Атырау, 26 сәуір 06:22
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Қазақстандықтар дәрігерлік тексерусіз жұмысқа қабылданбайтын болады

1 384 просмотра
Қазақстандықтар дәрігерлік тексерусіз жұмысқа қабылданбайтын болады. "ҚР Денсаулық сақтау жүйесі және халық денсаулығы туралы" Кодексіне тиісті түзетулер енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мәжіліс депутаты Надежда Петуховаға сілтеме жасап.

"Денсаулық сақтау жүйесі және халық денсаулығы" Кодексіне түзетулер енгізілді. Онда жұмыс беруші дәрігерлік тексеруден өтпеген адамды жұмысқа қабылдауға құқы жоқ екендігі жазылған. Содан кейін ол өзінде істейтін жұмысшылардың жыл сайын медициналық тексеруден өтуіне жағдай жасауға міндетті", - деді Петухова "Нұр Отан" фракциясы мен ҚР Парламент Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитеті бірлескен отырысының сыртындағы әңгімеде.

Айта кетейік, бұл заң жобасы қазір Мәжілістің қарауында.

Отырыс барысында Қазақстанда онкологиялық көмекті дамытудың 2012-2016 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асырыу мәселелері талқыланды. Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры Қуаныш Нұрғазиев баяндама жасады. Оның пікірінше, халыққа қалай да дәрігерлік және скринингтік тексерудің пайдасы зор екендігін түсіндіруіміз тиіс.

"Елбасымыз да халықтың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын талай рет айтып келеді. Егер Австрияда бір адам 50 жастан кейін колоноскопиядан өтпесе, оның барлық банк карточкалары жабылады. Оңтүстік Кореяда бір адам дәрігерлік теексеруден өтіп, бірақ ауырып қалса, оның 70 пайыз емін мемлекет төлейді. Ал бірақ дәрігерлік тексеруден өтпей, оның үстіне ауырып қалатын болса, онда емдік шығынның бәрін 100 пайыз өзі көтереді. Бұл адамдардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді. Бізде мемлекет бәрін береді, қаражат та бөледі, ал адамдар дәрігерлік тексерілулерге самарқау қарайды. Бұл жерде ортақ жауапкершілік болуы керек", - деді ол.

Дереккөз: tengrinews.kz

 

17 сәуір 2014, 14:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.