Атырау, 19 наурыз 18:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 449.30
€ 489.69
₽ 4.89

Барлық сауалнамалар

8 наурыз қарсаңында мәжіліс депутаты Ерлан Саиров көп балалы аналарға тіс емдетуге ақша бөлуді ұсынды. Оның айтуынша, бала көтерген әйелге кальций жетіспейді, ал ол тіске әсер етеді. Қалай ойлайсыз, көп бала болсын, аз болсын - әйелдің бәрі тісін тегін емдетуге лайық па?

Тек көп балалы аналар
 
131
19%
Барлық ана
 
335
49%
Барлық әйел
 
214
31%
7 наурыз Сауалнамаға 680 адам қатысты

Соңғы кездегі АМӨЗ төңірегіндегі атышулы оқиғалар қоғамды бірнеше топқа бөлді: бірі соңғы директорды жақтаса, екінші топ оның алдыңғысын мақтады, тағы бірі олардан бұрын басқарған басшылар зауытты көркейтті деп есептейді. Мәселенің анық-қанығы шешіле жатар, сіздің ойыңызша соңғы 20 жыл ішінде басқарған басшылардың қайсысы мықты?

Байтазиев Талғат Алтыбайұлы (2004-2012 жж.)
 
197
19%
Қайрденов Арман Кұрметұлы (2012-2013 жж., 2021-2022 жж.)
 
30
2%
Оразбаев Қайрат Құлымұлы (2013-2016 жж.)
 
97
9%
Амантурлин Ғалымжан Жыршыбекұлы (1999-2002 жж., 2016-2019 жж.)
 
45
4%
Данбай Шухрат Абдурашитович (2019-2021 жж.)
 
38
3%
Досмұратов Мұрат Әбиұлы (2022-2024 жж.)
 
22
2%
Жусанбаев Ғалымжан Омарұлы (2024 ж. қаңтар-ақпан)
 
69
6%
Тізімдегінің ешқайсысы
 
510
50%
2 наурыз Сауалнамаға 1008 адам қатысты

Атырау облыстық әкімдігі ғимаратының жанындағы саябақ орнына заманауи конгресс-холл тұрғызу жоспарланған. Қалаға бұл нысан керек деп ойлайсыз ба?

Керек
 
99
10%
Керек емес
 
859
89%
21 ақпан Сауалнамаға 958 адам қатысты

Қазақстанда жаңа үкіметті жасақтау процесі аяқталды – премьер-министр мен үкіметтің төрт мүшесі ауысты. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, үкіметтің отставкаға кетуіне «елдің әлеуметтік-экономикалық өмірінде терең өзгерістер жасау» қажеттігі негіз болды. Мемлекет басшысы әлеуметтік-экономикалық саясатқа тың серпін беру керектігін атап айтты. Бұл серпін жаңа үкімет құрамымен келеді деп сенесіз бе?

Иә
 
84
15%
Жоқ
 
438
80%
Маған бәрібір
 
22
4%
14 ақпан Сауалнамаға 544 адам қатысты

Жаңа тағайындалған ҚР денсаулық министрі Ақмарал Әлназарова міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты мәселелерді жыл ішінде шешетінін мәлімдеді. Қалай ойлайсыз, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен медициналық көмектен мүлдем бас тартқан жөн бе?

Иә
 
243
72%
Жоқ
 
91
27%
8 ақпан Сауалнамаға 334 адам қатысты

Қарағандыдағы салалық Senim кәсіподақ ұйымы медицина қызметкерлеріне қосымша қауіпсіздік кепілдігі мен құқықтық қолдау көрсету үшін олардың мәртебесін тәртіп сақшыларымен теңестіру қажет деп санайды. Сіз бұл жаңашылдықпен келісесіз бе?

Иә
 
264
67%
Жоқ
 
125
32%
1 ақпан Сауалнамаға 389 адам қатысты

Қазақстанда вейпті жеткізуге, өндіруге, сатуға және таратуға тыйым салу туралы заң қабылданды. Бірінші кезекте тағы қандай тыйым салған жөн деп ойлайсыз?

- алкоголь
 
65
7%
- темекі өнімдері
 
29
3%
- энергетикалық сусындар
 
129
14%
- букмекерлік кеңсе
 
342
38%
- жоғарыда аталғандардың бәріне
 
287
32%
- тыйым салатын нәрсе бұл тізімде жоқ
 
35
3%
24 қаңтар Сауалнамаға 887 адам қатысты

«Қазақстан халқына» қорының басшысы Болат Жәмішевтің айтуынша, Қазақстанда мыңдаған қазақстандықтың ағзасын трансплантациялау үшін кезекте тұруына байланысты донорлық туралы заңды өзгерту қажет. Олардың көбі шетелден, дәлірек айтқанда, қайтыс болған адамның туыстарының рұқсатын талап етпейтін елдерден келетін ғана ағзаларға үміт арта алады. Қазіргі уақытта елімізде төрт мыңға жуық адам ағзасын ауыстыруды күтіп отыр, оның 90-ы бала. Ал сіз өлгеннен кейін ағзаңызды беруге келісесіз бе?

Иә
 
219
36%
Жоқ
 
258
43%
Білмеймін
 
115
19%
17 қаңтар Сауалнамаға 592 адам қатысты

Соңғы екі аптада елімізде біраз адамның өмірін қиған бірнеше өрт және жарылыс оқиғалары орын алды. Оған кім кінәлі деп ойлайсыз?

Адами фактор
 
115
32%
Қызмет көрсету мекемелері
 
54
15%
Тозығы жеткен инфрақұрылым
 
182
51%
10 қаңтар Сауалнамаға 351 адам қатысты

Қазақстан Республикасының Парламенті салық заңнамасына мобильді аударымдарды пайдалануға қатысты түзетулер қабылдады. Сол бойда әлеуметтік желіде салықтан жалтарып, қолма-қол ақша талап ететін Атыраудағы дүкен сатушыларына қатысты тұрғындардың шағымы пайда болды. Сіз қайтадан қолма-қол ақшаға көшіп, бұрынғыдай әмиян алып жүруге дайынсыз ба?

Иә
 
319
41%
Жоқ
 
447
58%
3 қаңтар Сауалнамаға 766 адам қатысты

Атырау облысы аумағында 25 желтоқсаннан басталған «Пиротехника» жедел алдын-алу іс шарасы 3 қаңтарға дейін өтеді. Тәртіп сақшылары қоғамдық орын, балкон және терезелерден отшашу ұйымдастырғаны үшін жауапкершілікке тартылатыны туралы тұрғындарды ескертті. Жаңа жыл қарсаңындағы жаңа тәртіп сіздің мерекелік көңіл-күйіңізді түсіріп жібермеді ме?

Иә
 
101
24%
Жоқ
 
307
75%
27 желтоқсан 2023 Сауалнамаға 408 адам қатысты

Биыл жаңа жылдық безендіру жұмыстары мен жеті шырша орнатуға бюджеттен салық төлеушілердің 19 миллион 180 мың теңгесі бөлінді. Дәстүр бойынша жыл сайын осы мезгілде тұрғындардың ойы екі түрлі сипат алады: бірі мерекелік көңіл күй сыйлайтындай қала әдемі болып жарқырап тұрса десе, екінші бөлігі жаңажылдық безендіруге бөлінген қаржы мөлшері көңілді түсіреді дейді. Ал сіз қалай ойлайсыз?

Мен Атырау жаңа жылда әдемі жарқырап тұрғанын қалаймын
 
352
48%
Қаржыны осылай мақсатсыз жұмсауға қарсымын
 
314
43%
Маған бәрібір
 
61
8%
20 желтоқсан 2023 Сауалнамаға 727 адам қатысты

Желтоқсан айының басында Нұрсұлтан Назарбаевтың "Менің өмірім. Бодандықтан - бостандыққа" атты кітабы жарық көрді. Жаңа кітапқа қызығушылық таныту үшін автордың ғұмырнамасында жазылған екінші отбасы және 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаға қатысты пікірі туралы жазбаларынан үзінді берілді. Ал сол кітап сіздің қызығушылығыңызды оятты ма?

Иә
 
86
11%
Жоқ
 
694
88%
13 желтоқсан 2023 Сауалнамаға 780 адам қатысты

Танымал болған «Слово пацана. Кровь на асфальте» сериалы қараған адамды да, қарамаған адамды бей-жай қалдырмады. Қоғам екіге бөлінді: бірі сол кезді аңсаған болса, екіншісі сынады. Тіпті сол кездегі ҚазКСР-ндегі өмірге ұқсас Қазанның 80 жылдардағы тарихын Қазақстанда көрсетуге тыйым салу керек емес пе деп қазақстандық саясаткерлер Саясат Нұрбек пен Ғани Бейсембаев та ойланып қалды. Ал сіздің ойыңыз қандай?

Тыйым салу керек, бұл бұзақылық пен қарақшылықты насихаттау
 
244
40%
Көрсете берсін. Бұл еш боямасыз біздің жастық шағымыздың тарихы
 
309
50%
Білмеймін
 
56
9%
6 желтоқсан 2023 Сауалнамаға 609 адам қатысты

Алты жыл бойы заңсыз жалақы алып, жұмыс уақытында шетелде демалып жүрген Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті деканының атышулы сыбайлас жемқорлық ісі Қазақстанның білім беру жүйесіндегі проблеманың ауқымын тағы бір көрсетті. Өзіңіз немесе балаларыңыз әлі де елімізде жоғары білім алуды жоспарлап жүрсіз бе?

- Иә
 
150
28%
- Жоқ
 
262
50%
- Білмеймін
 
108
20%
29 қараша 2023 Сауалнамаға 520 адам қатысты

Мәжілісте Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат ШАРЛАПАЕВ жеңілдетілген ипотека мүгедек балалары бар отбасылар мен жетім балаларға ғана қолжетімді болуы керек, бұл тізімге Қазақстан жастарын қоспау қажет деген пікір білдірді. Оның айтуынша, дені сау, жұмыс жасай алатын жастар пәтер алу үшін ақшаны өздері жинауы керек. Ал сіз үйіңізді алуға қалай ақша таптыңыз?

– Ешқандай, ата-анамызбен бірге тұрамыз
 
121
21%
- Баспанамызды ипотекаға алдық
 
157
27%
– Үй жалдап тұрамыз
 
43
7%
- Мұраға қалған
 
64
11%
- Ақша жинап, сатып алдық
 
191
33%
22 қараша 2023 Сауалнамаға 576 адам қатысты

Ұлттық экономиканың бұрынғы министрінің жары Салтанат Нукенованың өліміне қатысты қылмыс қоғамда айтарлықтай резонанс тудырды: халқымыз азаматың негізгі құқығы, атап айтқанда, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау мәселесіне көңіл бөлмейтін заңды ізгілендіруге қарсы шықты. Қалай ойлайсыз, отбасындағы шатаққұмар, адам өлтіріп, зорлаған қылмыскерге жазаны күшейту керек пе?

Иә
 
536
92%
Жоқ
 
44
7%
15 қараша 2023 Сауалнамаға 580 адам қатысты

Жақында Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясында өткен жиында теңізден ауланатын сазан, көксерке, жайын және ақсыла балықтарын аулауға үш жылға мораторий енгізу ұсынылды. Бұған дейін бір жылға жайын мен шортанды аулауға тыйым салынған еді. Осы балық түрлерінің популяциясы қалпына келуі үшін бірнеше жылға ас мәзіріңіздегі балықтан бас тартуға дайынсыз ба?

Иә
 
414
75%
Жоқ
 
134
24%
8 қараша 2023 Сауалнамаға 548 адам қатысты

Осы жылдың тамыз айында өңірімізде қызылша ауруының 45 жағдайы тіркелсе, қыркүйекте бұл көрсеткіш 201-ге дейін өсті – бұл өткен жылмен салыстырғанда бірнеше есеге көп. Облыс әкімінің орынбасары Жасұлан БИСЕМБИЕВТІҢ пікірінше, жұртшылық екпеден бас тартып, бұл аурудың қаншалықты қауіпті екенін әлі түсінбей отыр. Ал сіз екпе салдыруға қалай қарайсыз?

Қолдаймын
 
306
74%
Қарсымын
 
106
25%
1 қараша 2023 Сауалнамаға 412 адам қатысты

Әлеуметтік желіде Ақтөбе, Атырау, Батыс-Қазақстан, Қызылоррда және Маңғыстау облыстары 2023 жылдың 30 қарашасынан 1 желтоқсанына қараған түні (00:00-де) астана уақытына, яғни бір сағат алға көшеді деген ақпарат тарап жатыр. Қалай ойлайсыз, ауысқан дұрыс па?

Иә
 
181
17%
Жоқ
 
712
69%
Маған бәрібір
 
128
12%
24 қазан 2023 Сауалнамаға 1021 адам қатысты

Осы апта әкімдіктің абаттандырудан бастап жылу беру маусымына дайындығына дейінгі әртүрлі әлеуметтік саладағы жұмысының шалалығымен ерекшеленді. Жергілікті блогер қала әкімі мен жауапты шенеуніктердің жұмыстан кетуін талап етті. Қала басшысы мен оның командасы қызметін босатқанда мәселе шешіледі деп ойлайсыз ба?

- Жоқ
 
267
66%
- Иә
 
136
33%
18 қазан 2023 Сауалнамаға 403 адам қатысты

Атырау облысының әкімдігі өңір халқынан 2023 жылдың 3-тоқсанында түскен арыздарға талдау жасалған файлды жариялады. Көбіне азаматтарды төменде көрсетілген үш салаға қатысты мәселелер мазалайды екен. Ал сізді не толғандырады?

Жер мен жерді пайдалану
 
68
17%
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
 
195
50%
Білім беру саласы
 
115
29%
11 қазан 2023 Сауалнамаға 387 адам қатысты

Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай Қазақстанда Ресей телеканалдарының көрсетілімін шектеуді ұсынды. Оның айтуынша, Қазақстанның көптеген азаматын Ресейдің үгіт-насихаты жалықтырды, еліміздегі өскелең ұрпақ ресейлік телеканалдардың таратқан ақпаратына тез бейімделгіш келеді. Сіз қалай ойлайсыз?

Иә, шектеу қажет
 
493
68%
Жоқ, болмайды
 
223
31%
4 қазан 2023 Сауалнамаға 716 адам қатысты

Батыс Қазақстан облысында киікті өнеркәсіптік жолмен жоюға дайындық жүріп жатыр. Етін өңдеп, консерві және ретінде дайындап базарға сатылымға шығарады. Қызыл кітапқа енген жануарға қатысты осындай шешім қабылдаудың себебі - бұл жануарлар Ақмола, Батыс Қазақстан және Қостанай облысының шаруа қожалықтарына 12 миллиард теңге шығын келтірген. Жануарлар санын реттеуге қатысты осы әдісті қолдану туралы сіздің көзқарасыңыз қандай?

Мен қолдаймын
 
302
45%
Қарсымын
 
357
54%
27 қыркүйек 2023 Сауалнамаға 659 адам қатысты

Атыраудағы ауқымды концерттерден кейін алаңда қоқыстар үйіліп, гүлдер сынып, көгалдар тапталып қалады. Әлеуметтік желіде «мәселе бізде ме, әлде адамдардың көп шоғырлану салдарын жоюға тиіс қызметтерде ме?» деген қызу пікірталас туып жатыр.

Мәселе бізде
 
477
91%
Мәселе оларда
 
45
8%
20 қыркүйек 2023 Сауалнамаға 522 адам қатысты

Атырау тұрғындары қандай бір мәселе туындап жатса жергілікті блогерлердің көмегіне жиі жүгінеді. Себебі аккаунты белсенді және қоғамдық пікір қалыптастыруға мүмкіндігі бар оқырманы көп болғасын мәселені шешуге атсалысады деп үміттенеді. Ал сізде сондай жағдай болып, мәселені шешу қиын болғанда кімнің көмегіне жүгінер едіңіз?

Құқыққорғау органдары
 
105
27%
Ресми бұқаралық ақпарат құралдары
 
80
20%
Блогер
 
125
32%
Басқа
 
71
18%
13 қыркүйек 2023 Сауалнамаға 381 адам қатысты

Өзбекстанда заңнамада қоғамдық орындарда адамның бетін жасыратын немесе адамды тануды қиындататын киім киюге тыйым салатын түзетулер қабылданды. Мұндай түзетулер Қазақстанда да қабылдануы мүмкін деп ойлайсыз ба?

Жоқ
 
129
16%
Иә
 
654
83%
6 қыркүйек 2023 Сауалнамаға 783 адам қатысты

Жақында Тәжікстанның мәдени күндері аясында Астана қаласында өткен ауылшаруашылығы өнімдерінің көрмесін бүкіл ел қызу талқылап жатыр. Бір кезде адамдар жеміс-жидектен жасалған кілемді бұзып, піскен жемістерді қалтаға салып алып жатты. Кейін сол әрекеттерді дөрекілік деп айыптады. Ал Астана қаласының әкімдігі тәжіктердің өзі тегін үлестірді деп хабарлады. Осыған орай сіздің ойыңыз қандай?

Бұл дұрыс емес: айуандық және мәдениетсіздік
 
251
52%
Бұл сәулет ескерткіші емес, тағамдар ғой. Тек үлестіру мәселесін ретімен ұйымдастырып қойғанда, ондай болмас еді
 
226
47%
30 тамыз 2023 Сауалнамаға 477 адам қатысты

Атырауда әдеттегідей оқу жылы басталар алдында балалардың мектепке не киіп баратыны туралы әңгімелер басталады. Атырау облыстық білім беру басқармасы басшысының мектепте орамал тағу мәселесін ата-аналар комитеті шешеді деп, кейін оны түзетіп, мектеп формасы білім берудің зайырлы сипатына сай болуы керек деген ескертпесі бұл тақырыпты өрбіте түсті. Сіз қалай ойлайсыз?

Бәрі үсті ақ, асты қара түсті киім кию керек
 
341
72%
Дресс-код маңызды емес
 
127
27%
23 тамыз 2023 Сауалнамаға 468 адам қатысты

14 тамызда тұрғындардың мемлекет қызметкерлерімен ресми кездесуі барысында қала тұрғыны Серік Қожаниязов пен Балықшы округінен сайланған депутат Арман Хайруллин өзара сөзге келіп қалды. Соңғысы қарсыласы орыс тілінде сөйлей бастағанда, ойындағысын қазақ тілінде жеткізуді өтінді. Нәтижесінде ұрыс шығып, ол жағдай әлеуметтік желіге жарияланып, қоғамның назарын аударды. Депутаттың талабы дұрыс деп ойлайсыз ба?

Иә, әр қазақстандық мемлекеттік тілді біліп, сол тілде сөйлеуі тиіс
 
305
27%
Жоқ, адам өзіне ыңғайлы тілде сөйлеуге құқы бар
 
430
39%
Бұл жерде депутат өз міндетін атқармады, тілдің бұған қатысы жоқ
 
339
31%
Білмеймін, қиын сұрақ
 
17
1%
16 тамыз 2023 Сауалнамаға 1091 адам қатысты

Соңғы кездері үлескерлік қатысу мәселесіне байланысты даулар туындап жүр: салымшылар не пәтерді ала алмайды, не ақшасын қайтара алмайды. Сіздің қаржылық мүмкіндігіңіз болған жағдайда тұрғын үй кешені құрылысына үлескер болып қатысар ма едіңіз?

Жоқ, мұндай тәуекелге бара алмаймын
 
247
53%
Иә. Тек сол "қаржылық мүмкіндік" қайда екен?
 
58
12%
Иә, бірақ алдымен барлық құжаттарды заңгердің көмегімен әбден тексеріп шығар едім
 
155
33%
9 тамыз 2023 Сауалнамаға 460 адам қатысты

Қазір Атырауда кінәсін мойындау жауабын алу үшін күдіктіні азаптады деп айыпталған бес полицейдің үстінен көтерілген іс қаралып жатыр. Азаптау ісі бойынша соттар ара-тұра Атырауда да, жалпы Қазақстанда да болып тұрады. Бұл түбегейлі жойылмайтын құқық қорғау органдарына сіңген дерт пе, әлде зұлым жүйе өзгереді деген үміт бар ма?

Жоқ, жүйе осындай, өкінішке орай, ол өзгермейді.
 
94
22%
Осы салада маңызды реформа, оның ішінде кадрлық «тазарту» болады деп үміттенеміз.
 
323
77%
2 тамыз 2023 Сауалнамаға 417 адам қатысты

Әлеуметтік желі қолданушылары дроннан түсірілген видеоны «керемет көрініс» деп атады. Онда сазан шоғыры біресе су бетіне шоршып, біресе тереңдікке сүңгіп, Каспий теңізіне қарай жөңкілуде. Каспийдегі балық қоры кем дегенде 20 жыл бұрынғы деңгейдегідей қалпына келтіріледі дегенге сенесіз бе?

Жоқ, балық қоры жойылған
 
233
43%
Иә
 
70
13%
Әрине сенгім келеді, бірақ олай болуы екіталай
 
228
42%
26 шілде 2023 Сауалнамаға 531 адам қатысты

1 қыркүйекте Атырауда білім беру әдісі "отандық модель және озық халықаралық жүйе негізінде" ұйымдастырылатын екі BINOM мектебі ашылады. Сіз қалай ойлайсыз, олар оқушыларды жоғары сапалы біліммен қамтамасыз ете ала ма?

Иә
 
86
11%
Жоқ
 
286
38%
Уақыт көрсетеді
 
364
49%
19 шілде 2023 Сауалнамаға 736 адам қатысты

10 шілдеде Мейірім Қалауидің орнына Атырау қаласының әкімі болып Шәкір Кейкін тағайындалды. Тарихқа терең үңілмей-ақ қояйық, дегенмен, сіздің ойыңызша, Атыраудың соңғы кезде басқарған бес әкімінің қайсысы "мұнайлы астанаға" көп пайдасын тигізді?

Нұрлыбек Ожаев (19 маусым 2014 — 14 шілде 2016)
 
90
13%
Серік Шәпкенов (14 шілде 2016 — маусым 2018)
 
54
7%
Әлимұхаммед Кұттымұратулы (28 маусым 2018 – 14 қаңтар 2020)
 
49
7%
Қайрат Оразбаев (17 қаңтар 2020 – 14 қаңтар 2022)
 
271
39%
Мейірім Қалауи (4 наурыз 2022 года — 10 шілде 2023)
 
224
32%
12 шілде 2023 Сауалнамаға 688 адам қатысты
1234...17
12...17