Атырау, 26 сәуір 14:39
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Алты баласын өлтірген әйел қылмысын мойындады

1 684 просмотра
АҚШ азаматы Меган Хантсмен өз құрсағынан шыққан алты бірдей нәрестені өлтіргенін мойындады. Бұған дейін Юта штатының полициясы күдікті әйелге жеті сәбиді өлтірді деген айып таққан болатын. 

Тәртіп сақшыларының айтуынша, 1996 - 2006 жылдар аралығында Меган Хантсмен дүниеге жеті бала алып келген. Оның бірі өлі туылса, қалған алтауын Меган өз қолымен өлтірген көрінеді. Мұны күдіктінің өзі де мойындап отыр.
Айта кетейік, аталған қылмысты полицияға Хантсменнің түрмеден шыққан күйеуі мәлімдеген. Ер азамат Плезант-Грув қаласындағы үйіне оралып, тазалау жұмыстарын жүргізіп жатқан сәтте нәрестенің өлі денесін тауып алған. Күдікті әйелдің үйін тінтуге рұқсат алған полиция қызметкерлері тексеру кезінде тағы алты сәбидің мәйітін тауып алды.
Қазіргі таңда Меган Хантсмен уақытша ұстау абақтысында. Оған әлі нақты айыптар тағылған жоқ. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Меганның бүгінде көзі тірі ересек үш қызы бар. 

Дереккөз: Baq.kz

15 сәуір 2014, 09:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.