Атырау, 2 мамыр 03:05
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Кеден «олжа» көлікті анықтады

1 412 просмотра

Атыраудан кеденшілер тағы бір кезекті шетелдік маркадағы «олжа» көлікті анықтады. Бұл жолы елге 2011 жылы шыққан Mazda-6 көлігі заңсыз әкелінген екен.

Атырау қаласының тұрғыны бұл машинаны Белоруссиядан сатып алыпты. Үйіне келген кезде ол салық департаментіне Кедендік одаққа қатысушы елдерден әкелінен тауарлар секілді 12 пайыз мөлшерде қосымша құн салығын төлеп, көлікті ІІД әкімшілік полициясының басқармасына есепке қойған. Құжаттарды тексеру барысында көліктің Гродно қаласында тұратын Белоруссия азаматынан алынғандығы анықталды. Сату-сатып алу шарты «Дорога» дүкенінде берілген есепшот-анықтамамен рәсімделген. Ал гроднендік кеден мәліметтері бойынша, электронды дерекқорда бұл көліктің тіркелгендігі туралы деректер жоқ. Сонымен қатар, көрсетілген мекенжайда белоруссиялық сатушының тіркелмегендігі анықталды. Сот-тауартану сараптамасының қорытындысына сәйкес, 2011 жылы шыққан Mazda-6 маркалы көліктің орташа нарықтық құны 4 млн 106 мың теңгені құрайды.

Осы факті бойынша Атырау облыстық кедендік бақылау департаменті ҚР ҚК-нің 209-бабының 1-бабы («Кедендiк шекарадан кеден бақылауынан жасырылған немесе құжаттары жалған тауарларды өткiзу») бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл іс бойынша белоруссиялық әріптестермен бірлесе тергеу жүргізілетін болады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

17 сәуір 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.