Атырау, 26 сәуір 10:13
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Трактор табыс әкелмек

1 722 просмотра

Облыстағы шаруа қожалықтары «ҚазАгро-Қаржы» АҚ несиелік бағдарламасы бойынша Семейдің автоқұрастыру кәсіпорнында жасалып шығарылған «Беларусь» маркалы тракторды лизингке алды.

Биылғы жыл басынан бері облыс 72 млн теңгеден астам сомада ауылшаруашылық және арнайы техниканы жеткізуге келісімшарт жасаған. Тракторлардың бірін Махамбет ауданындағы «Дастан» шаруа қожалығының басшысы Қоныс ЕРМАНОВ алды:

Трактор келген бойда біз жер жырта бастадық. 37 гектар бақша мен алты гектар көкөніс өнімдерін ектік. Трактор үлдір төсегіштің көмегімен бүкіл алаңды жауып тастады. Сәуірдің аяғында ауа температурасы төмендейді деп күтілуде. Алаңдап жүрміз... Қазір атыз жасағыштың көмегімен көрші алаңды өңдеп жатырмыз. Содан соң тұқымсепкішпен жүріп өтеміз. Бұл жерге 17 гектар картоп, қызылша мен жуа егеміз. Тракторды дер кезінде алдық... Маусым табысты болады деп үміттенеміз.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

24 сәуір 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.