Атырау, 15 маусым 03:04
 ашықВ Атырау +34
$ 450.79
€ 482.21
₽ 5.05

Хоккейден әлем чемпионаты: Бүгін Қазақстан Швецияға қарсы ойнайды

278 просмотра

Финляндияда өтіп жатқан шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы төртінші ойынын өткізеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

В тобында бақ сынайтын Ғалым Мәмбетәлиев шәкірттері әлемнің үздік командаларының бірі - Швецияға қарсы шығады. 

Айта кетелік, бүгінге дейін Қазақстан командасы топтағы бір ойында ғана жеңіске жетті. Чемпионаттың беташар матчында біздің құрама Франциядан 3:2 есебімен басым түскен болатын. 

Кейін Словакияға 2:6, Латвияға 0:2 есебімен жол берді. Турнир кестесінде қазақстандықтар 3 ұпаймен 7-орында келеді. 

16 мамыр, 15:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.