Атырау, 17 мамыр 16:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Браконьерлерден 5 тоннадан астам балық өнімдері тәркіленді

Бейнежазба
376 просмотра

Атырау облысы аумағында 1 сәуір - 31 мамыр аралығында броконьерлік іс- әрекеттің, бекіре тұқымдас және басқа да балық түрлерінің, олардың өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға, алдын алу мен жолын кесуге бағытталған «Бекіре - 2024» жедел профилактикалық іс шарасы өтіп жатыр.

Іс-шара кезінде теңіздегі заңсыз балық аулаудың жолын кесуге арналған балық қорғау инспекциясымен бірлесіп Еркінқала поселкесінде орналасқан Каспий теңізіне шыға берісінде және Жайық өзені бойындағы «Пешной» бекетінде жылжамалы кемелердің мобильдік топтары құрылып, Еркінқала, Дамба, Алғабас елдімекені айналма жолдарындағы автокөлік құралдарының қозғалысына бақылау жүргізетін мобильдік топ бөлініп, қызмет атқарылып отыр. Жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде балықтың заңсыз айналымына байланысты 41 құқықбұзушылық анықталып, оның ішінде 17 іс-құжатта күдіктілердің іс-әрекетінде қылмыс құрамының анықталуына байланысты сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. 

Анықталған құқық бұзушылық бойынша 7 қайық, 8 автокөлік тәркіленіп, аулаға қойылды, 9 айғақ зат, ау, тор құралдары және барлығы - 5 тонна 810 келі болатын балық өнімдері анықталды, оның ішінде 454 келі бекіре тұқымдас балық және 5 келіден астам бекіре балығының уылдырығы тәркіленіп, балық зауытына тапсырылды. Жайық-Каспий аумағында балық қорын қорғау, заңсыз табылған су биоресурстарын сату мен тасымалдау және браконьерліктің алдын алу мақсатында Атырау облысы ПД Балық қорларына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімі жергілікті атқарушы органдармен бірлескен іс-шараларды күнделікті жүргізіп жатыр.


1 мамыр, 23:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.