ҚР Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ:
«Атом электр станциясын салу қажет пе, жоқ па деген сауалға қатысты түрлі пікір бар екенін білесіздер. Қазақстан – әлемдегі ең ірі уран өндіруші мемлекет. Ендеше өз жерімізде атом станциясын салуға әбден қақымыз бар. Кейбір сарапшылар шағын ядролық станциялар салу керек деген пікір айтады. Алайда көптеген азамат пен бірқатар сарапшы ядролық станцияның қауіпсіздігіне күмәнмен қарайды. Сондықтан оны жалпыұлттық референдум арқылы шешкен жөн деп санаймын».
(2023 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан халқына Жолдауында айтылды)