Атырау, 22 желтоқсан 08:27
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Барлық сауалнамалар

Желіде біздің елдің туының өзге елдің туының элементтері бар жанжалды суреттің пайда болуы қоғамда екі түрлі пікір туғызды. Біреулері өзгертілген туды Қазақстанның жеке шекарасына жасалған қол сұғушылық деп бағалады. Басқалары араб тілінде жазылған араб тілінде жазылған догматтың мұсылмандық сенімге сәйкес келетінін алға тартып, бұдан оғаштық көрмеді. Ал сіз қалай ойлайсыз, кәмелетке толмаған тұрғындар 3000 АЕК көлемінде жазалану керек пе?

Иә
 
557
80%
Жоқ
 
109
15%
Білмеймін
 
28
4%
31 наурыз Сауалнамаға 694 адам қатысты

2025 жылы қасиетті Рамазан айы 1 наурызда басталып, 29 наурызға дейін жалғасады. Христиандар үшін үлкен ораза - 3 наурыздан 19 сәуірге дейін. Христиандар мен мұсылмандар үшін оразаның мақсаты шамамен бірдей. Сіз ораза ұстайсыз ба?

Иә
 
446
37%
Жоқ
 
684
57%
Білмеймін
 
70
5%
24 ақпан Сауалнамаға 1200 адам қатысты

2021 жылдың ақпанынан бастап зейнетақы жинақтарын күні бұрын алған салымшылардың ақшасының көлемі 4,4 трлн теңгені құрады. Ал сіз оны қайда жұмсау үшін түсіріп алдыңыз?

Баспана мәселесін шешуге
 
270
47%
Емге
 
91
16%
Түсіріп алған жоқпын
 
203
35%
12 ақпан Сауалнамаға 564 адам қатысты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында көрпеге қарай көсілетін уақыт келді деген ойын айтты. Мемлекет басшысының сөздеріне құлақ асуға дайынсыз ба?

Менің онсыз да қалтам жұқа
 
559
64%
Менің дәулетім өз қажетіме жеткілікті
 
55
6%
Кіріс пен шығысты ескеріп, қалтама қарап өмір сүремін
 
254
29%
29 қаңтар Сауалнамаға 868 адам қатысты

Соңғы кездері қазақстандықтар қыста автокөлікті бес минуттан артық қыздырып тұрғаны үшін салынатын айыппұлды қызу талқылады. Бұл норма 20 жылдан бері бар болса да, тек осы күндері қоғамның назарына ілінді. Ал сіз көлігіңізді қанша уақыт қыздырасыз?

Бес минуттан асырмаймын
 
166
19%
Бес минуттан артық
 
530
62%
Көлігім жоқ
 
146
17%
15 қаңтар Сауалнамаға 842 адам қатысты

Әмірліктерде некеге тұру алдында міндетті түрде генетикалық тест тапсыру енгізілді: балалары кейін тұқым қуалайтын ауруға шалдықпас үшін жас жұбайлар генетикалық мутациялар мен патологиялар бойынша тексеріледі. Сіздің ойыңызша, Қазақстанда некелеспес бұрын осындай тест тапсырған жөн бе?

Иә
 
491
70%
Жоқ
 
127
18%
Білмеймін
 
82
11%
5 қаңтар Сауалнамаға 700 адам қатысты

Депутат Еділ Жаңбыршин Air Astana әуе компаниясына сын айтты. Ол бұл әуе компаниясы өзін "аспанның құдайымын" деп әуе билеттерінің құнын аспандатып отыр деген пікірде. Оған қоса қазақстандық жолаушылардың өтінішіне құлақ аспай, қызмет сапасын жақсартпай отыр дейді. Ал сіз қай әуе компаниясының қызметін пайдаланасыз?

Air Astana
 
286
39%
Skat
 
29
4%
Fly Arystan
 
61
8%
Qazaq air
 
7
0%
Қымбат болған сайын, жақсы қызмет көрсетіледі
 
278
38%
Тек пойызбен жүремін
 
62
8%
23 желтоқсан 2024 Сауалнамаға 723 адам қатысты

Соңғы күндері атыраулықтар әлеуметтік желіде интернетке қатысты мәселе жиі талқыланды. Көбі байланыстың нашарлауына: жүктеліп болмауы, байланыстың үзіліп қалуы, әлеуметтік желі мен мессенджерлер ашылмай қалуына шағымданды. Ал сізде интернет байланысы жақсы ма?

Иә
 
521
86%
Жоқ
 
81
13%
15 желтоқсан 2024 Сауалнамаға 602 адам қатысты

Алматыдағы трансгендер-блогер Амилай Баймұратоваға (төлқұжаты бойынша есімі Абылай) әскерге шақырту келгені Қазнетті біраз толқытты. Блогер әскерге қуана баратынын айтты, өйткені онда «әдемі жігіт көп». Қалай ойлайсыз, әскер жынысы гендерлік ерекшелігіне сәйкес келмейтін азаматтарға икемді болуы керек пе?

Ешқандай жеңілдік болмау керек - заң бәріне бірдей
 
202
33%
Трансгендерден әскерде пайда жоқ
 
294
48%
Мен абдырап, не айтарымды білмей отырмын
 
112
18%
6 желтоқсан 2024 Сауалнамаға 608 адам қатысты

Биыл Атырау қаласын жаңа жылдық безендіруге 67 млн теңге бөлінді. Әдеттегідей мерекелік дайындық алдында атыраулықтар екі жаққа бөлінеді: бірі бюджет қаражатын шырша мен әртүрлі жылтыраққа жұмсауға қарсылық білдірсе, екіншісі мұнайлы астанамыз мекереке күндері Қазақстанның басқа қалаларынан кем түспеуі тиіс дейді. Ал сіз қалай ойлайсыз?

Жаңа жылда қала әдемі болып жарқырап тұрғаны дұрыс
 
202
43%
Бұл қаражатты басқа мақсатқа жұмсаған жөн
 
214
46%
Маған бәрі бір, жаңа жылды атап өтпеймін
 
46
9%
2 желтоқсан 2024 Сауалнамаға 462 адам қатысты

Қарашаның басында мәжіліс депутаты Қарақат Әбден үкіметке әйелдердің жұмыс күнгі уақытын қысқартып, декреттік демалысын ұзартуды ұсынған еді. Осы мәселеге қатысты қоғамда екі түрлі пікір айтылды. Бірі - бұл әйелдің табысы мен жұмысқа орналасуына әсер етеді десе, екіншісі отбасының ұйытқысы болып отырған әйел жұмыстан үйіне ерте келсе жақсы болар еді деп қуанды. Ал сіз қалай ойлайсыз?

Иә, бұл жақсы ұсыныс
 
281
68%
Жоқ, бұл ұсынысты қолдамас едім
 
97
23%
Білмеймін
 
32
7%
25 қараша 2024 Сауалнамаға 410 адам қатысты

Бишімбаев колониядан қашып, ҚАЖД-ның оның қай жерде жазасын өтеп отырғанын жарияламағанына байланысты қауесетке қатысты сенатор Марат Қожаев өз пікірін білдірген еді: "Бұл азаматтың құқығын қорғауға байланысты. Тіпті жаза өтеп жүрген азаматтың да құқығы болады. Егер өзін жұртқа көрсеткенді қаламаса, оны ешкім мәжбүрлей алмайды. Дөрекі естілсе де айтайын, қанша дегенмен де күш құрылымының қызметкерімін ғой, бұл сіздерге хайуанаттар бағы емес. Ресми тұлғаларға сену керек". Ал сіз ресми тұлғаларға сенесіз бе?

Әрине, ол ресми тұлғалар ғой
 
45
9%
Әсіресе ресми тұлғаларға сенбеймін
 
449
90%
14 қараша 2024 Сауалнамаға 494 адам қатысты

Өңірлер бойынша ең жоғары орташа айлық номиналдық жалақы Атырау облысында тіркелген - 604,1 мың теңге. Ал сіздің нақты табысыңыз қандай?

600 мың теңгеден жоғары
 
115
30%
300 ден 500 мың теңгеге дейін
 
81
21%
300 мың теңгеден төмен
 
90
24%
100 мың теңгедей
 
85
22%
11 қараша 2024 Сауалнамаға 371 адам қатысты

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова зейнеткерлік жасқа жеткен, бірақ жұмысын жалғастырып, зейнетақы мен жалақыны қатар алатын адамдар зейнетақысыз да өмір сүре алады деп есептейді. Оның айтуынша, үнемделген қаражатты 55 жаста зейнетке шыққысы келетіндерге төлеуге болады. Жақыпова бұл норманы қолдау немесе қолдамау қазақстандықтардың еркінде екенін атап өтті. Сіз қалай ойлайсыз?

- Жұмыс істейтін зейнеткерлерді зейнетақысынан айыруға болмайды.
 
443
77%
- Мен қолдаймын: 55 жаста зейнеткерлікке шығып, зейнетақы алғым келеді.
 
127
22%
4 қараша 2024 Сауалнамаға 570 адам қатысты

Медиа-технологиялар орталығының талдау қызметі шілде-қыркүйек айларындағы әкімдер рейтингін қорытындылады. Атырау облысының басшысы Серік Шәпкенов 16-орынға жайғасып, төменнен санағанда төртінші орынға тұрақтады. Бұл әділетті деп ойлайсыз ба?

Иә
 
541
84%
Жоқ
 
31
4%
Білмеймін
 
70
10%
28 қазан 2024 Сауалнамаға 642 адам қатысты

Қазіргі зейнеткерлер бала кезінде қызыл балықтың уылдырығын күнде жеген. Қазір бұл тағамның құны ондаған мың теңгеге бағаланады. Ал сіз таза қара уылдырықты өз дастарханыңызда қаншалықты жиі ұсынасыз?

Тек мереке күндері
 
176
31%
Жиі жеп тұрамыз
 
34
6%
Дәмін татып көрмеппін
 
341
61%
17 қазан 2024 Сауалнамаға 551 адам қатысты

Ақшаңызды жинауға мүмкіндігіңіз бар ма?

Иә
 
158
32%
Жоқ
 
333
67%
11 қазан 2024 Сауалнамаға 491 адам қатысты

6 қазанда өтетін референдумда «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген бір сауал шығарылады. Бұған дейін АЭС салу мәселесіне қатысты қоғамдық талқылау республиканың 20 қаласында өтті. Ұйымдастырушылар талқылау кезінде "атом энергетикасы мен атом электр станциялары туралы толық ақпарат берілді" деп мәлімдеді. Ал сіз бәрін түсіндіңіз бе?

Мен бәрін түсіндім
 
167
32%
Мен түк түсінбедім
 
353
67%
2 қазан 2024 Сауалнамаға 520 адам қатысты

Қазақстанда мектептерде орамал тағу тақырыбы қоғамда бірнеше жылдан бері қозғалып келеді. Жақында бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Жоғарғы сот мектептерде орамал тағуды заңды деп таныды деген жаңсақ ақпарат тарады. Ал сіз қалай ойлайсыз – рұқсат беруге бола ма, жоқ па?

Мектептерде орамал тағуға тыйым салу - білім алу құқығын бұзу
 
105
20%
Барлық дін үшін Мектеп жарғысы бұлжымас заң болуы тиіс
 
393
75%
Білмеймін
 
25
4%
26 қыркүйек 2024 Сауалнамаға 523 адам қатысты

Атырауда екі бірдей мектеп оқушылар арасындағы қайғылы жағдайға ұшыратқан буллингтің жолын кесе алмады. Ал сіз осындай жағдайға тап болып көрдіңіз бе?

Жоқ, бұл қазіргі заманның "дерті"
 
206
34%
Біздің кезімізде де ондай жағдайлар болды
 
341
56%
Иә, мен ұшырадым/өзім әлімжеттік көрсеттім
 
55
9%
17 қыркүйек 2024 Сауалнамаға 602 адам қатысты

Қазақстанда міндетті әскери қызметті тоқтатып, келісімшартпен қызмет етуді күшейту туралы тағы бір жаңа петиция жарияланып, көпшіліктің назарына ілінді. Қалай ойлайсыз, әскери қызмет қалай атқарылуы тиіс?

Міндетті қызмет
 
48
10%
Келісімшартпен атқаратын қызмет
 
379
85%
Білмеймін
 
18
4%
12 қыркүйек 2024 Сауалнамаға 445 адам қатысты

1 қыркүйекте жаңа оқу жылы басталды. Баланы мектепке дайындау отбасы бюджетіне қиын соққан жоқ па?

Жоқ
 
173
42%
Қалтаны қақты, бірақ шыдауға болады
 
119
29%
Айдың басы болса да, ақша бітіп қалды
 
114
28%
5 қыркүйек 2024 Сауалнамаға 406 адам қатысты

1 қыркүйектен Атырау облысында адам папиллома вирусына қарсы қыздарға екпе салына бастайды. Вакцинацияның мақсаты - жатыр мойны обырынан сақтану. Екпе ата-ананың рұқсатымен салынады. Сіз рұқсат бересіз бе?

Иә
 
166
31%
Жоқ
 
256
49%
Білмеймін
 
100
19%
28 тамыз 2024 Сауалнамаға 522 адам қатысты

Атыраудың балабақшаларында балаға зақым келу бойынша соңғы жаңалықтардың легінде ата-аналар алдында балаға қай жер қауіпсіз деген заңды сұрақ туындады. Қазіргі білім жүйесінде үш түрлі балабақша ұсынылады: мемлекеттік, жекеменшік немесе мемлекеттік-жекеменшік әріптестік түрінде. Сіздің ойыңызша ең тиімдісі қайсысы?

Мемлекеттік балабақша
 
141
32%
Жеке орталық
 
38
8%
Мемлекеттік тапсырыс орындап отырған жекеменшік мекеме
 
55
12%
Әжесінің тәрбиесі
 
202
46%
21 тамыз 2024 Сауалнамаға 436 адам қатысты

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, елімізде сұйытылған мұнай газының тапшылығы 25 пайызға жеткен. Ол көлік иелерін көліктеріндегі газ-баллон жабдықтарын алып тастауға шақырды. Сіз бензин мен дизель отынына көшуге дайынсыз ба?

Жоқ, дайын емеспін
 
173
35%
Иә, дайынмын
 
36
7%
Мен бензин/дизель отынын қолданамын
 
280
57%
15 тамыз 2024 Сауалнамаға 489 адам қатысты

Еліміздегі бірыңғай уақыт белдеуі туралы пікірталасты Атырау облысының тұрғындары да төрт облыс сияқты жай ғана бақылап отыр. Дегенмен, «зардап шеккен» аймақтарда күннің батуы мен шығуын үйреншікті уақыттарына қайтару қажет деп есептейсіз бе?

Иә
 
415
60%
Жоқ
 
177
25%
Маған бәрі бір
 
97
14%
8 тамыз 2024 Сауалнамаға 689 адам қатысты

Өткен айда Атырауда құс өлді, балық қырылды деген хабарламалар жиілеп кетті. Оған қоса қайдан шыққаны түсініксіз, тұрғындардың басына тиіп, аллергия туғызған сасыған иіс туралы да ақпарат көбейді. Ал сіз экологиясы тазалау өңірге көшуге дайынсыз ба?

Иә, дайынмын
 
330
50%
Жоқ, мен осы жерде қаламын
 
128
19%
Иә, мүмкіндігім болса, көшіп кетер едім
 
191
29%
1 тамыз 2024 Сауалнамаға 649 адам қатысты

Төбеңнен күн тесіп тұрған жаздың ортасы болса да, Атырауда суда шомылу маусымы ашылған жоқ. Алайда тәуекелге бел буған тұрғындар бұл шектеуді елеп жатқан жоқ. Оның үстіне Жайықтың жағасында құзырлы органдардың бақылауынан тыс қалып тұрған тұстары да бар. Ал сіз биыл өзен суына түсіп көрдіңіз бе?

Жоқ
 
467
90%
Иә
 
47
9%
24 шілде 2024 Сауалнамаға 514 адам қатысты

Қазақстанда атом электр стансасын салу жоспары бойынша қоғамдық тыңдаудың аяқталуына аз қалды. 2024 жылдың күзінде АЭС құрылысы бойынша жалпыұлттық референдум өтеді. Осы мәселеге байланысты халықтың пікірі әр түрлі. Бірі электр қуатының осындай көлемімен еліміз дами алмайды десе, екіншісі АЭС - ел тарихындағы ең қауіпті, тәуекелі зор әрі болашағы жоқ жоба деп есептейді. Ал сіздің ойыңыз қандай?

Салу керек
 
297
43%
Салмау керек
 
340
50%
Білмеймін
 
39
5%
17 шілде 2024 Сауалнамаға 676 адам қатысты

Аптап ыстық, арасында қуат көзінің өшетіні, маса және таңда шығатын күкірттің иісі - Атырауда әдеттегі жазғы жағдай. Демалыс мезгілі екені де көңілге медеу, ел аралап, жер көріп, тынығып алуға болады. Ал сіз қайда демалуды жоспарлап отырсыз?

Басқа елде
 
189
34%
Қазақстанның өзге қаласында
 
153
28%
Атырауда
 
203
37%
10 шілде 2024 Сауалнамаға 545 адам қатысты

Атыраудағы Жеңіс саябағы жаәне "Керемет" паркіндегі бірінен соң бірі орын алған оқыс оқиғалар ата-ананың алаңдаушылығын тудырды: қалалық орта балалар үшін қауіпсіз бе, жоқ па? Ал сіз қалай ойлайсыз?

Иә, балалар ара-тұра оқыс оқиғаларға ұшырап жатады
 
42
9%
Жоқ, әлеуметтік нысандарға жауапты қарайтын кез келді
 
306
66%
Саябаққа тіптен бармауға тырысамыз
 
111
24%
3 шілде 2024 Сауалнамаға 459 адам қатысты

Қазақстандықтардың өз пікірін білдірудің салыстырмалы түрде жаңа әдісі ретінде петиция халық арасында тез танымал болды. Адамдар өзінің жеке наразылығын білдіріп, соған қол қояды. Петиция институты министрліктердің осы ұжымдық өтінішке қол қойғандардың пайдасына шешім қабылдауына ықпал ете алады деп ойлайсыз ба?

Иә
 
179
43%
Жоқ
 
232
56%
27 маусым 2024 Сауалнамаға 411 адам қатысты

9 және 11 сынып оқушыларының мектеп бітіру кештерінің нағыз қызған шағы: мейрамханаларға тапсырыс берілді, ойын-сауық бағдарламалары таңдалды, көйлектер мен костюмдер сатып алынды... Осының бәріне қанша ақша жұмсадыңыз?

100 мың теңгеден аспайды
 
113
38%
200-300 мың теңге
 
89
30%
300 мың теңгеден жоғары
 
91
31%
19 маусым 2024 Сауалнамаға 293 адам қатысты

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты қазақстандықтар арасында қызу талқыға түсіп, біраз уақыттан кейін жаңалықтар легінде жоғары лауазымды күйеуі құқығын бұзғаны туралы шенеуніктердің әйелдерінің мәлімдемесі жариялана бастады. Біздің облыс та шет қалған жоқ: Ақмарал Үмбетқалиева мен Мақат ауданының енді бұрынғы әкімі Ринат Ибрагимовқа қатысты сот процесін көп адам қадағалап отыр. Қалай ойлайсыз, тек тұрмыстық зорлыққа қатысты емес, басқа да ашық сот процесін жүйелі түрде бұқараға жариялап отырған дұрыс па?

Иә, соның арқасында әділетсіз үкім азаяр еді
 
201
55%
Жоқ, сот отырысынан шоу жасаудың қажеті жоқ
 
143
39%
Білмеймін
 
15
4%
15 маусым 2024 Сауалнамаға 359 адам қатысты

Биыл он мыңдаған оқушы орта білім алды. Алда мемлекеттік емтихандар мен ЖОО-ға түсу мәселесі күтіп тұр. Бұл ретте атыраулық жоғарғы оқу орындарына сенім онша емес. Ал сіздің балаларыңыз қайдан білім алуды жоспарлап отыр?

Атырау ЖОО-да білім алады
 
75
12%
Қазақстанның басқа қаласында
 
207
33%
Ресейде
 
147
23%
Шетелде
 
184
30%
7 маусым 2024 Сауалнамаға 613 адам қатысты
1234...18
12...18