Атырау, 8 мамыр 03:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Атырауда

Әбділда Мұқашев тірі болса, 60 жасқа толар еді Атырауда

Әбділда Мұқашев тірі болса, 60 жасқа толар еді

30 қыркүйекте «Ақ Жайықтың» негізін қалаушы Әбділда Мұқашев 60 жасқа толар еді. Оның осы мерейтойға жете алмағаны, өзінің және өзгелердің қуанышын бөлісу үшін тағы бірнеше жыл өмір сүрмегені қандай өкінішті. Оның жарқын бейнесі оны білетін, жақсы көретін, құрметтейтін жандардың мәңгі есінде. 30 қыркүйек 2020, 10:06 4 765 просмотра
Елбасы атыраулықтардың Түркістанға жасаған сыйын бағалады Атырауда

Елбасы атыраулықтардың Түркістанға жасаған сыйын бағалады

28 қыркүйекте Түркістан облысына сапары кезінде Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ бірқатар жаңа нысандарды аралады. Соның ішінде Атырау облысының Түркістанға сыйға тартқан «Ұлы дала елі» мәдени орталығына барды. Сурет 30 қыркүйек 2020, 10:51 3 565 просмотра
Қаланы бес жыл бойы көгалдандырады Атырауда

Қаланы бес жыл бойы көгалдандырады

Енді Атырау әкімдігі кем дегенде бес жылға көгалдандыру жұмыстарына тендер өткізбейді. Өткен жылы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы мен «Каспийдормостострой» ЖШС арасында келісімшарт жасалды. «Атырау қаласын көгалдандыру» жобасын жүзеге асыру мерзімі - 5 жыл, жалпы құны - 4 млрд 690 млн теңге. 29 қыркүйек 2020, 11:27 3 261 просмотра
​Сүт өнімдерін сатып аларда қаптамасын тексеріңіз Атырауда

​Сүт өнімдерін сатып аларда қаптамасын тексеріңіз

Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаменті Атырауда сатылатын сүт өнімдерін тексеріп, техникалық регламент сақталмаған 31 фактіні анықтады: таңбалау бойынша – 6  және мәлімделген қасиеті немесе физико-химиялық көрсеткіштерінің сәйкес келмеуіне байланысты – 25. Бұл ретте кемшіліктің көбі ЕАЭО елдерінен келетін импорт өнімдерге тиесілі. 29 қыркүйек 2020, 00:20 3 421 просмотра
Атырау облысы бойынша ҚАЖД-ның жаңа бастығы тағайындалды Атырауда

Атырау облысы бойынша ҚАЖД-ның жаңа бастығы тағайындалды

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша ішкі істер министрінің бұйрығымен Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы лауазымына әділет полковнигі Манарбек ҒАБДУЛЛИН тағайындалды. 28 қыркүйек 2020, 23:00 4 445 просмотра
​Макс Боқаев Ақтөбеден Атырауға ауыстырылды Атырауда

​Макс Боқаев Ақтөбеден Атырауға ауыстырылды

Бүгін азаматтық белсенді Макс БОҚАЕВ Ақтөбеден тұрғылықты жері бойынша Атырау УГ-157/9 ерлер колониясына ауыстырылатыны белгілі болды. Бұл туралы құқыққорғаушы Бахытжан ТӨРЕҒОЖИНА хабарлады. 28 қыркүйек 2020, 16:19 3 658 просмотра
Нәрестенің өліміне қатысты іс: «Сәбидің тірі екенін айтқанда, Қайыржан «есікті жап» деді» Атырауда

Нәрестенің өліміне қатысты іс: «Сәбидің тірі екенін айтқанда, Қайыржан «есікті жап» деді»

Қазіргі уақытта нәрестенің өліміне қатысты іс бойынша сот отырысында облыстық перинаталды орталықтың 4-5 -қабаттарының дәліздеріне орнатылған бейнебақылау камераларындағы бейнежазбаларды зерттеу жүріп жатыр. Бұл 29 қыркүйекте сағат 13-тен 22-ге дейінгі жазбалар туралы болып отыр. Бұдан бұрын сотталушылардың адвокаттары сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерлер жазбаның нақты уақытын өзгертіп, монтаждауы мүмкін деп бірнеше рет мәлімдеген болатын. 28 қыркүйек 2020, 10:23 3 961 просмотра
Мақаттық кісі өлтіруші бар кінәні өз мойнына алды, бірақ полиция оның екі сыбайласын іздестіруде Оқиға

Мақаттық кісі өлтіруші бар кінәні өз мойнына алды, бірақ полиция оның екі сыбайласын іздестіруде

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соты кісі өлтірді деп айыпталған 18 жастағы Мақат ауылының тұрғынына қатысты үкім шығарды. Естеріңізге салсақ, ол былтыр 18 сәуірде Атырауда 32 жастағы жерлесін шолақ мылтықпен атып тастаған еді. 27 қыркүйек 2020, 18:18 5 034 просмотра
Алаяққа тиімді интернет Атырауда

Алаяққа тиімді интернет

Жыл басынан бері Атырау облысында интернет-алаяқтардың әрекетіне шағымданған азаматтардан 400-ге жуық өтініш тіркелген. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, пандемия кезінде интернет алаяқтарының белсенділігі айтарлықтай өскен: инфекция жұқтырудан қорыққандар дүкенге бармай, барлық тауарлар мен қызметтерге интернет арқылы тапсырыс беруге тырысады. Ал алаяқтар соны өздеріне тиімді пайдаланып отыр. 27 қыркүйек 2020, 07:54 3 591 просмотра
«Мұнда біреулері түнеу үшін, ал біреулері өмірін өзгерту үшін келеді» Қоғам

«Мұнда біреулері түнеу үшін, ал біреулері өмірін өзгерту үшін келеді»

Күн салқын түсісімен «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіру» орталығы панасыз қалғандарға тола бастады. Ал, қыс айларында мұнда жататын орын табылмай, дәлізге түнеп шығатын кездер болады. «АЖ» тілшісі аталған орталықтың тынысымен танысып қайтты. Сурет 25 қыркүйек 2020, 17:59 5 217 просмотра
«Сергектен» түскен айыппұл бюджетке шелектеп құйылуда Атырауда

«Сергектен» түскен айыппұл бюджетке шелектеп құйылуда

10 қыркүйектен бастап, Атырауда «Сергек» «ақылды» бақылау жүйесі іске қосылғаннан бастап 2513 заң бұзушылықты тіркеді. Салынған айыппұл мөлшері 35 миллион 983 мың теңге болды, оның 3 миллион 533 мыңы өндіріліп алынды. 25 қыркүйек 2020, 16:05 3 541 просмотра
Атырау әкімі бүкіл жол салу жұмысын видеоға түсіруге нұсқау берді Атырауда

Атырау әкімі бүкіл жол салу жұмысын видеоға түсіруге нұсқау берді

24 қыркүйекте қала әкімдігінде жол құрылысының сапасы бойынша кеңес өтті. Біраз уақыттан бері жол жұмысшыларының жұмыс сапасына жынысөзекті бұрғылау әдісі арқылы бақылау жасалатын - тексеру үшін бұрғыланған саңылаудан төселген асфальт үлгісі алынады. 25 қыркүйек 2020, 15:31 3 858 просмотра
Лифт шахтасындағы жасөспірімдердің өлімі туралы іс екі жылдан соң сотта қаралып жатыр Атырауда

Лифт шахтасындағы жасөспірімдердің өлімі туралы іс екі жылдан соң сотта қаралып жатыр

2018 жылдың 21 мамырында болған қайғылы оқиға қала тұрғындарының әлі күнге дейін есінде шығар: Алмагүл ықшамауданындағы №19 үйдің 15-қабатынан екі жасөспірім жұмыс істемей тұрған жүк таситын лифтінің шахтасына құлап, қаза болған еді. Осы факті бойынша қылмыстық істі тергеу екі жылдан астам уақытқа созылып, міне, енді сот процесі басталды. Айыпталушының орындығында «Каспий Лифт» ЖШС-нің 53 жастағы директоры Қаныбек МҰРАТБАЕВ отыр. 24 қыркүйек 2020, 15:57 3 711 просмотра
Ау құралын навигатормен тауып алды Атырауда

Ау құралын навигатормен тауып алды

24 қыркүйекте жануарлар дүниесі инспекциясы мен «Ақжайық» резерватының қызметкерлері бірлескен рейд кезінде резерват аумағынан Дамбы ауылының екі тұрғыны мінген қайықты ұстады. Қайықтан 656 кг қара балық пен «Гармин» спутниктік навигаторы табылды. 24 қыркүйек 2020, 15:37 3 642 просмотра
Атыраулық полицейлер "Бекіре" операциясы барысында 1 тонна қызыл балық тиеген "Тойотаны" ұстады Оқиға

Атыраулық полицейлер "Бекіре" операциясы барысында 1 тонна қызыл балық тиеген "Тойотаны" ұстады

Полиция департаменті қызметкерлері Атырау-Орал тас жолында кетіп бара жатқан Toyota Land Cruiser көлігінен жалпы салмағы 345 дана бекіре балығын тапты. Бұл «Бекіре» жедел-профилактикалық алдын-алу шарасы кезінде болды. Сурет Бейнежазба 23 қыркүйек 2020, 13:05 4 210 просмотра
«Шөп» араласқан қаймақ Атырауда

«Шөп» араласқан қаймақ

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты УГ-157/1 (тергеу изоляторы) мекемесінде сәлем-саухаттарды тексеру барысында қаймақтың ішіне жасырынған өзіне тән иісі бар, жасыл түсті шөп табылды. 23 қыркүйек 2020, 10:16 3 761 просмотра
Құлсарыда бағдаршам дау аяқталғасын қосылады Атырауда

Құлсарыда бағдаршам дау аяқталғасын қосылады

Құлсары қаласында жылдан-жылға көлік қозғалысы көбейіп, Атыраудағыдай болмағанымен, кептеліс туғызуда. Ал бағдаршамның жүйелі жұмысы  бұл мәселені шешуге көмектесер еді.  Алайда өткен жылы қондырылған бағдаршамдар әлі күнге іске қосылмастан тұр. 23 қыркүйек 2020, 10:05 4 036 просмотра