Атырау, 26 сәуір 13:56
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Жол кептелістері

2 354 просмотра

Атырауда бүгін, 11 сәуір күні таңертеңнен бері Махамбет мен Уәлиханов көшелеріндегі бағдаршамдар жұмыс істемей тұр.

Махамбет көшесі мен Бейбарыс даңғылының қиылысында (Әлиев – Сатыбалдиев көпірінің бұрылысы) кептеліс туындады. «Атыраудорзнак» ЖШС директорының орынбасары Ольга СТРУНЯШЕВАНЫҢ айтуынша, бағдаршамдар электр энергиясының жоқтығы салдарынан жұмыс жасамай тұр екен:

Энергетиктер 11 сәуірде таңертеңгі сағат 9-дан бастап кешкі сағат 18-ге дейін Махамбет пен Уәлиханов көшелерінде электр болмайтындығын бізге алдын ала ескертті.

ІІД әкімшілік полициясы басқармасы бастығының орынбасары Мырзалы ӨТЕҒАЛИЕВТІҢ айтуынша, туындаған кептелістерді қазір жол-патрульдік қызметінің қызметкерлері реттеуде. Жалпы мұндай жағдайлар қалыпты болып саналады екен.

Жолдағы ахуалға бақылау камералары бақылау жасайды. Қажет болған жағдайда қарбалас уақытта кептеліс туындайтын жерлерге біздің қызметкерлеріміз барып, қозғалысты реттейді. Негізінен бұлар жұмыс күнінің басы мен соңында, түскі үзіліс уақыттарында орын алады, - деді Өтеғалиев.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

11 сәуір 2014, 14:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.