Атырау, 26 сәуір 08:45
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Қазақстан мен ЕО жаңа келісім жасаспақ

2 511 просмотра

3 шілде күні Қазақстан сыртқы істер министрлігі "Қазақстан мен Еуропа Одағы 1995 жылы қол қойылған әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімді жаңартып, оны кеңейтетін жаңа келісімге тезірек қол қоюға мүдделі" деп хабарлады.

Министрліктің баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша, "30 маусым мен 1 шілде аралығында Брюссельде Қазақстан мен Еуропа Одағы әріптестігі мен ынтымақтастығын кеңейту туралы жаңа келісімге қатысты келіссөздердің жетінші кезеңі өткен".

Хабарламада "Брюссельде Қазақстанға қалыптасып үлгерген аймақтық держава ретінде стратегиялық қызығушылық артып бара жатқаны, Қазақстанның Еуропа Одағы екінші рет келісім жасау туралы келіссөз жүргізіп жатқан Орталық Азиядаға жалғыз мемлекет екені де айтылды" деп жазылған.  

Жаңа келісімде қауіпсіздік және құқық саласында ынтымақтастықты тереңдету, өзара сауда және инвестициялық, экономикалық және гуманитарлық байланыстарды дамыту қарастырылған.

"Қарқынды және күрделі келіссөздер нәтижесінде тараптар келісімнің басты бөлігіне қатысты уағдаластық жасасты" дейді министрлік.

Қазақстан мен Еуропа Одағы келіссөздердің соңғы кезеңін қыркүйекте Астанада өткізуді жоспарлап отыр.

Дереккөз: Азаттық радиосы

4 шілде 2014, 10:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.