Covid-19 жұқтырған 348 жағдайдың 212-сі Атырау қаласына тиесілі, ал скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 34 науқас анықталды, деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында - 43, Индер ауданында - 11, Исатай ауданында - 13, Қызылқоға ауданында - 1, Құрманғазы ауданында - 14, Мақат ауданында - 10, Махамбет ауданында - 10 адам анықталды.
Коронавирус инфекциясы бар 199 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 37 адам емделіп шықты.
Қазір 2399 адам үй жағдайында емделіп жатыр. Инфекциялық стационарларда 1105 науқас ем қабылдауда, оның ішінде модульді ауруханада - 188, екінші облыстық ауруханада - 203, фтизиопульманологиялық орталықта-96, кардио орталықта-101, т/ж ауруханасында-107, аудандық инфекциялық стационарларда-271. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда-139 науқас ем алуда.
Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта