Атырау, 17 мамыр 15:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Басқа жаңалықтар

Магниттік дауылдың әсері Басқа жаңалықтар

Магниттік дауылдың әсері

«АЖ»-ға Қазақстан Республикасының ионосфера институтының қызметкері Ирина ЦЕПАКИНА хабарлағандай, спутник күн бетінен орташа және үлкен қуаттылықтағы жарқылдар тізбегін тіркеген. Бұл Х класына жатады – мұндай құбылыс соңғы рет 2006 жылдың желтоқсан айында байқалыпты.  17 ақпан 2011, 00:00 13 514 просмотра
Бөрі жоқ деме Басқа жаңалықтар

Бөрі жоқ деме

Дүйсенбі күні сағат түнгі он екінің шамасында Ақжар ауылының тұрғындары бес қасқырды атып алды. Қаладан бар болғаны он шақырым жерде қашықтықтағы ауылда түз тағысының үйірімен жүруі бұрын-соңды болмаған жағдай. Бұрын бір-екеуін ғана көздері шалатын аңшылар жанұялары мен жанбағыс етіп отырған мал-жаны үшін шын қауіптеніп отырғандарын жасырмайды. 10 ақпан 2011, 00:00 12 608 просмотра
Қашағанда қайтадан қазақстандық жұмысшылар бас көтерді Басқа жаңалықтар

Қашағанда қайтадан қазақстандық жұмысшылар бас көтерді

Қашаған кенішінде «Кейп Индастриал Сервисез» «CAPE Industrial Services) - NCOC (North Caspian Operating Company) консорциумының мердігер компаниясы қызметкерлерінің бас көтерген наразылық акциясы үшінші күнге ұласты.  9 ақпан 2011, 00:00 3 493 просмотра
Басқа жаңалықтар

Жекелеген қару түрлеріне бақылау күшейтілді

1-ші қаңтардан бастап азаматтық және қызметтік қаруға бақылау жасау күшейтілді. Облыстық ІІД лицензиялық рұқсат беру жүйесінің бас инспекторы Талғат УСИЕВТІҢ айтуынша, бұрын арнайы дүкенде кез-келген қалаған адам ала алатын тіпті қарапайым электр шокерлерін сатып алу үшін рұқсат алу керек екен. 3 ақпан 2011, 00:00 3 441 просмотра
Газбен уланған отбасылар көбейіп барады Басқа жаңалықтар

Газбен уланған отбасылар көбейіп барады

Жылыойдағы Жаңа Қаратонда газбен улану нәтижесінде  адам өлімі орын алған сол бір қайғылы оқиғадан соң екі апта өте облыс әкімдігіндегілер өз қозғалыстарын білдірді. Осы мәселеге орай ақпанның 1 күні  «ақ үйде» тұрғын үйлердегі газ қауіпсіздігін қамтамсыз ету жөніндегі селекторлық  мәжіліс болды. 3 ақпан 2011, 00:00 8 563 просмотра
Басқа жаңалықтар

Киік мүйізін жарнамалауға тыйым салынды

Естеріңізде болса біз осыдан бірнеше апта бұрын газетімізде киік мүйіздеріне қатысты мақала жариялаған болатынбыз («Жайық самалы», №2, 13-қаңтар, 2011 жыл, «Киік мүйіздерінің саудасы неге қадағаланбайды?»). Онда киік мүйіздері саудасы жайлы жарнаманың қала көшелерінде қаптап кеткені жөнінде жазылып еді. Қазір де көшелердегі «киік мүйіздерін сатып аламын» деген хабарландыруларға қандай шара қолданылары әлі белгісіз. Бірақ бір айта кетері - жуырда жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына киік мүйіздерін жарнамалауға тыйым салынғаны. 3 ақпан 2011, 00:00 7 260 просмотра
Басқа жаңалықтар

Кеңес беру де көмек

№2 емханада ВИЧ/СПИД бойынша психологиялық-әлеуметтік кеңес беру кабинеті ашылды. Алайда, психолог-маман Назгүл ЕСМҰХАНОВАНЫҢ айтуынша, бұл жерден тек кеңес алып қана қоймайсыз, басыңызға қиын сәттер туғанда психологиялық көмектер де ала аласыз екен. 3 ақпан 2011, 00:00 3 849 просмотра
Вице-министр жол апатына ұшырады Басқа жаңалықтар

Вице-министр жол апатына ұшырады

25-ші қаңтарда 16 сағат 30 минутта қалалық Элеватор ауданында «Нефтемаш» зауытына барар жолда ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрінің орынбасары Берік КАМАЛИЕВ мінген джип аударылып, сайға түсіп кеткен. ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, зақым алған шенеунік облыстық ауруханаға жеткізілген. ІІД баспасөз релизіне сәйкес, «Тойота-Прадо» көлігінде отырған жүргізуші мен облыстық әкімдіктің екі қызметкері зардап шекпеген. 27 қаңтар 2011, 00:00 3 012 просмотра
Басқа жаңалықтар

Өз учаскеңе тіркел

Елімізде 2010 жылы енгізілген Денсаулық Сақтаудың Бірыңғай Ұлттық Жүйесі негізінде әр азаматқа кепілдендірілген тегін медициналық қызмет көлемін көрсетудің бірнеше жолдары іске қосылды. 2010 жылы әр науқас өз қалауы бойынша ауруханалық (стационарлық) ем алатын мекемені таңдап,электронды ауруханалық бюро –порталы арқылы ешқандай кезексіз, кедергісіз кепілдендірілген ауруханалық ем алуға қол жеткізілді. 27 қаңтар 2011, 00:00 3 574 просмотра
Басқа жаңалықтар

Халық санағы хақында

Егер естеріңізде болса, мойындарына көк бөкебай оранып  алған адамдар атыраулықтарды өткен жылдың ақпан айында санаққа алған болатын. Содан бері бірнеше ай бойына статистика бүкіл аймақтардан түскен мәліметтерді өңдеген еді. Таяу күндері, бір жыл өткен соң, жұртшылыққа дайын өнім ұсынылды. Жинақ «2009 жылғы ҚР халқының санағы. Қысқаша қорытындылар» деп аталады. 27 қаңтар 2011, 00:00 6 486 просмотра
Басқа жаңалықтар

МАБ сынағы сақталады

Мемлекет аралық бақылау (МАБ) сынағы алынады деген алып-қашпа әңгіме жалған болып шықты. Сейсенбі күні облыстық білім басқармасында таяу күндердің ішінде Білім және ғылым министрлігінен осыған сәйкесті бұйрық келіп түскендігін хабарлады. Биылғы жылы МАБ сынағы 24 ақпанда өткізіледі. Әзірге бұйрықта оқушылардың тапсыратын пән атауы көрсетілмеген болып шықты. Алайда, ұзынқұлақтың айтуынша, бұл  пән математика болмақ екен. 26 қаңтар 2011, 00:00 4 420 просмотра