Атырау, 26 сәуір 13:49
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Коронавирустың екінші толқыны: 24 миллиард теңгеге дәрі сатып алынбақ

2 688 просмотра

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Нұр-Сұлтандағы "СҚ-Фармация" логистикалық хабына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Асқар Мамин COVID-19-дан емдеуге арналған дәрілердің бар-жоғымен және денсаулық сақтау мекемелерін медициналық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралармен танысты.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мен "СҚ-Фармация" басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев ауруханалар мен провизорлық орталықтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін дәрілік препараттардың 91 атауы жеткізілетінін баяндады.

Өткен айда медициналық препараттар өңірлер бойынша 8,7 миллиард теңге бөлінді. Ауруханалардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жедел түрде қосымша дәрі-дәрмектер сатып алынды, емделушілер амбулаториялық деңгейде тегін ала алатын дәрі-дәрмектер тізімі кеңейтілді (парацетамол, ибупрофен, ривароксабан, дабигатран және апиксабан енгізілді).

COVID-19-дың екінші толқыны басталса, компанияда 24 миллиард теңге сомасына екі айлық дәрі-дәрмек қоры құрылуда, сондай-ақ карантин кезеңінде жекеменшік дәріханаларды нарық өз бетінше толықтыра алмайтын 19 тапшы дәрі-дәрмекпен жабдықтау мәселесі пысықталып жатыр. "СҚ-Фармация" оларды қалалар мен ауылдық елді мекендердегі әр дәріханаға дейін толық жеткізеді.

Үкімет басшысына компанияның логистикасын жақсарту шаралары туралы баяндалды: жоспарлы рейстер саны 1,7 есеге артты, тиеу мерзімі 2 аптадан 1 аптаға дейін қысқартылды, тауарларды хабтардан өңірлерге бөлу Cross-docking қағидаты бойынша жүзеге асырылады, ал қоймалардың жұмысы 24/7 режиміне көшірілді.

Премьер-министр өңірлерге дәрі-дәрмектердің тиелуін ерекше бақылауға алуды, күзгі-қысқы маусымда COVID-19-дан емдеу үшін барлық қажетті медициналық препараттың болуын қамтамасыз етуді, дәрі-дәрмектерге қажеттілік артқан жағдайда шұғыл әрекет етуді, сондай-ақ бөлшек сауда секторын тапшы дәрі-дәрмекпен толықтыру бойынша тапсырманы орындауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Медициналық өнімдер мен дәрілік препараттарды отандық өндірушілерді қолдау бойынша жүйелі шараларды қабылдау қажеттігіне ерекше назар аударылды. 

5 тамыз 2020, 15:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.