Атырау, 2 маусым 16:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +25
$ 447.25
€ 485.18
₽ 4.96

Президент бірқатар ауыс-түйіс жасады

393 просмотра
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсет Ерғалиев бұрынғы лауазымынан босап, Дүниежүзілік сауда ұйымы мен халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі болып тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ақорда хабарлағандай, осы уақытқа дейін бұл қызметті атқарған Жанар Айтжан жұмысынан босаған.

Сонымен қатар, иемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Омаров Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды. Бұл қызметті атқарған Ақан Рахметуллин Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.

16 мамыр, 17:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.