Атырау, 26 сәуір 11:53
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Спорт жаңалықтары

2 852 просмотра

БАСКЕТБОЛ

«Атырау Барыстары» БК Баскетбол академиясының 2004-05 және 2006-07 ж.т. командалары ел чемпионы атанды.

Шу қаласында 2004-05 ж.т. жасөспірімдер арасында баскетболдан ҚР чемпионаты өтті. Атырау баскетбол академиясының командасы бүкіл матчтарда жеңіп шығып, алтын медальды иеленді. Атыраулық спортшы Михаил Миронов турнирдің үздік ойыншысы болып  танылды.

Бас жүлдені Академияның кіші тобы да жеңіп алды. Осы жастағы ең үздік ойыншы болып біздің Әлішер Мұратұлы танылды.


ЖҮЗУ

Қостанайда «Қысқы Демалыс» ҚР чемпионаты өтті. Атыраулық спортшы Альмира Қадырбай 200 метр қашықтыққа кешенді жүзуде «алтын», 200 метр қашықтыққа еркін стильде «күміс» және 100 және 50 метр қашықтықта еркін стильде – екі «қола» жеңіп алды.

Дамир Алтайұлы 50 метр қашықтықта екінші және 100 метр қашықтықта еркін стильде үшінші болды.  Анеля Марат кешенді жүзуде 200 метр қашықтықта «күміс» және брасспен 50 метр қашықтықта «қола» жеңіп алды. Диар Гизатов 200 метр қашықтықта кешенді жүзу бойынша үшінші орынға ие болды.

Балаларды дайындаған Н.Жұмағазиев және И.Галкин.


ФУТБОЛ

Тараз қаласында Жамбыл облысының Құрметті азаматы Кеңесхан Ахаевқа арналған 2007-08 және 2009-10 ж.т. жасөспірімдер арасында футболдан республикалық турнир өтті. Екі жас санаты бойынша да Махамбет ауданының командалары жеңімпаз атанды.

2007-08 ж.т. тобында турнирге 12 команда қатысты. Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарындағы құрдастарын жеңген Махамбет ауданының командасы жартылай финалда және финалда жеңіске жетіп, қорытындысында «алтын» алды.

Дәл осындай нәтижеге махамбеттік 2009-2010 ж.т. жасөспірімдер командасы да қол жеткізді. Камашев пен Рысқали Амантай турнирдің үздік ойыншылары болып атанды.

Балаларды Асқар Әлдешев, Әділет Ыдырысов және Шыңғыс Мұханғалиев жаттықтырады.

 

* * * * *

«Геолог» ДСК-нде жеке меншік футбол мектептерінің 2007-2008 ж.т. тәрбиеленушілері арасында турнир өтті.

Финалда «Ұлан» «Арсеналды» 3:2 есебімен жеңіп шықты. Үшінші орынды «Фалькон» командасын  6:1 есебімен жеңген «Санлин» командасы иеленді. Қақпашы - Шахруз Абдуллаев, қорғаушы - Әлімхан Жұмабаев, шабуылшы - Диас Арманов және Даниял Бегеев үздік ойыншылар атанды. 

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

15 қаңтар 2020, 18:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.