Атырау, 19 мамыр 15:19
 бұлттыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Барлық жаңалықтар

Оқиғалар тізбегі Атырауда

Оқиғалар тізбегі

«Бекіре-2021» балық қорғау акциясы барысында патрульдік полиция қызметкерлері «Дина» базарының жанында «Лада Калина» маркалы көлікті тоқтатып, жүксалғышынан 270 келі сазан тапты, - деп хабарлайды Атырау облысы ПД баспасөз қызметі. Сонымен қатар, 10 сәуірге қараған түні қала маңындағы Амангелді ауылының тұсында «Газель» автокөлігі тоқтатылды – 51 жастағы жүргізуші 300 келі қара балық тиеп алған. Тергеу амалдары жүргізілуде. 20 сәуір 2021, 12:08 3 439 просмотра
Атырауда 97 адам ​COVID-19​ жұқтырған Атырауда

Атырауда 97 адам ​COVID-19​ жұқтырған

Атырауда 97 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған, ал бойында аурудың белгісі байқалмайтын 1111 адам үйден емделіп жатыр деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 20 сәуір 2021, 09:49 3 106 просмотра
«Көптоғай синдромы»: расында депутаттар халықтың мүддесін қорғай ма? Атырауда

«Көптоғай синдромы»: расында депутаттар халықтың мүддесін қорғай ма?

Жақында салынып, қайта алынған ҚР мен РФ арасындағы шекара қоршауы Құрманғазы ауданының Көптоғай ауылы тұрғындарының жаппай наразылығын тудырды. Ал біздің өңірден сайланған Мәжіліс депутаттары бұл мәселе бойынша не ойлайтынын «АЖ» олардың өзінен сұрап көрді. 20 сәуір 2021, 09:40 2 951 просмотра
«Компаньоннан» «Ақ Жайыққа» дейін: 90-жылдардың алғашқы жартыжылдығынд не туралы жаздық «АЖ» не туралы жазды

«Компаньоннан» «Ақ Жайыққа» дейін: 90-жылдардың алғашқы жартыжылдығынд не туралы жаздық

Біздің газет 1991 жылы наурызда жарық көрді, ол кезде «Компаньон» деп аталды. Тамыз бүлігіне дейін оның бас редакторы әрі тілшісі, газеттің негізін қалаған Әбділда МҰҚАШЕВ болатын. Бастапқыда газет жүйесіз шығарылды, мұны 91-жылдың толыққанды газет тігіндісінің жоқтығынан байқауға болады. Содан кейін Әбділда Мұқашевқа Сабыр ҚАЙЫРХАНОВ пен Михаил ПАЛИЧЕВ қосылды. 1992 жылдың қаңтарынан бастап басылым апта сайын шыға бастады, содан кейін бірде бір рет үзіліс болған жоқ. Бүгін газетіміз өткен 30 жыл ішінде не туралы жазғаны жайында шолу топтамасын бастаймыз. 20 сәуір 2021, 03:32 5 193 просмотра
Атырауда 150 келі қортпа 20 келі уылдырық берді Атырауда

Атырауда 150 келі қортпа 20 келі уылдырық берді

Естеріңізде болса, наурыз айының соңында Жайық өзенінің «Кіші Дамба» учаскесінде «Амангелді» ӨК балық аулау бригадасы Жайық-Атырау бекіре балығын өсіру зауыты қызметкерлерінің қатысуымен салмағы 150 келі болатын қортпа балығын аулады. 20 сәуір 2021, 03:04 3 633 просмотра
Ешкім жер берген жоқ - ҰҚК Көптоғайдағы жағдай туралы Атырауда

Ешкім жер берген жоқ - ҰҚК Көптоғайдағы жағдай туралы

ҚР ҰҚК Шекара қызметі директорының бірінші орынбасары Айдар Аймурзин Атырау облысының Көптоғай ауылы тұсындағы шекаралық қоршауға қатысты туындаған мәселеге түсініктеме берді. Бейнежазба 20 сәуір 2021, 02:34 3 453 просмотра
Еліміздің бас балық маманы: «Балық өсіруді күшейту браконьерлікке ең күшті соққы болады» Атырауда

Еліміздің бас балық маманы: «Балық өсіруді күшейту браконьерлікке ең күшті соққы болады»

Жақында «Бекіре-2021» акциясы қарсаңында ҚР Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Нариман ЖҮНІСОВ Атырауға келді. Балық өсіру, браконьерлік, кооперативтер, лимит және еркін сатылымдағы қара уылдырық туралы «АЖ»-ға берген сұхбатында әңгімелеп берді. Сурет Бейнежазба 19 сәуір 2021, 16:19 3 416 просмотра
Наурыз екі айдан кейін өлі табылды Атырауда

Наурыз екі айдан кейін өлі табылды

Ақпан айының басында жоғалып кеткен қала маңындағы Талғайраң ауылының 29 жастағы тұрғыны Наурыз ӘЙТЕКЕШОВ 17 сәуірде өлі күйінде табылды. Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Мейірім ЕРДАУЛЕТ хабарлады. 19 сәуір 2021, 13:37 3 017 просмотра
Көптоғай ауылы: шекарадағы дау Атырауда

Көптоғай ауылы: шекарадағы дау

Атырау облысы Құрманғазы ауданына қарасты Көптоғай ауылы Ресеймен шектесіп жатыр. Қиғаш өзенінің бойына орналасқан екі елді бөліп тұратын шекаралық белгіге байланысты бүгінде дау туып, көптоғайлықтар наразылық танытуда. Бейнежазба 18 сәуір 2021, 11:21 6 562 просмотра