Атырау, 8 мамыр 19:32
 ашықВ Атырау +9
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Мәсімов Атырауға не үшін келді?

4 091 просмотра

9 шілдеде Атырауға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара ДҮЙСЕНОВА ат басын тіреді. Ол өңірлер бойынша жұмыс сапарымен жүрген премьер-министр Кәрім МӘСІМОВТІҢ жанындағы шенеуніктер тобымен келді.

Дүйсенова тұрғындардың мақсаттық тобымен бірқатар кездесулер өткізді. Бұл топтың мүдделерін оның ведомоствосы қорғауы тиіс. Әуежайдан түскен бойда ол жастармен және жұмысқа орналастыру жөніндегі жеке агенттіктердің өкілдерімен кездесуге барды. Министрліктің мәліметтері бойынша, өткен жылы Атырау облысының экономикалық белсенді тұрғындарының 95 пайызы жұмыспен қамтылған, соңғы жылдар ішінде жұмыссыздық деңгейі 5 пайыздан аспайды. Бұл мәліметтер атыраулықтардың көпшілігі үшін дау тудырар еді деп күмәнданамын. Бұл да баспасөз хабарламасындағы: «2013 жылы Атырау облысында 15-24 жастағы жастар арасында жұмыссыздық деңгейі 1 пайызды, 15-28 жастағылар арасында – 3,5 пайызды құрады» деген түсініксіздеу тұжырымдама секілді.

Сондай-ақ, сапар барысында ҚР-ғы Зейнетақы жүйесін жаңғырту тұжырымдамасын түсіндіру үшін мүгедектермен, зейнеткерлермен және ардагерлермен кездесу өтті. Бұл туралы жарлыққа биылғы жылдың 18 маусымында президент қол қойған еді. Зейнетақымен қамту жүйесін қайта жаңғырту ұсынылды: жинақтау жүйесі өзгеріссіз қалады, бірақ базалық зейнетақыны есептеудің жаңа әдіснамасы енгізіліп, жаңа зейнетақылық құрамдас бөлігі – шартты-жинақ зейнетақысы пайда болады.

Облыстық және қалалық білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және әлеуметтік қорғау бөлімдерінің қызметкерлерімен кездесу кезінде азаматтық қызметшілердің еңбекақысын төлеудің жаңа үлгісіне түсіндірме жіберілді (ҚР Еңбек кодексіне сәйкес, «қазыналық кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін азаматтық қызметшілердің кәсіби қызметі»азаматтық қызмет деп есептеледі). Жаңа үлгі екі кезеңді білдіреді. Біріншісінде еңбекақы төлеу жүйесінің негізгі компоненттері «жетілдіріледі». Бұл 2017 жылға дейінгі кезеңді қамтиды. Әрі қарай қызметтер нәтижелері бойынша еңбекақы төлеу механизмін енгізу жоспарланған.

Министр Атыраудан Алматыға ұшып кетті. Кәрім Мәсімовтің Атырауға сапарлау бағдарламасы БАҚ үшін қолжетімсіз болды. Біздің бейресми ақпаратымыз бойынша, кешкісін ол Ақтауға ұшады.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

9 шілде 2014, 17:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.