Денсаулық министрлігі ауыр жағдайда жатқан науқастар туралы ақпарат таратты

744 рет қаралды

Денсаулық сақтау министрлігі жансақтау және анестезиология бөлімшелерінде ем алып жатқан науқастар туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиевтың айтуынша, ауыр жағдайда жатқан нақастардың жалпы саны 306 адамды құрап отыр. 

"Ауыр жағдайда 265 сырқат, ал өте ауыр жағдайда 41 науқас жағдайда жатыр. Жасанды тыныс алдырту аппаратына 67 адам қосылған. Ал инвазивті емес тыныс алдырту аппаратымен 133 науқас жатыр. Бұдан бөлек, 106 науқас оксигенотерапияны алып отыр", - деді Сұлтанғазиев бүгінгі онлайн брифингте.

Оның сөзіне қарағанда, коронавирус инфекциясына шалдыққан 9 265 науқас өз күшімен дем алып жатыр.

Айта кетейік, соңғы бір бір тәуліктің ішінде коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 674 адам анықталды. Олардың ішінде 811 адам ауру белгілері бар пациент болса, 863-і – симптомсыз науқастар. Жалпы, республика бойынша COVID-19 жұқтырған 65 188 адам тіркелген. Осы уақытқа дейін коронавирустан 39 066 науқас жазылып шықты. 396 адам қайтыс болды. Бұдан бөлек, маусым айында пневмониямен ауруханаға түскен науқастардың саны күрт өсті. 628 науқас көз жұмды.

Жалпы, маусымда пневмонияға шалдыққан 32 724 науқас тіркелген. Ал шілденің алғашқы аптасында, яғни 1-8 аралығында 56 809 пациент тіркеліп отыр.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, бір аптаның ішінде тіркелген 39 702 науқастың пневмониясы нақтыланбаған, бірақ  коронавирус инфекциясына көбірек ұқсайды.

16 шілде, 13:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.