Атырау, 26 сәуір 17:09
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Алма деп жүрсем, жиде екен

5 589 просмотра

Саяжайлар мен үй ауласына көктемгі көшет отырғызу науқаны қызып жатыр. Атырау базарларынан жергілікті және басқа жерлерден келген адал көшет сатушылармен бірге жалған шыбықтар сатып жүрген алаяқтар да көрініп қалуда. Сатып алынған шыбық – ұзақ мерзімге алынған дүние. Ол жеміс беру үшін бірнеше жыл еңбек сіңіруің керек. Ал егер сіз базардан алған алма терегіңіз жабайы бір талға айналса, қандай күйде болар едіңіз?

Көп жылдық тәжірибесі бар бағбан Валерия ЛАНЦЕВА менімен бірге жас шыбықтар сатылатын жерлерді аралауға қуана келісті. Көшет сату нарығына экспресс-мониториг өткізу үлкен проблемалардың басын ашып берді: Авангард, Привокзальный, Жилгородок базарлары мен көшелерінде сатылып жатқан әр бесінші-алтыншы көшеттің көрші Астрахан, Өзбекстан және Дағыстан жерлерінде жабайы өсіп жатқан жеміс ағаштарының шыбықтары екені анықталды. Бұл ағаштарды сатып алушылар үш-төрт жылдан кейін еңбегінің зая кеткенін көріп, қатты қынжылады деген сөз.

- Жергілікті бақтарда негізінен бұта, қарағаш, терек, қылқан жапырақтылар сияқты әдемілік үшін өсіретін талдар сатылады, яғни, бағбан үшін қызықты еш нәрсе жоқ, - дейді Валерия. – Бұдан шығар бір-ақ жол – сырттан келген көшеттерді сатып алу. Орал мен Астраханнан келген материалдар – алма, алмұрт, шие, өрік, қара өрік талдары жақсы бағаланады. Сол жерлерде жеке бау-бақшалар өте көп, солардың иелері көктем мен күзде бізге келіп, көшеттерін сатады.

Тәжірибелі бағбан көшеттердің оңтүстік өңірлерден келгенін үлкен көлемдерінен айыруға болатынын айтты: алма мен алмұрт 2 метрден аса ұзын, шие, өріктің жуандығы 2-3 сантиметр болады. Мұндай талдар оңтүстікте өседі. Біздің қатал климаттық жағдайларда олар жерсінбейді және жеміс бермейді.

- Біздің өңір үшін Астраханнан келген біржылдық шыбықтарды сатып алған дұрыс. Өйткені ол жақтың климаты біздікімен ұқсас және көшеттер тез жерсінеді...

- Будандастырған шие көшетін алыңыздар... - деді бізді сатып алушы деп ойлаған «Мұрагер» базары маңында тұрған көшет сатушы.

- Будандастырылған дейсіз бе? Қай жері? – деп шап берді сұхбаттасым. – Бұл будандастырған көшет емес. Оның сабағының түп жағында шодыр болу керек...

Ол түсінідіріп жатқан кезде, айналамызға қызықтаған бір топ адам жиналып қалды. «Өзіміз будандастыра аламыз ба?», «Пісте дәндерді сүйек дәндермен будандастыруға бола ма?», «Біржылдықты алған дұрыс па, әлде екіжылдықты ма?», «Мен қазір көк тал сатып алдым, оны қашан отырғызуға болады?» деген сияқты сұрақтар жауып кетті. Валерияны бірнеше адам қоршап алды. Ал алаяқ сатушы болса, осы шуды пайдаланып, көшеттерін жинап, жоқ болып кетті.

Біраз уақыт өткеннен кейін, өзінің саяжайына келген соң, Валерия маған будандастырылған көшетті көрсетті. Ол базарға бұл саладан хабары бар адаммен ғана баруға кеңес берді. Керек десеңіз, ғаламтордан да көп нәрсе білуге болады. Ал сатушылардың адалдығына сенбей-ақ қойыңыз..

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген автор

24 сәуір 2014, 17:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.