Атырау, 21 мамыр 01:33
 ашықВ Атырау +19
$ 443.72
€ 482.28
₽ 4.90

Ашыналар

9 459 просмотра

Жас ашына іздеген бай еркектер, сондай-ақ, жомарт демеуші іздейтін бикештер сайттары біздің қаламызда да кең қолданысқа ие болып тұр.

ӨЗ ӨЗІҢДІ МАҚТАМАСАҢ...
Ғаламтор кеңістігінде мұндай сайттар жеткілікті-ақ, алайда, олардың ішіндегі ең танымалдары sponsora.kz, kazakh.ru және kazgo.com сайттары екен. Бұл жерде өз бетшеңді ашу үшін жынысы, жасы, тұрған қаласы, телефон, электронды пошта мекенжайы және хабарландыру сияқты бірнеше жолдарды толтырсаң жеткілікті. Бәрі де тегін.
Қолданушылардың сауалнамасы, негізінен, «демеуші іздеймін» және «демеуші боламын» деген екі санатқа бөлінеді. Біріншілері өте көп. Еркектерге қарағанда, нәзік жандылар өздерінің фотобейнелерін салып, өз «кереметтерін» суреттеуден еш қысылмайды. Ал ерлер болса, қысқа да нұсқа, атын ғана жазады, «бағасы» жолын толтырады, көбіне «баға келісім бойынша» деп белгілейді.

ЖЕКЕ ӨМІРІҢЕ АРАЛАСПАЙМЫН...
Сынақ жүргізу үшін жоғарыда аталған сайттардың бірінде 23 жасар қыз бен 63 жасар «қарияның» атына екі аккаунт аштық. Бір апта ішінде Анжеликаға (мен оны солай атадым) бір-ақ хат келді, ол да екі ауыз сөзбен жазылған: «Сәлем. Суретің мен номеріңді жібер». Ал ер адам (Равиль) бірталай сұранысқа ие болды – осы мерзім ішінде оннан аса хат келді. Ең қызықтылары мыналар:
«...Сен менің өмір бойы күткен жалғызым, мырзамсың деп ойлаймын, - деп қылымсиды 20 жастағы атыраулық қыз. – Бойым - 165, салмағым - 60. Шашым ұзын, әдемі қазақ қызымын. Өзіме көлік сатып алып, ата-анамнан еркін өмір сүргім келеді, колледж бітіремін. Мен сізге сенімді серік болып, бірге жүріп-тұрамын деп үміттенемін».
Келесі бикеш біздің еркектің отбасылық мәртебесін білгісі келді. Хат алмасу кезінде қыздың үйленгендерді қалайтыны анықталды – «тынышы сол» деп есептейді. Алайда басқа да талаптары бар, мысалы, ер адам мұның жеке өміріне араласпауы керек, айға 400 мың теңге төлеп, тұрғын үймен қамтамасыз етуі қажет.
Үшіншісі өзінің жезөкше емес екендігінен бастап, аяғында тіптен абдырап қалды: «Мен студентпін, өте қиын жағдайға тап болдым. Жыныстық қатынас ұсынбаңыздар!»
Тағы бір нұсқа: «Демеуші іздеймін. Ересек, қалталы ер адам керек. Қызмет саласы, жеке және сыртқы өмірі қызықтырмайды. Бір реттік және бюджеттік нұсқалар керек емес. Жасөспірімдер, байдың балақайлары, мазаламаңыздар! Өзім туралы: жасым 30-да, 95-67-102, бойым - 178, сүйкімді аққұба қызбын. Нақты мәліметтерді жеке хат алмасқанда беремін».
Басқа қалалардан да жазды: «Сәлем! Мен астаналық қызбын, бірақ Сізге келе аламын. 26 жастамын. Ұзын бойлы, қара шашты, қызу қанды азиаттық арумын. Егер сен бұзық, садо-мазохист немесе свингер болсаң, мені ұмыт».
«Сәлеметсіз бе! Менің атым Әнел. 24-темін. Сенімді адам іздеймін. Мені жезөкшеге балап, бір реттік кездесулерге шақырмаңыздар. Маған үнемі қаржылық қолдау көрсететін, тұрақты кездесіп тұратын еркек керек. Мені қызықтырған адамға суретімді жіберемін немесе кездесуге келісемін. Мен тек 25-тен 40 жасқа дейінгі қазақты іздеймін. Құпиялыққа кепілдік беремін, өзім де соны талап етемін. Жеке өміріңізге араласпаймын. Маған ақшалай проблемаларымды жыныстық қатынас жасағаны үшін шешіп отыратын ер адам керек. Тек азиаттық керек. Өзім туралы: бәрі жақсы».

«ТАНЫСУ» АТЫН ЖАМЫЛЫП...
Қыздар хабарламаларында өздерін көне кәсіп өкілдеріне еш қатысымыз жоқ деп қанша жазса да, фактінің аты факт – олар жыныстық қатынас жасау қызметіне ақша алғылары келеді. Ал Қазақстанда жезөкшелік – заңсыз іс. Бұл сайттарды заң бұзып отыр деп санауға бола ма? Біз осы сауалмен адвокат Әбілғазы НАҒИЕВКЕ хабарластық.

- ҚР заңнамаларында танысу сайттарын ашуға тыйым салынбаған. Бұл жағдайда сайт иелері іс жүзінде жеңгетайлық жасап отыр, алайда оларға қатысты қылмыстық іс ашу үшін арам пиғылдарын дәлелдеу керек. Сайт иесі мұны адамдардың танысуы үшін аштым деп айта алады. Ал олардың жеке парақшаларында жазатындары - өздерінің шаруалары. Жалпы, қылмыстық жауапкершілік жезөкшелікпен айналысуға тартқан уақытта ғана басталады. Бұл қылмыс кезінде күш көрсету немесе қорқыту, бопсалау, алдау сияқты әрекеттер жүзеге асады. Ал мұнда ондай жоқ, -   деп жауап берді ол.  
- Қазақстандық сайттардың жарияланымдарына кім бақылау жасайды?

- Қандай ма бір өкілетті органдар, бақылаушы сайттар жоқ, алайда, азаматтық құқықты бұзу немесе мемлекеттік қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатер фактілері анықталса, прокуратура қадағалаушы орган ретінде мониторинг жүргізіп, материалдардағы заңға қайшы әрекеттерді анықтау үшін сараптамаға жібере алады.      
Анастасия ПАСТУХОВА

ТАҚЫРЫПҚА ТҰЗДЫҚ
Өткен аптада ғаламторда ерекше купондар пайда болды. Оны 40 мың рубльге (шамамен, 207 мың теңге) сатып алған адам бір айға миллионердің әйелі бола алады. Олигарх Борис өзінің өмірлік серігін осындай ерекше жолмен табуды шешіпті.
Бәкең 47 жаста, ол Ресей астанасында тұрады және тез арада отбасылы болғысы келеді. Алайда, оның пікірінше, бүгінгі арулар адамға емес, байлық пен ақшаға ие болуды аңсайды. Бұл купондарды 32 мен 45 жас аралығындағы кез келген күйеуге шықпаған әйел сатып ала алады. «Ертегіге саяхат» купонын сатып алғаннан кейін шарт жасалады және онда «акцияның» барлық талаптары жазылады. Оларға келесілер жатады: миллионермен бірге оның үйінде тұру, міндетті түрде бірге таңғы ас пен кешкі ас ішу, екі сағаттан кем емес уақыт әңгімелесу, мәдени демалыс, астананың ең беделді де сәнді дүкендерін аралап, шопинг жасау (олигархтың бақытты болашақ қалыңдығы өз айы өткеннен кейін барлық сыйлықтарды өзіне қалдыра алады), әлемдік сән орталықтары – Милан, Париж, Нью-Йоркке бес күндік сапар.
Бірге тұру мерзімі аяқталғаннан кейін шынымен жолы болған қыз миллионердің заңды әйелі бола алады. Бористің талабы - тек шынайылық, ал сөйлескенде «Әйел нәзіктігін» қалайды. Жақын жыныстық қатынас жасауға да болады, бірақ үміткер қыздың келісімі керек.
Осылайша, ол ақшаны ғана ойлайтын қыздарды анық байқап, өзінің қалған ғұмырында бірге өмір сүретін сол бір жанды табамын деп есептейді. Ол жарты жылдан кейін алты «бақыт сатып алушылардың» біреуін таңдайды. 

27 ақпан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.