Атырау, 17 мамыр 16:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Қазақстанда есірткі өндіргендер өмір бойына сотталуы мүмкін

272 просмотра
Фото: istockphoto.com

Қазақстанда есірткі өндіретіндерді өмір бойына соттау ұсынылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тиісті норма есірткі, психотроптық заттар пен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері туралы заң жобасында көзделген. Есірткі дайындап шығарғандарды өмір бойына бас бостандығынан айыру бастамасын депутаттар ұсынған.

«Депутаттар есірткі өндірісі үшін жазаны қатаңдататын норма ұсынды. Ол жерде есірткі өндірісі үшін 15 жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», - деді мәжіліс депутаты Снежанна Имашева кулуарда.

Сондай-ақ күшті әсер ететін заттар мен прекурсорлардың айналымын бақылау да қатаңдатылады. Күшті әсер ететін заттар және прекурсорлармен жұмыс істеу қағидаларын сақтауға міндетті адамдар осы қағидаларды бұзғаны үшін қылмыстық жауапқа тартылады.

Бұдан бөлек, құрамында есірткі заттары бар тыйым салынған өсімдіктерді өсіргені үшін де қылмыстық жауапкершілік күшейтіледі. Ол үшін Қылмыстық кодекстің 300-бабын «қылмыстық топтың құрамында» және «аса ірі мөлшерде» секілді квалификациялық белгілермен толықтыру ұсынылып оытр.

 

2 мамыр, 15:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.