Атырау, 20 мамыр 04:17
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Сұрақ-жауап

Сұрақ-жауап

Біздің сауда қызбай тұр

- Саяжай иелері өз өнімдерін қайда сатпақ? Біз өзіміз өсірген көкөністерімізді «Мұрагер» базарында сатуды ұйымдастыруға тырысқанбыз, алайда, міне екінші жыл, бізді базар қожайындары қуып шығып отыр. Басқа да базарлардың бізді қуана қарсы алатындығына күмәнім бар. Жергілікті өнімді біз сонда қайда сатамыз? Бізге жергілікті билік қандай қолдау танытар екен? 8 тамыз 2012, 22:38 1 564 просмотра
Сұрақ-жауап

Шәкіртақы болады

- Менің күйеуім «Мирас» оқу орталығында 3 апта оқыды. Барлық оқып жатқандардың қолында келісім-шарттары бар, оларға шәкіртақы тиесілі. Оның келісім-шарты жоқ, орталықтағылар оған шәкіртақы берілмеуі мүмкін деп отыр. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміндегілер оны оқу орталығына жұмсайды, ондағылар қайтадан бөлімге жібереді. 8 тамыз 2012, 22:36 1 893 просмотра
Сұрақ-жауап

Коллектор жұмыс істеп тұр

– Қаженбаев көшесіндегі 1, 2, 3-үйлердің ауласында канализацияға қатысты қыстан бері проблемалар орын алып келеді, аула үнемі лас суларға толады. Санэпидқызмет қайда қарап отыр? «АСА»-дағылар тек көмектесуге уәде береді. Облыс әкімінің блогынан жауап келтірейік: «2012 жылдың 8 мамырында «Атырау Су Арнасы» КМК-ның канализациялық жүйелерді пайдалану қызметі Қаженбаев 1, 2, 3-үйлердің ауласындағы өздігінен ағатын коллекторларды тазарту жұмыстарын жүргізді. Қазіргі кезде канализациялық коллекторлар аталмыш аудандарда қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр». Бірақ бұл олай емес! 1 тамыз 2012, 22:17 1 800 просмотра
Сұрақ-жауап

Еңбек демалысын ала аласыз

– Мен қала базарларының бірінде кассир боп жұмыс жасаймын. 6 тамызда босануға дейінгі демалысқа кетпекпін. Әр жыл сайын еңбек демалысымды тамызда алатын едім. Енді бұл демалыс жүктілік демалысыммен сәйкес келіп тұр. Маған босанғанға дейінгі және кейінгі демалыстар төлене ме? 1 тамыз 2012, 22:14 3 413 просмотра
Сұрақ-жауап

Шақыртқаны үшін төлейді

– Мен Молдағұлова көшесінде тұрамын. Менің ескі сумен қамту жүйесін жаңасына қайта жалғау туралы сұрағым бар. «АСА» бізге қолданылып жүрген өрт сөндіру колонкасына қосылу үшін техникалық шарт берді. Ол жерде шар тәрізді шүмек бар, «АСА» ол үшін төлем талап етіп отыр. Біз сонда не үшін төлеуге тиіспіз, «АСА» талабы заңды ма? 1 тамыз 2012, 22:11 1 446 просмотра
Сұрақ-жауап

Бір айда береді

– Күйеуге шыққан кезде фамилиясын өзгерткен және оны әділет органдарында заңмен белгіленген мерзімде (бір ай) ауыстыруға үлгермеген әйелдерге айыппұл қаупі төнеді. Ең азы – 9 мың теңге мөлшерінде, ең көбі – 90 мың теңгеге дейін. Осы рас па? 1 тамыз 2012, 22:09 1 524 просмотра
Сұрақ-жауап

Қысымды көтереміз

– 8 жылдан астам уақыттан бері Ғұмаров көшесінің бойындағы 88 және 90-үйлерде, Авангард 4-ықшамауданындағы 6 және 8-үйлерде салқын су жоқ. Ал ыстық су шүмегінен қайнап тұрған су жүріп тұр. Ыстық суға бүкіл тұрмыстық техника мен су жіберетін бак жалғанған. Мұның бәрі, әрине, тұрмыстық техниканың пайдалану мерзімін қысқартып, ыстық су тұтыну төлемақысын көбейтуге әкеледі. Жыл сайын бізге кешікпей көтеру-сорғы стансасын саламыз деп немесе қолданыстағы стансаға қосамыз деп уәде береді. Биылғы жылдың сәуірінде «Жазира» ПИК-і осы мәселемен «АСА»-ға хабарласып, екіұшты жауап алды. Бұл проблема қашан шешіледі? 1 тамыз 2012, 22:07 1 871 просмотра
Аялдамалар болады Сұрақ-жауап

Аялдамалар болады

– Тайманов даңғылынан Ескі әуежай жаққа қарай жүретін №10, 20, 62 маршруттардың аялдама павильондары жоқ. Адамдар ашық аспан аясында маршрутка күтіп тұруға мәжбүр. Маршруткалар лық толы болады және уақыт аралығын сақтамайды, соның салдарынан салон көбінесе аузы-мұрнынан шығып тұрады. Мыңдаған қоғамдық көлік пайдаланушылар үшін лайықты жағдай жасауға бюджетте шынымен де ақша болмағаны ма? 1 тамыз 2012, 22:05 2 071 просмотра
Сұрақ-жауап

ПИК-ке хабарласыңыз

– Дружба көшесіндегі №2 үйде салқын суға қатысты үнемі проблемалар орын алады. Шілденің шіліңгірінде ыстық суды пайдалану мүмкін емес. Жертөле желілері апатты жағдайда, үйдің сыртындағы канализацияның иісінен терезе аша алмайсың. Бұл қашанғы жалғаспақ? 1 тамыз 2012, 22:04 1 648 просмотра
Сөмке ауысып, тексеру басталды Сұрақ-жауап

Сөмке ауысып, тексеру басталды

– Біздің әуежайда жүктегі тағылған бирканы залдан шыққан кезде бұрынғыша жүк түбіртегімен тексеріп шығармайтынын байқадым. Алайда, кейбір адамдардың өз жүктері деп басқалардың жүгін ала кетуі әбден мүмкін ғой... 25 шілде 2012, 21:04 2 213 просмотра
Сұрақ-жауап

№22 мектепте бос орын жоқ

– Биылғы жылы менің балам 1 сыныпқа баруы тиіс. Біз өзімізге жақын орналасқан №22 мектепке барып жолыққанымызда бізге Огородная көшесінде тұратын болғандықтан  ол  мектепке қабылдамайтындықтарын айтты. Бұрын бұл мектепте  мен өзім, менің апам  және басқа біздің көшеде тұратын біраз бала оқыды. Сондай-ақ, қазір де біздің көшеде тұратын кейбір балаларды бұл мектептің қабылдағандығын біліп те отырмын. Олардың неге алалап отырғандығын түсінбедім? 25 шілде 2012, 21:03 1 960 просмотра
Диманың дәл өзі Сұрақ-жауап

Диманың дәл өзі

– Қала ішінде Дима БИЛАННЫҢ концертіне шақырған баннерлер ілінген. Осы рас па, бұл оның сыңары емес пе? Өйткені, көрермендерді шеттен келетін жұлдыздарға қатысты алаяқ продюсерлер жиі алдап жатады ғой, билеттері де қымбат тұрады. 18 шілде 2012, 21:27 1 843 просмотра
Сұрақ-жауап

«Каникул» тарифі

- Дүйсенбі күні №2 автобуста оқушы ұлым үшін 30 теңге жолақы төледім. Келесі күні сол маршрутта ол менімен бірге тегін жүрді. Ал бүгін кондуктор балам үшін 60 теңге жолақы төлеуім керектігін айтты. Іс жүзінде жолақы құны қанша? 18 шілде 2012, 21:26 1 754 просмотра
Сұрақ-жауап

Қайта оқығым келеді

– Мен сонау ақпан айында қалалық жұмыспен қамту бөлімінен қайта даярлау курсына бару үшін өтініш берген едім. Бірақ әлі күнге мені курсқа шақырған жоқ. Қалалық жұмыспен қамту бөліміне бірнеше рет барғаныммен ешқандай қорытынды шықпады. Орталық қызметкерлері үнемі сізді міндетті түрде шақыртады дегенді айтады. Ал осы курстарға жіберу үшін  қалай болғанда тамыр-таныстық керек деп айтып жатады. Бұған мен де сене бастадым. 11 шілде 2012, 19:10 1 528 просмотра
Сұрақ-жауап

Қаржы болса төселеді

– Өткен жылдың мамыр айында Можайский көшесін жөндеу барысында үйлердің бірінің жанынан су кеткен болатын, сондықтан да жолды жөндеуші «Атырауинждорстрой» жол-құрылыс компаниясы асфальтты тек «АМӨЗ» ЖШС балабақшасына дейін ғана төседі. Жолшылар өз жұмыстарын толық аяқтаған жоқ. Көшеміз қашан толық асфальтталып бітеді? 11 шілде 2012, 19:07 1 416 просмотра
Сұрақ-жауап

Тек 31 келіге дейін тегін

– Менің таныстарым пошта арқылы заттарға жиі тапсырыс беріп жатады. Жақында менің көршім құны шамамен 1 200 еуро тұратын көйлекке тапсырыс берді, оған қоса көршіме кедендік алым үшін тағы да айтарлықтай ақы төлеуге тура келді. Заттарға   қандай көлемде  тегін тапсырыс беруге болады? 11 шілде 2012, 19:06 1 634 просмотра
Сұрақ-жауап

Анықтаманы сот арқылы алуға болады

– Менің қызым декреттік демалысқа шыққанға дейін 7 ай бойы «Көктем» базарындағы жиһаз бөлімінде сатушы болып жұмыс жасады. Есеп-қисап жұмысын жасап, оны интернет бойынша жіберіп отырды. Декреттік құжаттарын дайындау барысында мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы одан жұмыс орнынан анықтама сұратқан, ал дүкен қожайыны оны беруден бас тартты, өйткені, ондай жағдайда салық органдарына қатысты проблемалар (ол еңбек шартын жасамаған және әлеуметтік жарналарды аудармаған) туындап қалмақшы. Мұндай жағдайда  біз не істей аламыз? Оның жұмыс істегенін қалай дәлелдейміз? 11 шілде 2012, 19:05 1 603 просмотра
Сұрақ-жауап

Еттің сапасы төмен емес

– «Мұнайшы» стадионы жанындағы жәрмеңкенің бірінші күнінде мұздатылған ет сатылды, оның бағасы «Дина» базарындағы жас еттің бағасымен бірдей. Түске қарай мұздатылған ет еріп, көрер көзге біртүрлі болып қалды. 11 шілде 2012, 19:02 1 911 просмотра
Сұрақ-жауап

Көлік көлемі қанша?

- Мен шетелден 2011 жылы шыққан 2,4 литрлік көлемді двигателі бар  «Тойота-Камри» көлігін әкелуді жоспарлап отырмын. Ол үшін маған қандай мөлшерде төлем және салық төлеуге тура келеді? Автокөлік үшін акциз өтеліп алына ма? Ол үшін қандай құжаттар талап етіледі? Шетелден автокөлік әкелуге шектеулер қойыла ма? 11 шілде 2012, 19:01 2 392 просмотра
Сұрақ-жауап

Алдымен айыппұл

– Менің бұрынғы келінім екінші мәрте тұрмысқа шығып, үлкен ұлын – менің немеремді тіптен қараусыз қалдырды. Немерем үйден бірнеше рет қашып кетіпті, ал көршілер оны мас күйде көргендерін айтады. Оның жасы бар болғаны 14-те. Ал менің ақыл-кеңесіме келінім елең етпейді. Бәлкім, мұндай аналар үшін жаза бар шығар? Әрине, ата-аналық құқығынан айыру емес, бірақ ықпалы тиетін жаза болар ма екен? 4 шілде 2012, 17:31 1 529 просмотра
Сұрақ-жауап

Белгілер мен ережелер

– Таяуда Сәтбаев даңғылына жаңа бөлу жолағын орнатты. ТШО қалашығының маңындағы Владимирский көшесімен қиылыстан «Тоқта» деген сигналды алып тастап, жаяу жүргінші өткелін орнатып, үш бұрыш сызып қойған. Бұл енді үш бұрыштың арнайы бөлінген оң жақ бүйірінің оң жақ жолағымен Владимирский көшесінен шыққанда жүргізушілер Сәтбаевпен жүретін көлікті өткізуге міндетті емес дегенді білдіре ме? 4 шілде 2012, 17:31 1 464 просмотра