Атырау, 26 сәуір 11:24
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Тимати Black Star-дан шығатынын мәлімдеді

2 713 просмотра

Ресейлік орындаушы Тимати Black Star лейблынан шығатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

27 шілдеден бастап Тимати "толық каталогы және сауда белгілері бар тәуелсіз агент" болды. Орындаушының енді компанияға қатысы жоқ және оның әртістерімен айналыспайды. Алайда бірнеше жобадағы құрылтайшылық үлесі мен құқықтарын сақтап қалды, қазір үш компания оның жауапкершілігіне өтті.

"Маған келер болсақ, мен бұрыннан бәрін өзгерткім келген... Мені үлкен өзгерістер күтіп тұр және одан толқу сезіледі", - деп жазды Тимати Instagram-да.

Қазір Black Star-да Клава Кока, Мот, Миша Марвин, Дана Соколова, сондай-ақ "Песни" жобасының әртістері жұмыс істейді, олардың қатарында қазақстандық Nazima да бар.


27 шілде 2020, 16:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.