Атырау, 26 сәуір 17:26
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Қатыгез махаббат

6 577 просмотра

«Жартылай асыл тұқымды көгершінді өз көлігімен алыс өңірлерге бара жатқан адамдарға тегін беремін. Торымен бірге». Бір танысым осындай ерекше хабарландыруды газетке жариялауымды өтінді.

«КҮЙЕУІМ ОНЫ ӨЛТІРГІСІ КЕЛЕДІ»

- деп қайғыра тіл қатты ол. Менің түсінбей тұрғанымды аңғарып: - Кел, бәрін әңгімелеп беремін, - деді.

Кейін анықталғандай, танысымның күйеуі көгершін асыраумен көптен айналысады екен. Анау-мынау емес, ең асыл тұқымды деген құстарды өсіреді. Бір қара дағы жоқ аппақ, көздері моншақтай, қанаттары тіп-тік...

- Қатал селекцияның арқасы, - деп мақтанып қойды үй иесі көгершіндерін көрсетіп: - Бір ай турасында менің көгершіндерімнің біріне сырттан «күйеу жігіт» келе бастады. Бұл менің жоспарымда жоқ еді. Адамдарша айтсақ, ол - «айттырылып қойған қыз»... Міне, мына көгершінім. Шынымен, керемет сұлу емес пе? Өте қымбат тұрады. Ұшуы да керемет... Көргіңіз келе ме?

Қораның есігін ашып, артқа қарай ығысып тұрдық. Құстар өздеріне тән маңғаздықпен, еш асықпастан жарық дүниеге шыға бастады. Жаңағы айтқан «қалыңдық» көгершініміз барлығымен бірге аспанда бірнеше айналып ұшқаннан кейін кенет қанатын қатты қағып, жоғарыға тік көтерілді.

- Бұл «бағананың» басталуы, - деп түсіндірді ер адам жоғарыдан көз алмай. – Осыдан кейін қанаттарын қатты соғып, артқа шыр көбелек айналады... Әне, әне, сұлуым менің... Көрдіңіз бе? – мақтаныштан беті балбұл жанып тұр. Құсымыз «соғуын» қойып, айналып ұша бастағанда сөзін жалғастырды: - Бұл «бағананың» соңы. Бұл – ерекше құс. Ол «бағананы» биік жасайды, жиі ойнайды, мұндай қасиет көгершіндерде жақсы бағаланады. Жүріңіздер, мен сіздерге әлгі... Сарачты көрсетейін.
Соңғы атау жеккөрініштілікпен айтылғанмен, көгершін асыраушылар арасында ала көгершін дегенді білдіреді екен.

Ол артқы ауладағы сарайда екен, тор есіктен біздерге қызықтап қарап тұр.
- Аралас тұқым, бірақ арғы тегінде асыл тұқым бар екені байқалады. Қолда өскені көрініп тұр, алайда қайдан келгенін анықтай алмадым. Көкке көтерілген кезде ол аяқтарын алға созып, ауа қармайды. Мұндай көгершіндерді біз «ескекші» дейміз. Біраз бақылау жасадым, екі-үш «бағанадан» кейін аспанға «нүктеге» кетеді. Ол өте ақылды, оған дау жоқ.

«СҰЛУ БИКЕШ» ПЕН «СЕРІ ЖІГІТ»

Үй иесінің айтуынша, көгершін бір айдан бері бір уақытта – құстарын ұшыруға шығарған кезде келіп қонады екен. Дән шұқуға келмегені бірден анықталған. Кішкене ғана құс жүрегін елжіреткен сол - «қатал селекцияның нәтижесі».
- Еркек ретінде мен оны түсінемін, сұлу қыз ғой, - деп әзілдейді үй иесі. – Алайда, асыл тектілердің көпшілігіне тән қасиет – ақылы көп емес. Шынын айту керек, нағыз миғұла.

Шатырға қонып, кеш батқанша түспей қоятын кездері болады. Қашан да мені әбігерге салады. Меніңше, оның өзін өзі қорғау түйсігі мүлдем жоқ сияқты. Күн қарайғанда барлық көгершіндер қауіпсіз жерге тығылуға тырысады, ал бұл жергілікті мысықтардың жемі болғысы келгендей отыра береді. Екі рет құтқарып алдым. Сарач та бірнеше рет құтқарды. Күн қарайғанда ол қораға кіру керек екенін түсіндіріп, оған жол көрсетеді. Қасына барып, дыбыс шығарып, иіскелеп, жерге түседі. Артынан ермесе, осы әрекетін кері қайталайды. Бірде ерінбей отырып, санадым. Сұлу қыздың басына жеткенше 16 рет әрлі-берлі ұшып жүрді. Қораның есігін жабуға барғанымда, өзімсініп «қызбен» бірге ішке кіріп бара жатыр. Әрине, мен оны қуып жібердім.

Келесі күні ол тағы келді. Қанатын жайып, қызды айналып билеп жүр... Соңы «тойға» ұласатыны көрініп тұр. Ол маған керек пе? Тағы да қуып жібердім.
Бір-екі рет қораға да кіріп кетіп жүрді, алдын ала кіріп алғанға ұқсайды. Топқа араласып, білдірмей өтіп кеткісі келген уақыттары да болды.

Кейіннен мұның бәрінен жалығып, мойынын жұлып алғым келді. Міне, әйелім қорғап қалды. Қайда апарып тастасам да, қайтып келетінін білемін, жалғыз үміт – алысқа алып кетіп, уақытша ұшу мүмкіндігін шектеу.

- Мүмкін... Бірге қосармыз, а? – деп айтып көрдім.

- Жоқ. Мен асыл тұқым өсіремін, бұл маған неге керек, - мыңыншы рет айтып тұрғандай күрсінді көгершін асыраушы.

Келесі күні отбасы Астраханға кетіп бара жатқан таныстарын тапты. Ғашық көгершінді, соңғы ақпараттар бойынша, осы оқиғаны естіген бір көгершін асыраушы алуға келіскен екен. Кемінде бір ай бойы «инеде» отыруға тура келеді оған (ағылшын түйреуішімен көгершіннің бірнеше қанаты түйреледі, осыдан кейін құс біраз уақытқа дейін алысқа ұша алмайды).

Жаңа «қалыңдық» та тауып беріпті, енді арғы жағын өзі шешеді.    

Анастасия ПАСТУХОВА

8 мамыр 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.