Атырау, 8 мамыр 05:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Вокзалдағы дабыл (толықтырылды)

3 188 просмотра

8 сәуір күні құқық қорғау органдары Атырау қаласының теміржол вокзалы ғимаратынан жарылғыш затты iздеудi бастады. 

- Біз кестеге сәйкес сағат 19.05 минутта Атырау-Астана бағытындағы пайызды жібергенімiз сол еді, бізге полиция қызметкерлері келіп, сағат 19-да вокзал ғимаратына жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабар келіп түскенiн және бәрі тез арада сыртқа шығуы тиіс екендігін айтты, - дейді Атырау қаласының теміржол вокзалы бастығы Айгүл КҮЛШIКОВА.

Сағат 21-де халық ғимараттан оқшауландырылып, ішiнде саперлер жұмыстарын жалғастырды.

Бүгін, 9 сәуірде IIД баспасөз қызметінің жетекшісі Гулнәзира МҰХТАРОВА былай деп хабарлады:

-  Кеше 18 сағат 51 минутта «102» пультіне Атырау қаласының теміржол вокзалының ғимаратына жарылғыш құралының қойылғаны туралы құпия хабарлама келіп түсті. Дабыл бойынша ҚІІБ-нің жеке құрамы мен арнайы қызметтер жұмылдырылды. Вокзал қызметкерлері мен келушілер – барлығы 250-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Жедел-іздестіру шарасы барысында қоңыраудың полицияға Алмагүл ықшамауданындағы әйелдердің түзету колониясында орнатылған таксофоннан соғылғандығы анықталды. Кешікпей ІІД қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол жақында ҚР ҚК-нің 242-бабы («Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау») бойынша үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын алған Ақтөбе облысының 20 жастағы тумасы болып шықты. Әйел бұзақылық пиғылмен қылмыс жасағандығы туралы мойындау жауабын берді. Қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешілуде.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

8 сәуір 2014, 23:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.