Атырау, 26 сәуір 12:43
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Жаңа туған сәбиін дәретханаға тастап кетті

4 111 просмотра

Қызылқоға ауданының Сағыз ауылында дәретханадан жаңа туған сәби табылды.

ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, 23 шілдеде 37 жастағы әйел ауласындағы дәретханадан полиэтилен пакетке салынған жаңа туған сәбиді тауып алды. Шақырту бойынша келген учаскелік полиция инспекторы мен дәрігер баланы шығарып алған. Қыз тірі болып шықты. Оны жуындырып-шайындырып, кіндігін кескен. Учаскелік инспектор анасын тез тауып алды. Оның 33 жастағы көршісі екендігі анықталды.

Сәбидің көрер жарығы бар екен, оны аз уақыттың ішінде тауып алды - ол дәретханада 15 минут жатып қалған екен. Дәрігерлер анасы мен баласын Миялы поселкесіндегі аудандық орталық ауруханаға жеткізді. ҚР ҚК-нің 119-бабы («Қауіпте қалдыру») бойынша қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешілуде.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

24 шілде 2014, 15:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.