Атырау, 26 сәуір 14:07
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

"Туыстары Тәжаяқовтың сотталмасына үміт етеді". "АҚШ пен Еуропа: "Бұл - Путинның соңғы мүмкіндігі". "Қос саясаткер: Ресей-Украина қақтығысына енді дүниежүзі араласады". "Қазақстан төлқұжатын үлестіріп жүрген кімдер?".

2 034 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Туыстары Тәжаяқовтың сотталмасына үміт етеді» - Бостон марафоны кезіндегі терактіні тексеруге кедергі келтірді деп танылған Азамат Тәжаяқовтың жақындары оның айыпты екеніне иланбайды. Тәжаяқовқа жаны ашыса да, АҚШ сотының әділдігіне сенетін жастар да бар.

«Ресейлік компания бензин сатуды шектеп отыр» - Қазақстандағы «Газпромнефть» компаниясы жанармай бекеттері АИ-92 маркалы бензинге шектеу қойып, бір көлікке 20 литрден артық сатпай отыр. Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті өкілі оны «заңсыз» дейді.

ALASHAINASY.KZ. «Қазақ жастарын соғысқа шақырып жүргендер неге жазаланбайды?» - Қазақстаннның тәуелсiз егемендi мемлекет ретiнде дамуының басты шарты – Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету. Еліміздің Ұлттық қауiпсiздiгі «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiгi туралы» ҚР Заңымен қорғалған. Аталмыш заңда «мемлекеттiк органдардың, меншiк нысандарына қарамастан ұйымдардың және азаматтардың ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы құқықтық қатынастарын реттейдi, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң мақсатын, жүйесi мен бағыттарын белгiлейдi» деп жазылған.

«Қазақстан төлқұжатын үлестіріп жүрген кімдер?» - Бүгінде Қазақстан футболында төлқұжат дауы, «Тонев дауы» қызып тұр. Ел біріншілігінде доп теуіп жүрген кейбір келімсектердің біздің төлқұжатымызды қалай алып алғандары мүлде түсініксіз, деп жазады «Алаш айнасы» газеті.

TURKYSTAN.KZ. «Жаңа ақпараттық соғыстың салдары. Жазықсыз 300 адамның қаны кімнің мойнына жүктеледі?» - Бүкіл әлем бір апта бойы күңіренуде.  Империялар арасындағы қақтығыстың салдары – жазықсыз қан төгуге жетелеуде. Өздерінің  геосаяси амбицияларын жүзеге асыру мақсатында неден де болсын бас тартпайтындығын көрсетіп отыр шовинистер.

ABAI.KZ. «АҚШ пен Еуропа: "Бұл - Путинның соңғы мүмкіндігі"- Қазір бүкіл халықаралық қауымдастықтың барлығы Ресейге қарсы дабыл қағуда. Қазірге дейін Ресейдің Қырымды аннекциялауы және Украинада орнықсыздық тудыруына бей-жай қараудың ақыры осындай салдарға соқтырып отыр… Қазір бүкіл әлемнің көзі Владимир Путинге қадалуда»,-дейді Британия сыртқы істер министрі Филип Хэммонд.

«Тәжіаяқов туралы айтарым» - "Америкадағы Тәжіаяқов туралы не ойлайсыз?" деп сұрап жатыр. Баяғыда бір-екі рет айтып едім, қайталайын. Өкінішті жағдай. Балаға, оның туыстарына обал. Бірақ, Дәурен Қуат досым айтпақшы, "Әр қазақ менің жалғызым, бірақ досым емес". Бүгін әлдебіреулер бұған "АҚШ кінәлі, арнайы жасады" дегендей алыпқашпа әңгіме айтып жатыр. Бұндай әңгіме мәселені одан әрі ушықтыра түседі. Ана балаға да, әке-шешесіне де, жалпы қоғамға да бұндай әңгімелер еш пайда әкелмейді (Айдос Сарымның фейсбуктегі парақшасынан).

AIKYN.KZ. «Ядролық энергетика банкингі қашан құрылады?» - Ұлтымыздың Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанда халықаралық ядролық энергетика банкингін құру туралы ұсынысын халықаралық МАГАТЭ агенттігі де, азуы алты қарыс АҚШ басшылығы да толық қуаттап, қолдаған болатын. Таяуда дүниежүзілік энергетикалық ұйым осы банкингті құру туралы Қазақстан мен МАГАТЭ жұмысының тым сылбырлығын сынады. 

«Қазақтар хақындағы сыр-десте» - Жуырда «Дала бекзатының үйінде» атты кітап қолымызға тиді. Кітапты ұстағаннан-ақ оның қазақтар хақында жазылған үлкен дүние екенін ұқтық. Бұл еңбекке елімізге саяхатшылық жасаған орыс жазушыларының дала қазақтары жайында жазған дүниелері жинақталған.

QAMSHY.KZ. «Әбдіуақап Қара: “Саяси тәуелсіздікке бір күн, сана тәуелсіздігіне ондаған жыл қажет”» - Бірінші жалпықазақ съезіне ғасырға жуық уақыт болды. Яғни, “Алаш” үкіметінің, Қазақтың ХХ ғасыр басындағы тәуелсіздік жолындағы күресіне де ғасырға жуық уақыт толды. Осыған орай белгілі тарих ғалымы Әбдіуақап Қара Qamshy.kz порталына сұқбат берді.

«Қос саясаткер: Ресей-Украина қақтығысына енді дүниежүзі араласады» - Ресми Киев өз жерінде мұндай резонансты апаттың орын алуына еш мүдделі емес. Сондықтан, қайталап айтайын, әліптің артын бағайық. Тексеру қорытындыларын күтейік. Бір нәрсе анық: жазықсыз, сол соғысқа ешбір қатысы жоқ құрбандардың, соның ішінде 80 бейкүнә бүлдіршіннің және олардың ата-аналарының, көз жасы ешкімді де жібермейді.

23 шілде 2014, 09:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.