Атырау, 26 сәуір 14:52
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Димаштың тыңдармандары "Бірінші арна" операторынан жауап беруді талап етіп жатыр

Бейнежазба
1 370 просмотра


"Бірінші арнадағы" "Не? Қайда? Қашан?" бағдарламасын түсіру кезінде телеоператорлардың бірі танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге тіл тигізгені видеоға түсіп қалған.  

Димаш танымал ойынның қатысушыларына арнап өзінің Mademoiselle Hyde әнін орындайды, оны композитор әрі продюсер Игорь Крутой роялмен сүйемелдейді. Осы кезде режиссер Саня деп атаған операторлардың бірі рациямен "Мына ешкі оған көлеңкесін түсіріп тұр" дейді (жазбаның 35-ші секунды).


Жұмыс процесіндегі осы дөкір сөзді естіген әншінің жанкүйерлері бұл сөз Игорь Крутойға көлеңкесін түсірген Димашқа қарата айтылды деп шулап жатыр.

"Көңілім жайланар емес. Ол бағдарламаны қайталап көрдім. Иә, Димаштың көлеңкесі Игорьге түсіп тұр. Арнаға хат жіберу керек. Оператор бұл сөзі үшін жауап берсін", - деп жазды Gulnar B2 деген қолданушы.

"Әрине, бәрі жақсы өтті. Бірақ Димашты ешкі деуге бола ма? Қызметкерлеріңізді тәрибиелеңіздер. Сіздер миллиондаған адамның кумирін түсіріп жатырсыздар", - дейді Санкт-Петербург тұрғыны.

"Ешкі дегендеріңіз үшін жауап берулеріңіз керек!!! Біздің кумирге тіл тигізу шектен шыққандық !!!" – деп ашуланды желі қолданушысы Раушан Наханова.

 Дереккөз: sputniknews.kz

 

3 сәуір 2019, 09:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.