Атырау, 28 наурыз 16:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Америкалық жұп Қазақстаннан асырап алған балаларын зорлады деп айыпталуда

4 337 просмотра

Америкалық ерлі-зайыпты Қазақстаннан асырап алған қыз бен ұлын зорлады деп айыпталуда. Жан түршіктірерлік іс қазір Массачусетс шатында Ворчестера қаласының Жоғарғы сотында тыңдалып жатыр, деп жазады «Экспресс К» басылымы. 

«Уитинсвилл қаласының тұрғындары – 50 жасар Джозеф Мэйотт (суретте оң жақта) және оның 49 жасар әйелі Линда Мэйотт (суретте сол жақта) 2009 жылы сотқа тартылған болатын, деп жазады The Milford Daily News жергілікті басылымы. Оларға 26 бап бойынша айып тағылды, оның ішінде ауыр жағдайда балаға жәбір көрсету, 14 жасқа толмаған жеткіншекке қатысты аздыратын әрекетке бару және тағы басқа. 2010 жылы сот оларды кінәсіз деп тауып, бірақ 25 мың доллар көлемінде айыппұл төлетуге және GPS-датчик тағып жүруге міндеттеді. Араға үш жыл салып, сот бұл істі қайта қарауға кірісті», -деп көрсетілген хабарламада. 

Округтік прокурордың көмекшісі Шэрил Риддлдың айтуынша, «қазақстандық балалар Уитинсвилльге 2004 жылы көшіп келген. Ол кезде қыз бала 8-де, ал ұл бала 13 жаста еді.

«Бұл жан түршіктірерлік оқиға, - деп бөлісті Шэрил Риддл. - Бөтен тілде сөйлейтін бөтен елге келген Қазақстан тумалары өздерінің өгей ата-анасына толықтай тәуелді болған. Екі ай бойы ері қаршадай қызбен, ал әйелі бір мүшелге енді толған ұл баламен төсектес болған».

Оның айтуынша, 2007 жылы қыз бала өгей әкесінің қылықтару туралы көршісіне айтқан. Алайда басынан кешкен оқиғасын полиция өкіліне немесе әлеуметтік көмек мамандарына айтуға ауыздары бармады, себебі жерлестерімізді өгей ата-анасы қатты қорқытып қойған екен.

«Ол жіппен басқарып отырған қуыршақ ойнатушы әртіс тәрізді», - деген мінездеме берді Линда Мэйоттқа округтік прокурор көмекшісі Шэрил Риддл.

Істі тергеу кезінде бұл былықтың тағы бір қыры ашылды: Линда Мэйоттың үшінші баласының әкесі Қазақстаннан асырап алған ұлы болып шықты. Жұптың жақтаушылары бұл оқиғаны жоққа шығармай отыр. Бірақ оны өз нұқсасында айтып берді. Оларға сенсек, жыныстық қатынасқа түсуге анасын жеткіншектің өзі мәжбүрлеген.

«Ол анасы Линда Мэйотты төрт жыл бойы зорлап, соққыға жыққан. Ұл бала оған дауыс көтеріп, полицияға зорлау жөнінде шағым түсірем деп қорқытқан», - деп нақтылады жақтаушы.

Ал жақтаушы Кристофер ЛоКонто өз кезегінде отағасы үй іргесінде жүріп жатқан көлеңкелі жайттан мүлде бейхабар болғанына сендіруге тырысты. Ал Джозеф Мэйоттың қызымен бір төсекте жатуына қызының қараңғыдан қорқатыны себеп болған-мыс.

Дереккөз: bnews.kz

31 шілде 2013, 12:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.