Атырау, 21 желтоқсан 22:53
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Барлық дәйексөз

27 қазан 2015

ҚР Ұлттық Банк төрағасы Қайрат КЕЛІМБЕТОВ:

- Зейнетақы ақшасына қатысты шешімді Ұлттық қорды басқару кеңесі қабылдайды, оған президент, премьер-министр, қаржы министрі, қос парламенттің спикерлері кіреді. Одан бөлек, бізде зейнетақы ақшасын басқару жөніндегі кеңес бар, оған осы саланың мықты мамандары кіреді.

(«Время» газетіне берген сұхбатында айтылды)

20 қазан 2015

«Ақ Жайық» газетінің сайтын анонимді пайдаланушы:

- Мен теледидар қарап отырып, біздің шенеуніктерді көремін де, бізді сондай ақымақ адамдардың басқарып отырғанына көз жеткіземін. Бұл өте қорқынышты. Олар тек бір адамның мақтауын ғана асыра алады, ал экономикада, қоғамда болып жатқан құбылыстарды түсінетіні шамалы.

(«Назарбаев: Дағдарыс дендеп келе жатыр» ақпаратының астына қалдырылған комментарийде айтылды)

13 қазан 2015

ҚР президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

– Украiнську мову я розумiю, бірақ аздап ұмыттым.

(П.Порошенкомен болған баспасөз конференциясында айтылған)

6 қазан 2015

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат ПЕРУАШЕВ:

- Депутаттардың жалақысы аз деп ойламаймын. Жеке өзім айына екі рет шамамен 230 мың теңгеден аламын, шамасы, аванспен төленетін болуы керек.

(«Караван» газетіне берген сұхбатында айтылды)

29 қыркүйек 2015

ҚР президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

- Біріккен Ұлттар Ұйымының жүз жылдығына Жаһандық Стратегиялық Бастама - 2045 жоспарын әзірлеуді ұсынамын. Оның мәні - барлық ұлттардың әлемдік инфрақұрылымға, ресурстарға және нарықтарға қол жеткізуінің әділ шарттары негізінде әлемдік дамудың жаңа трендін қалыптастыру, сондай-ақ адамзаттың дамуы үшін жалпыға ортақ жауапкершілікті орнықтыру.

(БҰҰ-ның 70-ші мерейтойлық сессиясында айтылды)

23 қыркүйек 2015

ҚР Қорғаныс министрі Иманғали ТАСМАҒАМБЕТОВ:

– Бұл бізде (КСРО құлаған кезде Қазақстанда) 146 ядролық шахталарда орнатылған 1 100 ядролық зарядтар (110 баллистикалық зымырандарға 10-нан) болғанын білдіреді. Бұл қорқынышты қару болатын.

(«Данышпандар кеңесінің» шетелдік қатысушыларымен болған кездесуде айтылды)

15 қыркүйек 2015

ҚР Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

– Сондықтан да бүгін және мәңгілік біздің Қазақстанымыз – «Ұлы Дала елі». Бұл қайта түлеген Ұлы Дала елі. Сүйікті отанымыздың ұлттық атауы міне осындай.

(Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиында айтылды)

8 қыркүйек 2015

ҚР Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

- Ең бастысы дастарханымызда ас бар. Тіпті ішетін сусынымыз да бар. Киеріміз де, баспанамыз да бар, сол үйлерді жылытатын отынымыз да бар... Ал қалғандарынан, мәселен батыстың киімінен бас тартып та өмір сүруге болады. Рас па? Фуа-грасыз, банансыз, бізге зиян заттарсыз. Ең үздік дейтін, Ленд Крузерсіз де өмір сүруге болады.

(Аграршылармен және үш облыстың әкімдерімен өткізілген кеңейтілген отырыс барысында айтылды)

1 қыркүйек 2015

ҚР білім және ғылым министрі Асылан СӘРІНЖІПОВ:

- Осы жұмыс орындалмаған жердегі облыс әкімдеріне біз жазалау жөнінде ұсыныс беретін боламыз. Бұл басқармаларға, аудандарға, мектепке де қатысты... Бұл облыс әкімінің жауапкершілік аймағы болғандықтан, сол жерде кімге қандай жаза қолданатынын әкім өзі шешеді.

(Өңірлермен өткізген селекторлық жиналыста кітаптар туралы айтылды)

25 тамыз 2015

Атырау облысының әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ:

- Мақтанған сияқты болсам да, мен өзім әкім болып сайланған 2012 жылдан бері азық-түліктік қауіпсіздік мәселесін көтердім. Біз аграрлық өнеркәсіпке 22 млрд теңге жойдық. Енді міне осының жемісін жейтін уақыт келді.

(Облыстық әкімдікте бағаны ұстау жөнінде өткен жиналыста айтылды)

18 тамыз 2015

Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысы Мұрат ЕРМЕКҚАЛИЕВ:

- Атымызға сын келтірмей менің қызметкерлерімді алып, бірге барып қарауына болар еді ғой.

(Timeskz.kz сайтында «АЖ»-да жарияланған «Бұл кімдердің ау құралы?» мақаласына қатысты айтылған)

11 тамыз 2015

Атырау облысының әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ:

- Мен өз әріптестеріме үнемі: «Егер сіздердің сыбайлас жемқорлық әрекет жасағандарыңызды байқасам, өз қолыммен тапсырамын» деп айтып отырамын.

(«Ақ Жайық» газетіне берген сұхбатында айтылды)

4 тамыз 2015

ҚР президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

- Нарықтық ахуалдың, ел бюджеті жағдайының нашарлауына, сондай-ақ, біздің негізгі экспорт тауарлары бағаларының төмендеуіне байланысты қаржыны жаппай үнемдеу қажет.

(Ақордада өткен кеңесте айтылды)

29 шілде 2015

Алматы қаласындағы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қайрат ҚҰДАЙБЕРГЕН:

- Біздің өндірушілерге, тағы да айтамын, өзінің бәсекеге қабілеттілігін сақтау үшін өте көп еңбек ету қажет болады. Мен тіпті мұндай нәрселерге комментарий беруден қорқамын, өйткені оның қалай болатынын болашақта ғана көреміз.

(ҚР-ның ДСҰ-ға кіруіне қатысты айтылған)

21 шілде 2015

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Асылбек ЖӘКИЕВ:

- Мұнай бағасы мен Ресей рублі курсының құлдырауына байланысты қазір отандық бизнес үшін жақсы уақыт емес. Сондықтан да коммуналдық қызметтер тарифін, атап айтқанда, су бағасын өсіру кәсіпкерлеріміз үшін қосымша жүктеме болғалы отыр. Бұл мұнымен шектелмей, бизнес қызметтері бағасының қымбаттауына әкеліп соғады

(Облыстық мәслихатта өткен «Нұр Отан» депутаттық фракциясының отырысында айтылған)

14 шілде 2015

ҚР президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

- Сонымен қатар, нысандардың құрылысына шамадан тыс баға қойылып отыр, өз кезегінде бұл қаражат жымқыруға алып келді. Біздің елдің экспорттық тауарларының арзандауының негізінде бюджет қажетті қаражатты жеткілікті түрде алып отырған жоқ. Осыған байланысты ЭКСПО көрмесіне де, Универсиадаға да қатаң экономиканы қолдануға тура келеді.

(Халықаралық көрмеге дайындық барысы жөніндегі кеңесте айтылған)

7 шілде 2015

Президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

- Ли Куан Ю (Сингапурдың негізін қалаушы) өзінің досын отырғызғанын айтқан еді. Ал неге менің үш немеремнің әкесін отырғызғанымды естен шығарады? Олар менің алдыма көздері жасқа тола өз аналарымен бірге келмеді деп ойлайсыздар ма? Келді. Мені уайымдамады деп ойлайсыздар ма? Әрине, уайымдадым.

(«Назарбаевпен басты мәселелер хақында» деректі фильмінде айтылған)

30 маусым 2015

Италия Республикасының премьер-министрі Маттео РЕНЦИ:

- Енді біздің Қазақстанмен қарым-қатынасымыз бұдан да тығыз бола түсті.

(Миланда өткен EXPO-2015 кезінде Н.Назарбаевпен бірге лифтіде тұрып қалуына орай айтылған әзілі).

23 маусым 2015

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан БӘЙБЕК:

- Егер адамға тәнін емдеу қажет болса, ол дәрігерлерге барады, егер жанын емдеу керек болса, ол «Нұр Отан» партиясына келеді.

(17 маусым күні Медицина қызметкерлері күнінің қарсаңында айтылған)

16 маусым 2015

Орталық Азия Психоанализ институтының директоры, танымал психоаналитик Анна ҚҰДИЯРОВА:

– Суицид теледидарлар, газеттер, журналдар болмаған кезде де болған. Өмірде, отбасында бақытты адам қандай мақала немесе фильм көрсе де, өзіне ешқашан қол жұмсамайды. Жасөспірімдер арасындағы суицидтің себебі – отбасында тыныштықтың және ата-ана мен баланың арасында түсіністіктің жоқтығынан. Ата-ананың жылуын сезінбеген бала «бұл өмірде мені түсінетін жан жоқ, мені ешкім жақсы көрмейді, бұлай өмір сүргенше өлгенім дұрыс» деген ойға келеді.

(«АЖ»-ға берген сұхбатында айтылған)

9 маусым 2015

Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті Сума ЧАКРАБАРТИ:

- Мен Сіздің атаңыздың ауылда диірмені болғанын білемін. Сіз өзіңіз де аграрлы кешеннің не нәрсе екенін жақсы білесіз. Маған Қазақстанның ұнайтын себептерінің бірі – қонақжайлылығы мен өте дәмді тағамы... Біз Қазақстанның ауыл шаруашылығына қатысу үлесін көбейтетін боламыз.

(Н.Назарбаевқа Шетел инвесторларының кеңесінде айтылған)

2 маусым 2015

Атырау облысының әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ:

- 2010 жылы осы меншік иелері Жайық жағалауына қоршау салып, резиденцияны жұрттың бәрі кіре алатын орынжайға айналдырған. Мен бұл адамдармен жеке сөйлестім және олар нысанды мемлекет меншігіне тегін қайтарды... Алғашқы уақытта біз қалалықтар үшін жағалауды ашқанбыз, алайда резиденцияның маңына үнемі қоқыс тастап, спирттік ішімдіктер ішіп, шулады. Бізге бұл идеямыздан бас тартуға тура келді. Осы жерге тәулік бойы полиция бекетін ұстап тұра алмаймын ғой!

(Әлеуметтік желілердегі «Қолжетімді жағалау» науқанына қатысты «АЖ»-ға берген сұхбатында айтылған)

25 мамыр 2015

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек КӨШЕРБАЕВ:

- Мектеп оқушы есінде ақша жинау орны емес, болашаққа жолдама беретін білім ордасы ретінде сақталуы қажет. Соңғы қоңырау бәсекеге толы сән жәрмеңкесі мен қауіп қатерге толы автокөлік жарыстарына, беймезгіл уақыттағы құқықбұзушылық ошағына айналмауы керек. Әрбір оқушы ата-анасының байлығымен, лауазымымен емес, өзінің білімімен, талабымен, болашаққа талпынысымен мақтанатын болсын.

(Әкімдік отырысында айтылған)

19 мамыр 2015

Мәжіліс Парламентінің депутаты Азат ПЕРУАШЕВ:

- Біз жоғары лауазымды мемлекеттік шенеуніктердің офшорлық есепшоттарына қатысты банкілік құпия қағидасы қолданылмауы тиіс деп есептейміз, өйткені оларға қомақты бюджет қаржысын жұмсау сеніп тапсырылған.

(Парламенттің пленарлық отырысында айтылған)

12 мамыр 2015

ҚР Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

- Барлық елдер секілді Қазақстан да Ұлы Жеңіске зор үлес қосты. Сол кезеңдегі халқымыздың 20 пайызға жуығы, яғни, бір жарым миллион адам майданға аттанды, соның жартысы ғана оралды. 500 адам Кеңес Одағының батыры атағына ие болды.

(Мәскеуде өткен ТМД мемлекет басшыларының кездесуінде айтылды)

5 мамыр 2015

Атырау облысының әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ:

- Бір мысал келтірейін. 2003 жылы энергетика және минералды ресурстар министрінің орынбасары болып тұрған кезде мен еліміздің оңтүстік өңірлерін батыс Қазақстанның газымен қамтамасыз ететін «Бейнеу-Базой-Шалқар-Самсоновка» газ құбырын салу жобасын ұсындым. Қазір газ құбыры салынуда. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарының тұрғындары кешікпей өздерінің қазақстандық газімен қамтылатын болады.

(Облыстық мәслихаттың сессиясында өзінің өңірдегі жобаларына қатысты айтқаны)

28 сәуір 2015

ҚР ұлттық экономика министрінің орынбасары Тимур ЖАҚСЫЛЫҚОВ:

- Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бірыңғай және ұлтүстілік (наднациональный) валютаны енгізу мүмкіндігін жоққа шығару бойынша айқын да жүйелі ұстанымға ие. Бұл тақырыпты біз талқыламаймыз.

(Астанада өткен брифингте айтылған)

22 сәуір 2015

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұхтар ТІНІКЕЕВ:

- Бұл ақшалар қайда кетті? Әрбір банкте өз сақтандыру компаниялары болды, міне сол ақшаларды олар осы сақтандыру істеріне пайдаланған. Несиелер төлеген, сол ақшалардан шапкалар алған, Енді келіп «Білмейміз» дейміз. Ендеше сол банкирдерді отырғызыңдар.

(Қазақстандықтардың 90 миллиард теңге зейнетақы жинақтарының жоғалып кетуіне қатысты айтылған)

14 сәуір 2015

Ресейдегі энергетикалық саясат Институтының директоры Владимир МИЛОВ:

- Бізде бұл идеяны Ресейде алюминий магнаты Олег Дерипаска секілді олигархтар баяғыдан көтеріп жүр. Ол әлдеқашан қаржы саясатын жеңілдетуге және бизнеске жаппай арзан ақшаны таратуға қол жеткізу мақсатымен ресейлік Центробанкке бұқаралық қысым көрсетудің насихатшысына айналған... Шикізаттық экономиканың күрделі жағдайда құлдыруы кезінде ірі бизнеске арзан ақшаны тарату сіздерді 90-шы жылдардың басындағы Ресейге алып келеді. Бұл туралы ұмытпаңыздар.

(LS қазақстандық журналда Тимур Құлыбаевтың ҚР Ұлттық банкке қатысты шағымына байланысты айтылған)

8 сәуір 2015

Қырғызстан Республикасының президенті Алмазбек АТАМБАЕВ:

- Бәлкім, (...) бес жыл бойына 2010 жылдың 7 сәуірінде орын алған оқиғаны ұялмай қаралап келгендерді және қашқын президенттің (Құрманбек Бәкиевтің) отбасына әлі күнге дейін қызмет етіп жүргендерді люстрациялап, елден қуу керек пе еді.

(Бірнеше мыңдаған оппозиция жақтаушылары Бішкектегі Үкімет үйін басып алған 2010 жылғы оқиғаны еске алуға қатысты өткен жиында айтылды)

31 наурыз 2015

Облыстық жұмыс берушілер мен кәсіпкерлер одағының жетекшісі Әлия БЕКҚОЖИЕВА

– Жерді бизнес үшін кез келген адам ала бермейді. Әкімдікпен байланысы барлар бірнеше телімнен алып, оларды оңды-солды сатқан болып тұр ғой. Біз мұның қалай жасалатынын жақсы білеміз.

(ҰКП Атырау филиалының отырысында айтылған)

26 наурыз 2015

ҚР вице-премьері Бердібек САПАРБАЕВ:

- Қазақстандық немесе шетелдік кәсіпорындар болсын, бәрі де Қазақстан заңын сақтауы тиіс. Басқаларға сабақ болу үшін оларға қатал болуымыз керек!

(Атырауға сапарында «Ерсай Каспиан Контрактор» компаниясының персоналдарға ағылшын тілінде тестілеу жүргізуді мәлімдегеніне қатысты айтылған)

17 наурыз 2015

ҚР президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

- Өздеріңіз ешнәрсені жасырып қалуға болмайтынын көріп отырсыздар. Демек барлығын да анықтауға болады.

(«Нұр Отан» партиясының XVI съезінде мүлікті заңдастыруға қатысты айтылған)

10 наурыз 2015

ҚР президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

- Әдемі мемлекет– Сингапурдың негізін қалаған басшы кетіп қалғанда, мен: “Сіз неге кетіп қалдыңыз? ”, деп сұрадым. “Енді мен 31 жыл басқардым ғой. Әрі өзімді теледидардан көргенде, өзіме өзім ұнамайтынмын”,  - деді ол. Мен оған: “Теледидар бұрмалап көрсететін болар”, дедім. Менің де жоспарларым сондай. Бірақ қазір халықты бірлестіруге деген зор ұмтылыс, ықылас бар. Бүгін Сіздермен әрі қарай мен не істеуім керек деп ақылдасуыма мүмкіндік болып отыр.

(6 наурызда Қазақстан әйелдер қауымы өкілдерімен «Көктем шуағы» атты кездесуде айтылған)

3 наурыз 2015

ҚР парламенті сенатының депутаты Жабал ЕРҒАЛИЕВ:

- Өз балаларына екпе салдырудан бас тартқан ата-аналарды, меніңше...  жазалау мәселесін тереңірек қарастыру керек...

(Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында айтылған)

1...141516...18