Атырау, 20 мамыр 06:47
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Толық төлеуге міндеттіміз

2 721 просмотра

Өздерінің шынайы кірістерінің мөлшерін тек мейрамханалар мен қымбат бутиктер ғана жасырып қоймайды. Көлік жуу орындары, шаштараздар мен дәріханалар да бүкіл пайдасын жарияламауға тырысады. Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша, олар бюджетке 600 мың теңгедей салық бережақ боп қалған.

Жыл басынан бері салық департаментінің қызметкерлері салық салынатын 104 нысанға бақылау жасап, 59 нысанда барлығы 159 адамға жалдамалы жұмысшылар саны азайғанын анықтаған. Асқар Тынысбековтің басшылығымен салық қызметінің бастапқы жасалған бақылау қорытындылары бойынша шаштараз, көлік жуу және т.б.орындардың қожайындарымен кездесу өткізілді. Заңды бұзған кәсіпкерлерге қосымша қаржылық салық есептілігін (ҚСЕ) тапсыру ұсынылған. 2010 жылдың 4-тоқсанының қорытындысы бойынша жеті жеке кәсіпкер қосымша ҚСЕ ұсынып, өз табыстарының 1 млн. 595 мың теңгеге дейін көбейгенін көрсеткен. Бұдан басқа, 8 жеке кәсіпкерлік басшылары жалдамалы жұмысшылардың саны бойынша жаңа есептеме ұсынған. Ол 16 адамға «көбейіпті». Ал үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында осы кәсіпорындардағы қызметкерлердің саны тағы 90 адамға «артқан».

«Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының бір бөлігі өз беттерімен қосымша ҚСЕ тапсырғаннан кейін, жағдайға талдау жасаған қызметкерлеріміз өздерінің кемшіліктерін жоймаған кәсіпкерлік субъектілерін хронометражды тексеруге шықты. Біздің мақсатымыз олардың табысының нақты деңгейін анықтау еді. Осы орайда 8 көлік жуатын орын, 5 дәріхана және 4 шаштараз тексерілді. Хронометраж қорытындылары бойынша декларацияланбаған 43 жалдамалы жұмысшы анықталды. Оның 16-сы шетелдік азаматтар, - дейді Атырау облыстық салық департаменті бастығының орынбасары Айгүл РЗАҒҰЛОВА. – Кіріс деңгейіне келер болсақ, көлік жуатын орынның нақты табысы декларацияда көрсетілгеннен 17 млн. 667 мың теңгеге (тиісінше, бюджетке қосымша 530 мың теңге салық түседі), дәріханаларда – 1 млн. 69 мың теңгеге, шаштараздарда – 1 млн. 22 мың теңгеге көп екенін анықтадық».

Тексеру барысында жеке кәсіпкерлік, әлеуметтік, мүліктік және жер салықтарын төлеу үшін жаңсақ мәліметтер ұсынған қосымша нысандар анықталды. Қазір салық қызметкерлері меншік иелерін анықтауда, содан кейін айыппұл санкцияларын салу туралы мәселе шешілетін болады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

30 маусым 2011, 00:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.