «47 мың «техника», 49 «оқымысты»... Кешенді тестілеудің нәтижесі қандай?» - Халықаралық олимпиадаларда білімдерін сынап жүрген оқушыларға ҰБТ-ға қатыспай мемлекеттік грантқа ие болу құқығын беруді жемқорлыққа бастайтын жол деп қабылдамау керек.

«Жемқорлық деген – жегі құрт» - Қазіргі қазақ қоғамында жемқорлықты түп-тамырымен жою мүмкін бе? Қоғамды ішінен ірітетін осынау кеселдің емі бар ма? Қанша күрескенімізбен неге жемқорлық жойылмайды? «Жейтіндерін жеп біткен жоқ па, неге тойым жоқ?» деген сауалды қоюшылар қатары неге көбейіп тұр? Жұртшылықты толғандыратын осындай сұрақтар толып жатыр.

«Қайтпаған ақшада қайыр бар ма?» - Бас прокуратураның сараптау мәліметтері бойынша, биылғы жылдың 1 тоқсанында республикада алаяқтыққа қатысты 9067 қылмыс жасалыпты. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда, 20,4 пайызға өскен. Тіркелген қылмыстардың жалпы санының 11,4 пайызына тең.

«Банктердің біріктірілуі жалғаса бермек» - Банк саласында күрделі өзгерістер болатын түрі бар. Бұл – жел сөз емес. Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовтiң мәлімдемесі.

TURKYSTAN.KZ     «Прокурор неге қарсы болды?» -  Журналист Жарылқап Қалыбайдың үстінен 2 әкімшілік іс, 1 азаматтық іс және 1 қылмыстық іс қозғалды...

ABAI.KZ.    «Адам қанының құны қанша?» - Адамзаттың ақыл-есі кемелденіп, өркениет өрге жүзген сайын, керісінше, адамның пиғыл-ниеті азып, ағзасы мен рухы азғындап барады...

«Ары қайда, ұят қайда, намыс қайда?!» - Кеше ғана Әлем чемпионаты сынынан кейін Қазақстан осы спорт түрі бойынша әлемдiк рейтингте 127-орынға жайғасты.

SKIFNEWS.KZ    «Қалдаяқов неге қуанбады?» - 15 тамыз — қазақтың ұлы композиторы Шәмші Қалдаяқовтың туған күні. Осыған орай алдағы айдың 13-і мен 16-сы аралығында Оңтүстік Қазақстан облысында «Менің Қазақстаным» атты дәстүрлі ән байқауы кезекті рет шымылдығын түреді.

ULT.    «Бізге қандай бәсеке керек?» - Қазір қайда барсаң, алдыңнан шығатыны – бәсеке. Жақсысы да бар, жаманы да бар. Жақсысына келсек, ол білім мен кәсіптегі күнделікті бәсеке. Бұл жерде шынайы бәсеке болса, сапа мен кәсібилік деген нәрселерге басымдық беріледі. Қазір жағымсыз бәсекенің де түрі көп.

AZATTYQ. ORG      «Сарапшылар: Ұшақ апаты себебін анықтау қиын» - Әлем назары Малайзия жолаушылар ұшағы апатынан қаза тапқан адамдарды жерлеу рәсіміне ауып тұр. Ал Украинадағы ұшақ құлаған жерді зерттеуге кедергі көп. Апат себебін анықтау қиын болатын сияқты.

«Түрмедегі диссидент абақты ауруханасына сұранды» - Түрмедегі диссидент Арон Атабек жақындарына жазған хатында емделу жөніндегі өтінішін қабылдамай жатқанын хабарлайды. Ал түрме басшысы оның денсаулығы «қанағаттанарлық» дейді.

«Болашақ дәрігерлердің ауыл квотасынан шу шықты» - Медицина университетінің интернатурасын бітірген жастар ауыл квотасына бола резидентураға құжат өткізе алмай жатқандарын айтады. Құжат қабылдаушылар «ол мәселе қазір шешілгенін» хабарлады.

«Ресейде негізгі қоғамдық ұйымдар «шетел агенті» атанды» - Ресей билігі үкіметтік емес 11 ұйымды «шетел агенті» деген «қара тізімге» қосты. Белсенділердің айтуынша, Кремль осы арқылы құқық қорғау ұйымдарына қысымды күшейтіп отыр.

25 шілде 2014, 08:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.