Атырау, 23 сентября 14:51
Вечером будет пасмурно+11, ночью +10
Курсы Нацбанка: $ 386.70  € 427.15  P 6.06

Ұзаққали Елеубаев Премьер-Министрге депутаттық сауал жолдады

5 февраля 2010 в 00:00
Астана, Мәжіліс үйі. 3 ақпан. Бүгінгі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Ұзаққали Елеубаев Республика Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовке депутаттық сауал жолдады.

Менің атыма Атырау қаласының тұрғындарының және үкіметтік емес ұйымдардың атынан «Арлан» қоғамдық қорының төрағасы М.Боқаевтан үндеухат келіп түсті.

Үндеудегі көтеріліп отырған мәселе бүгінгі күні Атырау қаласы тұрғындарын алаңдатып отыр. Ол - Атырау мұнай өңдеу зауыты (МӨЗ) мен «Синопек Инжиниринг» Қытай компаниясының бензол өндіретін әлемдік деңгейдегі бірінші интеграцияланған мұнай-химия кешенін жоспар бойынша Атырау облысындағы Қарабатан станциясында емес, қала ішіндегі Атырау МӨЗ-ының аймағында салуға келісім-шарт жасалғанына наразылықтары.

Өзіңізге белгілі, «Атырау облысында бірінші интеграцияланған мұнай-химия кешенін салуға» арналған іс-шаралар 2008 жылдан басталды.

Инвестициялық жобаларды әзірлеу кезінде мұнай-химия өндірістерін құру және оларды іске асыруға дайындық, сондай-ақ жаңғыртылған Атырау мұнай өңдеу зауытының технологиялық мүмкіндіктері мен өндірістік ресурстары ескеріліп, ресурстық және технологиялық мүмкіндіктері анықталғаннан кейін іске қосу жоспарланған болатын.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ арнайы экономикалық аймақ шеңберінде хош иісті көмірсутектер өндіру кешенін салуды жоспарлады.

Жобаны іске асырудың болжамды мерзімі: 2009 - 2012 жылдар. Бензол өндіретін зауыт салу жылына оны 133 мың тонна және параксилолды жылына 496 мың тонна көлемінде шығаруды қамтамасыз етеді.

Қарабатанда бензол мен параксилолды тереңдетіп өңдеу негізінде жылына 170 мың тонна терефтал қышқылын, 200 мың тонна полииэтилентерефтал, 127 мың тонна этилбензол, 200 мың тонна поливинилхлорид өндіретін кешен салынып, жұмыс істейтін болады.

Қазақстан Республикасындағы мұнай өңдеу саласын дамытуға бағытталған іс-шараларды қолдай отырып, сонымен қатар қаланың экологиялық жағдайын ескерген жөн деп ойлаймыз. Үндеуде көрсетілгендей хош иісті көмірсутектер өндіру зауыты елді-мекеннен кем дегенде 40-50 шақырым жерде орналасуы қажет. Жоғарыда аталған канцерогендердің шығарындары ауаға тараған жағдайда, қала тұрғындары экологиялық зардап шегеді. Халықтың денсаулығы нашарлап, өмір сүру мүмкіндігі төмендейтіні бәрімізге белгілі.

Құрметті Кәрім Қажымқанұлы! Жоғарыда аталған мәселені жан-жақты қарап, хош иісті көмірсутектер өндіру кешенін Атырау МӨЗ-ның аумағында емес Қарабатан станциясының маңайында салуды қарастыруыңызды өтінеміз.

www.parlam.kz
Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

3496 просмотровНа главную Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


На главную

Наш WhatsApp номер для новостей:

Последние новости