Атырау, 26 сәуір 13:13
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Оқиғалар тізбегі

2 418 просмотра

Шілденің 20-сына қараған түні Смағұлов көшесінің бойындағы үйдің подъезінен құны 60 мың теңге болатын «Вилли» маркалы велосипед ұрланды. Полицейлер бейнебақылау камерасының көмегімен ұрының жеке басын анықтады. Ол Құрсай поселкесінің 23 жастағы тұрғыны болып шықты. Оған іздеу жарияланды.

***

 

Шілде айының 20 күні «Дина» базарында Геолог поселкесінде тұратын 20 жастағы кәсіпкерге тиесілі әшекейлер бутигінде ұрлық жасалды. Оны жасады деген күдікпен Атырау қаласының 22 жастағы тұрғынына іздеу жарияланды.

***

 

Шілденің 20-сы күні күндіз Томарлы поселкесінде 28 жастағы қыз өзін жеткізіп салған 29 жастағы таксистің «Лада-Приора» көлігінің артқы есігін теуіп жіберген. Жүргізушінің арызына сәйкес, соққыдан есік майысып кеткен. Зиян 70 мың теңгеге бағаланды. Материал жеңілдетілген тәртіппен сотқа жолданды.

***

 

Полицияға 7 жасар ұлының бапкері оны жарысқа апару үшін биылғы жылдың қаңтарында өзінен 50 мың теңге алып, ешқайда апармағаны туралы арызбен 29 жастағы әйел шағымданды. Тергеу жүргізілуде.

***

 

Шілденің 21-іне қараған түні Атырау қаласының орталығындағы мейрамханалардың бірінің жанынан 34 жастағы ер адам полицейдің талаптарына бағынбай, оны бетінен ұрған. Бұзақы қабылдау-тарату орнына қамалды.

***

 

Шілденің 21-іне қараған түні Қызылқоға ауданының Сағыз селосындағы ауруханаға кеудесіне салынған пышақ жарақатымен кәсіпорындардың бірінің 53 жастағы моторшысы жеткізілді. Ол есін жимастан қайтыс болды. Кісі өлтірді деген күдікпен марқұмның 56 жастағы қызметтесі ұсталды. Түнгі сағат 2-де олардың жанжалдасып қалғаны, содан соң бірі екіншісін асүй пышағымен ұрғаны анықталды. Қылмыс қаруы тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

***

 

Шілденің 21-де сағат 9-дан 12-ге дейінгі аралықта 43 жастағы ер адам бұрынғы зайыбына тиесілі Әуезов көшесіндегі пәтерге кіріп, теледидарын ұрлап кеткен. Тергеу жүргізілуде.

***

 

Криминалды полиция 21 шілдеде Дамбы поселкесінен Алматы қаласындағы Бостандық аудандық сотының қаулысы бойынша бұзақылық жасады деген күдікпен іздестіріліп жатқан Ганюшкин селосының 21 жастағы тұрғынын ұстады.

***

 

Шілденің 21-де ҚІІБ қызметкерлері 15 шілдеде супермаркетте 22 жастағы қызды соққыға жықты деп күдіктелген 23 жастағы Атырау қаласының екі тұрғынын ұстады. Тергеу жүргізілуде.

***

 

Балықшы полиция бөлімінің қызметкерлері Атырау қаласының 22 жастағы тұрғынының пәтерінен құны 135 мың теңге тұратын «Асер» ноутбугын ұрлады деп күдіктелген 30 жастағы қала тұрғынын ұстады. ҚР ҚК-нің 175-бабы (ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Заттай айғақ алынды.

***

 

Балықшыдағы полиция бөлімінің қызметкерлері 21 шілдеде Азаттық даңғылының бойындағы үйлердің бірінің шатырынан телефон кабелін ұрлады деп күдіктелген 24 жастағы ер адамды ұстады. Заттай айғақтар алынды. Күдікті басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

24 шілде 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.