Атырау, 26 сәуір 12:23
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Астана «сіздерде жылу жоқ» дейді, Атырау «бізде бар» дейді

2 574 просмотра

ҚР Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің сайтында «2016 жыл 14 қазандағы ахуал бойынша Қазақстан қалаларын жылумен жабдықтау жағдайы» бағанында Атырау ЖЭО энергия көздерінің шығысында тұрбаларында 0 градус болатын жылумен қамту мекемелерінің төрттігіне (Кентау, Қызылорда, Шымкент және Атырау) еніпті.

«Атырау ЖЭО» АҚ вице-президенті Борис РАМАЗАНОВ мұны үзілді-кесілді жоққа шығарды:

Комитет, шамасы, әлі мониторингке кіріспеген шығар. Қазіргі кезде ЖЭО-дан шыққан кезде біз 80 градус береміз.

Рамазановтың сөзін «Атырау жылу жүйесі» АҚ диспетчері растады, алайда жылыту жүйесіндегі ыстық судың температурасын атаудан бас тартты. Оның айтуынша, 14 қазанда тал түсте Атырауда көппәтерлі 841 үйдің 580-іне жылу берілді.

Естеріңізге салсақ, 14 қазанда таңертең мұнай астанасының көшелерінде ауа температурасы 3 градус нөлден жоғары болды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
14 қазан 2016, 19:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.