Қазақстанның негізгі доноры - Атырау облысы су тасқынынан кейін қалпына келтіру үшін қайырымдылық көмек ретінде миллиардтаған қаржы алды. Су тасқыны өңірдегі тұрғындардың өмірін қауіпсіз әрі жайлы қылатын бастапқы нүкте болатынына сенесіз бе?
4 маусым 2024
Сауалнамаға 474 адам қатысты
Атырау облысы бір айдам астам уақыт топан сумен күресіп келеді: жүздеген шақырым қорғаныс бөгеттері салынып, топырақ салынған миллиондаған қап төселді, бақылау жүргізіліп, Жайық өзеніндегі су деңгейі туралы мәліметті таратып отыр, техника, әскери қызметкерлер тартылып, қауіпті аймақтан шығуға өткелдер мен эвакуация пункттері ұйымдастырылды. Қалай ойлайсыз, Атырау облысындағы төтенше жағдай бойынша құрылған жедел штаб өңірдегі ахуалды игеріп отыр ма?
28 мамыр 2024
Сауалнамаға 786 адам қатысты
Құлсарылықтардың өздерінің тұруға жарамсыз болып қалған баспанасының әр шаршы метріне 200-240 мың теңгенің орнына 400 мың теңге бөлуді талап еткендеріне бір аптадан асты. Билік те оған көнбей отыр. Ал сіз қалай ойлайсыз?
- талабын орындаған жөн
527
53%
- шаршы метріне 200-240 мың теңге төлеу керек
343
34%
21 мамыр 2024
Сауалнамаға 994 адам қатысты
Жақында Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы мәлімдегендей, судың шарықтау шегіне жетуіне санаулы күндер қалды: Талдыкөл ауылы тұрғындарын алдын ала эвакуациялап, Индерге бұрылатын жолды су шайып кетті, Жайықтағы судың деңгейі туралы мәліметтер де айтарлықтай мәз емес.
Ал сіз осынша ұзақ жүрген судың келіп, ақыр аяғында тасып кететін жағдай туындай қалса деп қажетті құжаттар мен заттарыңызды жинақтап қойдыңыз ба?
Мен біраздан бері қалада емеспін
42
5%
14 мамыр 2024
Сауалнамаға 712 адам қатысты
Өңірде ТЖ жариялануына байланысты Атырауда Жеңіс күні атап өтілмейтін болды. Әлеуметтік желіде бұл мерекені алдағы уақытта атап өтудің қаже жоқ, себебі жаңа дәуір келді деген пікір тарады. Осындай себеппен кезінде барлық революциялық және жаңа заманға сай кейбір салалар қысқартылуына байланысты кеңес кезіндегі кәсіби мерекелерді атап өту тоқтатылған деген ойды алға тартады. Ал сіздің ойыңыз қандай?
Жеңіс күні мерекесін жоюға болмайды
946
65%
Тоқтататын кез келді
442
30%
6 мамыр 2024
Сауалнамаға 1449 адам қатысты
Қазақстанда TikTok бұғатталуы мүмкін. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның пікірі бойынша, осы әлеуметтік желі арқылы заңға қайшы келетін контент таралады. Ал, жалпы жастар арасында кең қолданылатын осы әлеуметтік желіні бұғаттау туралы ойды ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары ұсынды. Осы орайда сіздің пікіріңіз қандай?
Бұғаттау керек: TikTok өте зиян
537
52%
Әлеуметтік желінің өзін емес, белгілі пабликтерді бұғаттаған жөн
377
36%
Бұғаттауға болмайды: TikTok-та пайдалы контент көп
117
11%
24 сәуір 2024
Сауалнамаға 1031 адам қатысты
Су тасқынына ұзақ апталар бойы дайындалған Атырау қаласы мен қала маңындағы елді мекендердің тұрғындары қауіп жоқ деген пікірден бастап, қауіптің бар екенін мойындағанша бес кезеңнен өтті. Сонымен қатар, осы уақыт ішінде Атырауды су басып кетуі мүмкін дегенге мүлде сенбейтіндер де бар. Ал сіз сенесіз бе?
19 сәуір 2024
Сауалнамаға 1030 адам қатысты
Су тасқыны қаупіне байланысты Атырау қаласынан кетуді жоспарлап отырсыз ба?
Әлі шешкен жоқпын
147
10%
12 сәуір 2024
Сауалнамаға 1377 адам қатысты
Салалық мекемелердің болжамы бойынша Атырауды соңғы 30 жылдан бері болмаған тасқын су басады деген қауіп бар. Өңір билігі тұрғындарға қолдарына күрек алып, қаланы аман алып қалуға жұмыстануға өтініш жасады. Ал сіз көмектесесіз бе?
Жоқ, ол менің міндетім емес
212
22%
6 сәуір 2024
Сауалнамаға 922 адам қатысты
Қазақстанда мемлекеттік елтаңбаны өзгерту ұсынылды. Ғаламторда бұл ойды қолдағандардан гөрі сынағандар көп екені байқалады. Сіз қалай ойлайсыз, бізге жаңа елтаңба қажет пе әлде осы да жарайды ма?
Бұрынғысы бола берсін
844
82%
28 наурыз 2024
Сауалнамаға 1028 адам қатысты
Қаңтарда парламент мәжілісінің кей депутаттары Наурыз бен Жаңа жыл мерекелерін тойлауды қатар салыстырып көрген еді. Қыстың негізгі мерекесін атап өту жыл өткен сайын күрделеніп, материалдық шараға ұласты: дайындық, сыйлық, шырша безендіру, отшашуға босқа шығын шығып, халыққа түк те пайдасы жоқ деген пікір де айтылды. Ал сіз желтоқсандағы қарбаласты ығыстырып қойып, жаңа жылды көктемгі наурызда тойлағанды қалар ма едіңіз?
Екі мерекені де жылдың екі мезгілінде атап өткен дұрыс
383
53%
Мерекелерді ұнатпаймын
43
6%
21 наурыз 2024
Сауалнамаға 716 адам қатысты
Ораза ұстау үшін ең алдымен психологиялық дайындық керек дейді. Ал сіз Рамазан айында Ораза тұтасыз ба?
14 наурыз 2024
Сауалнамаға 741 адам қатысты
8 наурыз қарсаңында мәжіліс депутаты Ерлан Саиров көп балалы аналарға тіс емдетуге ақша бөлуді ұсынды. Оның айтуынша, бала көтерген әйелге кальций жетіспейді, ал ол тіске әсер етеді. Қалай ойлайсыз, көп бала болсын, аз болсын - әйелдің бәрі тісін тегін емдетуге лайық па?
Тек көп балалы аналар
131
19%
7 наурыз 2024
Сауалнамаға 680 адам қатысты
Соңғы кездегі АМӨЗ төңірегіндегі атышулы оқиғалар қоғамды бірнеше топқа бөлді: бірі соңғы директорды жақтаса, екінші топ оның алдыңғысын мақтады, тағы бірі олардан бұрын басқарған басшылар зауытты көркейтті деп есептейді. Мәселенің анық-қанығы шешіле жатар, сіздің ойыңызша соңғы 20 жыл ішінде басқарған басшылардың қайсысы мықты?
Байтазиев Талғат Алтыбайұлы (2004-2012 жж.)
197
19%
Қайрденов Арман Кұрметұлы (2012-2013 жж., 2021-2022 жж.)
30
2%
Оразбаев Қайрат Құлымұлы (2013-2016 жж.)
97
9%
Амантурлин Ғалымжан Жыршыбекұлы (1999-2002 жж., 2016-2019 жж.)
45
4%
Данбай Шухрат Абдурашитович (2019-2021 жж.)
38
3%
Досмұратов Мұрат Әбиұлы (2022-2024 жж.)
22
2%
Жусанбаев Ғалымжан Омарұлы (2024 ж. қаңтар-ақпан)
69
6%
Тізімдегінің ешқайсысы
510
50%
2 наурыз 2024
Сауалнамаға 1008 адам қатысты
Атырау облыстық әкімдігі ғимаратының жанындағы саябақ орнына заманауи конгресс-холл тұрғызу жоспарланған. Қалаға бұл нысан керек деп ойлайсыз ба?
21 ақпан 2024
Сауалнамаға 958 адам қатысты
Қазақстанда жаңа үкіметті жасақтау процесі аяқталды – премьер-министр мен үкіметтің төрт мүшесі ауысты. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, үкіметтің отставкаға кетуіне «елдің әлеуметтік-экономикалық өмірінде терең өзгерістер жасау» қажеттігі негіз болды. Мемлекет басшысы әлеуметтік-экономикалық саясатқа тың серпін беру керектігін атап айтты. Бұл серпін жаңа үкімет құрамымен келеді деп сенесіз бе?
14 ақпан 2024
Сауалнамаға 544 адам қатысты
Жаңа тағайындалған ҚР денсаулық министрі Ақмарал Әлназарова міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты мәселелерді жыл ішінде шешетінін мәлімдеді. Қалай ойлайсыз, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен медициналық көмектен мүлдем бас тартқан жөн бе?
8 ақпан 2024
Сауалнамаға 334 адам қатысты
Қарағандыдағы салалық Senim кәсіподақ ұйымы медицина қызметкерлеріне қосымша қауіпсіздік кепілдігі мен құқықтық қолдау көрсету үшін олардың мәртебесін тәртіп сақшыларымен теңестіру қажет деп санайды. Сіз бұл жаңашылдықпен келісесіз бе?
1 ақпан 2024
Сауалнамаға 389 адам қатысты
Қазақстанда вейпті жеткізуге, өндіруге, сатуға және таратуға тыйым салу туралы заң қабылданды. Бірінші кезекте тағы қандай тыйым салған жөн деп ойлайсыз?
- энергетикалық сусындар
129
14%
- букмекерлік кеңсе
342
38%
- жоғарыда аталғандардың бәріне
287
32%
- тыйым салатын нәрсе бұл тізімде жоқ
35
3%
24 қаңтар 2024
Сауалнамаға 887 адам қатысты
«Қазақстан халқына» қорының басшысы Болат Жәмішевтің айтуынша, Қазақстанда мыңдаған қазақстандықтың ағзасын трансплантациялау үшін кезекте тұруына байланысты донорлық туралы заңды өзгерту қажет. Олардың көбі шетелден, дәлірек айтқанда, қайтыс болған адамның туыстарының рұқсатын талап етпейтін елдерден келетін ғана ағзаларға үміт арта алады. Қазіргі уақытта елімізде төрт мыңға жуық адам ағзасын ауыстыруды күтіп отыр, оның 90-ы бала. Ал сіз өлгеннен кейін ағзаңызды беруге келісесіз бе?
17 қаңтар 2024
Сауалнамаға 592 адам қатысты
Соңғы екі аптада елімізде біраз адамның өмірін қиған бірнеше өрт және жарылыс оқиғалары орын алды. Оған кім кінәлі деп ойлайсыз?
Қызмет көрсету мекемелері
54
15%
Тозығы жеткен инфрақұрылым
182
51%
10 қаңтар 2024
Сауалнамаға 351 адам қатысты
Қазақстан Республикасының Парламенті салық заңнамасына мобильді аударымдарды пайдалануға қатысты түзетулер қабылдады. Сол бойда әлеуметтік желіде салықтан жалтарып, қолма-қол ақша талап ететін Атыраудағы дүкен сатушыларына қатысты тұрғындардың шағымы пайда болды. Сіз қайтадан қолма-қол ақшаға көшіп, бұрынғыдай әмиян алып жүруге дайынсыз ба?
3 қаңтар 2024
Сауалнамаға 766 адам қатысты
Атырау облысы аумағында 25 желтоқсаннан басталған «Пиротехника» жедел алдын-алу іс шарасы 3 қаңтарға дейін өтеді. Тәртіп сақшылары қоғамдық орын, балкон және терезелерден отшашу ұйымдастырғаны үшін жауапкершілікке тартылатыны туралы тұрғындарды ескертті. Жаңа жыл қарсаңындағы жаңа тәртіп сіздің мерекелік көңіл-күйіңізді түсіріп жібермеді ме?
27 желтоқсан 2023
Сауалнамаға 408 адам қатысты
Биыл жаңа жылдық безендіру жұмыстары мен жеті шырша орнатуға бюджеттен салық төлеушілердің 19 миллион 180 мың теңгесі бөлінді. Дәстүр бойынша жыл сайын осы мезгілде тұрғындардың ойы екі түрлі сипат алады: бірі мерекелік көңіл күй сыйлайтындай қала әдемі болып жарқырап тұрса десе, екінші бөлігі жаңажылдық безендіруге бөлінген қаржы мөлшері көңілді түсіреді дейді. Ал сіз қалай ойлайсыз?
Мен Атырау жаңа жылда әдемі жарқырап тұрғанын қалаймын
352
48%
Қаржыны осылай мақсатсыз жұмсауға қарсымын
314
43%
20 желтоқсан 2023
Сауалнамаға 727 адам қатысты
Желтоқсан айының басында Нұрсұлтан Назарбаевтың "Менің өмірім. Бодандықтан - бостандыққа" атты кітабы жарық көрді. Жаңа кітапқа қызығушылық таныту үшін автордың ғұмырнамасында жазылған екінші отбасы және 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаға қатысты пікірі туралы жазбаларынан үзінді берілді. Ал сол кітап сіздің қызығушылығыңызды оятты ма?
13 желтоқсан 2023
Сауалнамаға 780 адам қатысты
Танымал болған «Слово пацана. Кровь на асфальте» сериалы қараған адамды да, қарамаған адамды бей-жай қалдырмады. Қоғам екіге бөлінді: бірі сол кезді аңсаған болса, екіншісі сынады. Тіпті сол кездегі ҚазКСР-ндегі өмірге ұқсас Қазанның 80 жылдардағы тарихын Қазақстанда көрсетуге тыйым салу керек емес пе деп қазақстандық саясаткерлер Саясат Нұрбек пен Ғани Бейсембаев та ойланып қалды. Ал сіздің ойыңыз қандай?
Тыйым салу керек, бұл бұзақылық пен қарақшылықты насихаттау
244
40%
Көрсете берсін. Бұл еш боямасыз біздің жастық шағымыздың тарихы
309
50%
6 желтоқсан 2023
Сауалнамаға 609 адам қатысты
Алты жыл бойы заңсыз жалақы алып, жұмыс уақытында шетелде демалып жүрген Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті деканының атышулы сыбайлас жемқорлық ісі Қазақстанның білім беру жүйесіндегі проблеманың ауқымын тағы бір көрсетті. Өзіңіз немесе балаларыңыз әлі де елімізде жоғары білім алуды жоспарлап жүрсіз бе?
29 қараша 2023
Сауалнамаға 520 адам қатысты
Мәжілісте Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат ШАРЛАПАЕВ жеңілдетілген ипотека мүгедек балалары бар отбасылар мен жетім балаларға ғана қолжетімді болуы керек, бұл тізімге Қазақстан жастарын қоспау қажет деген пікір білдірді. Оның айтуынша, дені сау, жұмыс жасай алатын жастар пәтер алу үшін ақшаны өздері жинауы керек. Ал сіз үйіңізді алуға қалай ақша таптыңыз?
– Ешқандай, ата-анамызбен бірге тұрамыз
121
21%
- Баспанамызды ипотекаға алдық
157
27%
– Үй жалдап тұрамыз
43
7%
- Ақша жинап, сатып алдық
191
33%
22 қараша 2023
Сауалнамаға 576 адам қатысты
Ұлттық экономиканың бұрынғы министрінің жары Салтанат Нукенованың өліміне қатысты қылмыс қоғамда айтарлықтай резонанс тудырды: халқымыз азаматың негізгі құқығы, атап айтқанда, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау мәселесіне көңіл бөлмейтін заңды ізгілендіруге қарсы шықты. Қалай ойлайсыз, отбасындағы шатаққұмар, адам өлтіріп, зорлаған қылмыскерге жазаны күшейту керек пе?
15 қараша 2023
Сауалнамаға 580 адам қатысты
Жақында Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясында өткен жиында теңізден ауланатын сазан, көксерке, жайын және ақсыла балықтарын аулауға үш жылға мораторий енгізу ұсынылды. Бұған дейін бір жылға жайын мен шортанды аулауға тыйым салынған еді. Осы балық түрлерінің популяциясы қалпына келуі үшін бірнеше жылға ас мәзіріңіздегі балықтан бас тартуға дайынсыз ба?
8 қараша 2023
Сауалнамаға 548 адам қатысты
Осы жылдың тамыз айында өңірімізде қызылша ауруының 45 жағдайы тіркелсе, қыркүйекте бұл көрсеткіш 201-ге дейін өсті – бұл өткен жылмен салыстырғанда бірнеше есеге көп. Облыс әкімінің орынбасары Жасұлан БИСЕМБИЕВТІҢ пікірінше, жұртшылық екпеден бас тартып, бұл аурудың қаншалықты қауіпті екенін әлі түсінбей отыр. Ал сіз екпе салдыруға қалай қарайсыз?
1 қараша 2023
Сауалнамаға 412 адам қатысты
Әлеуметтік желіде Ақтөбе, Атырау, Батыс-Қазақстан, Қызылоррда және Маңғыстау облыстары 2023 жылдың 30 қарашасынан 1 желтоқсанына қараған түні (00:00-де) астана уақытына, яғни бір сағат алға көшеді деген ақпарат тарап жатыр. Қалай ойлайсыз, ауысқан дұрыс па?
24 қазан 2023
Сауалнамаға 1021 адам қатысты
Осы апта әкімдіктің абаттандырудан бастап жылу беру маусымына дайындығына дейінгі әртүрлі әлеуметтік саладағы жұмысының шалалығымен ерекшеленді. Жергілікті блогер қала әкімі мен жауапты шенеуніктердің жұмыстан кетуін талап етті. Қала басшысы мен оның командасы қызметін босатқанда мәселе шешіледі деп ойлайсыз ба?
18 қазан 2023
Сауалнамаға 403 адам қатысты
Атырау облысының әкімдігі өңір халқынан 2023 жылдың 3-тоқсанында түскен арыздарға талдау жасалған файлды жариялады. Көбіне азаматтарды төменде көрсетілген үш салаға қатысты мәселелер мазалайды екен. Ал сізді не толғандырады?
Жер мен жерді пайдалану
68
17%
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
195
50%
Білім беру саласы
115
29%
11 қазан 2023
Сауалнамаға 387 адам қатысты
Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай Қазақстанда Ресей телеканалдарының көрсетілімін шектеуді ұсынды. Оның айтуынша, Қазақстанның көптеген азаматын Ресейдің үгіт-насихаты жалықтырды, еліміздегі өскелең ұрпақ ресейлік телеканалдардың таратқан ақпаратына тез бейімделгіш келеді. Сіз қалай ойлайсыз?
4 қазан 2023
Сауалнамаға 716 адам қатысты