Атырау, 4 мамыр 10:47
 ашықВ Атырау +15
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Барлық жаңалықтар

Ақ Жайықтың суретшілері бас қосты Мәдениет

Ақ Жайықтың суретшілері бас қосты

Қаңтардың 14-і күні Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында «Ақ желкен» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен Атырау суретшілерінің көрмесі ашылды. Онда жалпы 12 суретшінің 40 жұмысы апарылды. Атыраудан өкіл болып барған қолөнер шебері Нұрсұлтан Қалиев, қылқалам шеберлері Әділқайыр Жантасов пен Исім Арыстанов бұл көрмеге өздерінің және жергілікті суретшілердің жұмыстарын кеңірек таныстырып қайтқан болатын. 27 қаңтар 2011, 00:00 9 848 просмотра
«Мұнай бағасының өсуі қуануға негіз емес» Экономика

«Мұнай бағасының өсуі қуануға негіз емес»

Жыл басынан бері бәріміз де бағаның өсуін үрейлене бақылауға алудамыз. Жаппай қымбаттаумен қатар теңгенің девальвациялануы туралы да қауесет тарап кетті. Егер дұрыс пікір білдірер болсақ, алаңдауға негіз жоқ – мұнай бағасы әзірге өсіп жатыр. Алайда бұл жақсылық па, жоқ па? Осы және басқа да мәселелер туралы қаржы сарапшысымен әңгімелескен едік. Ол әңгімені ашық айтуға уәде берді.  Есесіне өзінің аты-жөнін құпия қалдыруды ұйғарды.  27 қаңтар 2011, 00:00 5 197 просмотра
Тағы да дәрі-дәрмек дүрбелеңі Қоғам

Тағы да дәрі-дәрмек дүрбелеңі

Жылдан жылға қайталанып жатқан дәрілік қамтуға байланысты бейберекетсіздік биылғы жылы да қайталанды. Дегенмен өткен жылдың жазында жауапты тұлғалар 2011 жылдың басынан бастап ахуалдың түбегейлі өзгеретіндігін, өтініштердің тамыз айында жиналып, қажетті тендерлер жаңа жыл басталғанша өткізілетіндігін, ал дәрі-дәрмектердің медициналық мекемелерге уақытында түсетіндігін   мәлімдеген болатын. Алайда.. Уәде бергіш шенеуніктерге сенбеңіздер. 27 қаңтар 2011, 00:00 3 937 просмотра
Вице-министр жол апатына ұшырады Басқа жаңалықтар

Вице-министр жол апатына ұшырады

25-ші қаңтарда 16 сағат 30 минутта қалалық Элеватор ауданында «Нефтемаш» зауытына барар жолда ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрінің орынбасары Берік КАМАЛИЕВ мінген джип аударылып, сайға түсіп кеткен. ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, зақым алған шенеунік облыстық ауруханаға жеткізілген. ІІД баспасөз релизіне сәйкес, «Тойота-Прадо» көлігінде отырған жүргізуші мен облыстық әкімдіктің екі қызметкері зардап шекпеген. 27 қаңтар 2011, 00:00 2 998 просмотра
Оқиға

Жүргізуші мүрдені зиратқа жасырмақшы болды

Жаяу жүргіншіні өлімші етіп қағып, қылмыс ізін жасырмақшы болған 30 жастағы жүргізушіге қатысты қылмыстық іс аяқталып, сотқа жолданды. Бұл туралы ІІД-де өткен брифингте жауап алу басқармасының бастығы Қалыбай ТӨЛЕУЛИЕВ хабарлады. 27 қаңтар 2011, 00:00 3 625 просмотра
Мұсылман зираттарын қорлады деп күдіктелген жеті адам ұсталды Оқиға

Мұсылман зираттарын қорлады деп күдіктелген жеті адам ұсталды

Криминалдық полицияның жедел топ қызметкерлері үшін мұсылман зираттарын қорлаған деп күдіктелген топты ұстау үшін бір аптадан сәл астам уақыт қажет болды. Естеріңізге салайық, белгісіз біреулер орталық мұсылмандар зиратынан 15 бейітті қорлап, Элекватор ауданындағы зиратта тағы 16 бейітті қиратып кеткен еді. Полиция «Өлгендердің мәйіттерін және олар жерленген жерлерді қорлау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын. 27 қаңтар 2011, 00:00 4 731 просмотра
Халықаралық олипиададан жүлдемен оралды Қоғам

Халықаралық олипиададан жүлдемен оралды

Қаңтардың 12-сі мен 22-сі аралығында Кипр мемлекетінің Паралимний қаласында дәстүрлі халықаралық рейтингілік олимпиадасы өткен болатын. Оған қатысқан атыраулық қазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушылары тағы да жүлдемен оралды. 27 қаңтар 2011, 00:00 5 055 просмотра
Басқа жаңалықтар

Өз учаскеңе тіркел

Елімізде 2010 жылы енгізілген Денсаулық Сақтаудың Бірыңғай Ұлттық Жүйесі негізінде әр азаматқа кепілдендірілген тегін медициналық қызмет көлемін көрсетудің бірнеше жолдары іске қосылды. 2010 жылы әр науқас өз қалауы бойынша ауруханалық (стационарлық) ем алатын мекемені таңдап,электронды ауруханалық бюро –порталы арқылы ешқандай кезексіз, кедергісіз кепілдендірілген ауруханалық ем алуға қол жеткізілді. 27 қаңтар 2011, 00:00 3 565 просмотра
Басқа жаңалықтар

Халық санағы хақында

Егер естеріңізде болса, мойындарына көк бөкебай оранып  алған адамдар атыраулықтарды өткен жылдың ақпан айында санаққа алған болатын. Содан бері бірнеше ай бойына статистика бүкіл аймақтардан түскен мәліметтерді өңдеген еді. Таяу күндері, бір жыл өткен соң, жұртшылыққа дайын өнім ұсынылды. Жинақ «2009 жылғы ҚР халқының санағы. Қысқаша қорытындылар» деп аталады. 27 қаңтар 2011, 00:00 6 449 просмотра
Қоғам

Мақаттағы жол азабы

Атырау облысында жолдар қалыпқа келтіріле бастағанымен мұнайлы мақаттағылар жол азабын тартып отыр. Доссор‑Мақат тас жолының жарамсыз бола бастағанына ондаған жылдар өткен. Жол жайын айтқанда мақаттықтар жылап қоя береді. Себебі жайсыз жолдардан жолаушылардың ығыры шыққан еді. 27 қаңтар 2011, 00:00 3 757 просмотра
Жылуды үнемдеу жолдары табылды Экономика

Жылуды үнемдеу жолдары табылды

Биылғы жылдан бастап Атырау қаласында энергия көздерін тиімді үнемдеу мақсатында жаңа автоматтандырылған жылыту пунктері іске қосылатын болады. Мұндай жағымды жаңалық еліміздің барлық аймақ орталықтарына да қатысты. Өйткені, осы жылы республика бойынша 144 автоматтандырылған жылыту пунктерін қондыру сынақтық жобалары іске асырылмақ. 27 қаңтар 2011, 00:00 9 571 просмотра
Сәбилерге екпе салу керек пе? Қоғам

Сәбилерге екпе салу керек пе?

Атыраулық аналарды соңғы кезде облыста жаңа туған жас нерестелердің арасындағы түрлі патологиялық аурулардың жиілеп бара жатқаны алаңдатады. Олардың кейбірі бұған жас нәрестелерге салынатын екпелердің әсері болуы мүмкін деп күдіктенеді. Бірақ облыстық перзентхана дәргерлері бұл болжаммен келіспейтіндерін айтады. 26 қаңтар 2011, 00:00 32 392 просмотра
Басқа жаңалықтар

МАБ сынағы сақталады

Мемлекет аралық бақылау (МАБ) сынағы алынады деген алып-қашпа әңгіме жалған болып шықты. Сейсенбі күні облыстық білім басқармасында таяу күндердің ішінде Білім және ғылым министрлігінен осыған сәйкесті бұйрық келіп түскендігін хабарлады. Биылғы жылы МАБ сынағы 24 ақпанда өткізіледі. Әзірге бұйрықта оқушылардың тапсыратын пән атауы көрсетілмеген болып шықты. Алайда, ұзынқұлақтың айтуынша, бұл  пән математика болмақ екен. 26 қаңтар 2011, 00:00 4 408 просмотра
Басқа жаңалықтар

Сегіз адам газдан уланды

19 қаңтар күні Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші пультіне Жаңа-Қаратоннан Жылыой аудандық ауруханасына уланған 7 адам жеткізілді  деген ақапарат келіп түсті. 48 жастағы әйел адам ауруханаға жетпей көз жұмған. 26 қаңтар 2011, 00:00 3 281 просмотра
Қоғам

Тұрғын үй үшін бос жер жетерлік

Сенбі күні қаладағы ең ірі сауда орталығы «Дина» базарындағы ел аузындағы әңгіме біреу болды. Ол қалалық әкімдіктің «Дина»  орналасқан аумақты тұрғын үй құрылысы үшін беруге шешім шығарғандығы  және базарды қала сыртына-Бірлік поселкесі ауданына көшіретіндігі жөніндегі сыбыс еді.  26 қаңтар 2011, 00:00 3 184 просмотра
«Ережелер жаман емес, алайда «пионерлерді» қалай бақылауға алуға болады? Экология

«Ережелер жаман емес, алайда «пионерлерді» қалай бақылауға алуға болады?

ҚР Үкіметі теңізде және ішкі су айдындарында,  ерекше қорғалатын табиғат аумақтарында, төтенше экологиялық ахуалды аймақтарда мұнай операцияларының жүргізілу Ережесін бекітті. Бұл жаңа ереженің тигізер ықпалы жайлы жергілікті сараптамашылардан сұрап білдік.  «Каспий Табиғаты» қоғамдық ұйымы төрағасы Махамбет ХӘКІМОВ: «Ереженің жасақталуы жаман емес, барынша қатаңдау. Алайда, әңгіме-оның қалай қабылданатындығында ғой. Бұдан басқа, Экологиялық кодекске қылмыстық жауапкершілікке тартып, 2 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырытындай баптарды қарастыратын түзетулер енгізу қарастырылуда. Министрліктің алқа жиынына жеке өз басым қатысып, жазалау шарасын атуға дейін күшейту керек деген ұсынысымды айттым. Оған жауап ретінде министр күлді де, біз өркениетті елде тұрамыз ғой деді. Алайда, Қытай өркениетті ел емес пе? Біздің химиялық кешенде жұмыс жасауға кіріскелі жатқан «Синопек» компаниясының директорын елінде ату жазасына кескен». 26 қаңтар 2011, 00:00 6 048 просмотра
Тыйым салынған емханадан репортаж Қоғам

Тыйым салынған емханадан репортаж

Балалар стоматологиялық емханасының дәрігерлік кабинеттері санитарлық нормаларға сай келмейді. Оның қызметі тағы да тоқтатылды. Әзірге облыстағы жалғыз балалар стоматологиясы емханасының жағдайымен жақын танысу үшін біз сол жерге аяқ бастық. Әдетте, «облыстық стоматология» деген сөз тіркесі айтылса, ғимараттың кейпі және де осы ғимараттың баспалдақтары, кең фойесі, ақ плиталар төселген кабинеттер мен алуан түрлі стоматологиялық құрал-жабдықтардың көз алдыңа келері сөзсіз. Ал іс жүзінде мұнайлы астана балаларына қанадй қызмет ұсынылып отыр? 26 қаңтар 2011, 00:00 6 449 просмотра