Атырау, 20 сәуір 10:43
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

"Қазақ студентінің визасы АҚШ-та тексеруге түрткі болды". "3 миллион теңге жинау үшiн 50-60 жыл бойы жұмыс iстеу керек". "Он екі министр де оқулықты түзей алмады". "Қытай ғалымдары адамзат үшін қауіпті вирус ойлап тапты".

4 641 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Қазақ студентінің визасы АҚШ-та тексеруге түрткі болды" - Бостонда ұсталған қазақстандық екі студенттің бірі Азамат Тәжаяқовтың АҚШ-қа жарамсыз визамен кіргені анықталған соң, АҚШ билігі елдегі шетелдік студенттердің визасын тексеруге кіріскені хабарланды.

"«Әділ сөз»: Қазақстанда сөз еркіндігі шектелген" - «Шекарасыз тілшілер» ( Reporters Without Borders) сөз еркіндігін қорғайтын халықаралық ұйымы мамырдың 3-і күні ақпараттың еркін таралуын шектеп отырған «жыртқыштардың» тізімін жариялады. Тізімге журналистердің құқығын бұзған 39 саясаткер, президент, діни жетекші, қарулы тұлға мен қылмыстық топтар кірді. Бұл тізімде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев та бар.

NEWSKAZ.KZ. "Бостондық бомбадан табылған ДНК Царнаевтың жесір әйеліне тиесілі емес" - Ағымдағы аптаның басында Федералды тергеу бюросының қызметкерлері 24 жастағы Расселден ДНК үлгілерін алған болатын. Тергеушілер бомбада табылған ДНК лаңкестердің көмекшісіне немесе қылмыскерлер жарылғыш заттарды әзірлеу үшін қосалқы бөлшектерді сатып алған дүкеннің сатушысына тиесілі болуы мүмкіндігін айтты.

BAQ.KZ. "Қытай ғалымдары адамзат үшін қауіпті вирус ойлап тапты" - Қытай ғалымдары шошқа және құс тұмауларын шағылыстыру арқылы адам өміріне аса қауіпті жаңа вирус түрін шығарды. Ғалымдардың көпшілігі ағылшын және француз сарапшыларының пікірлерін қуаттап отыр. Сондай-ақ, вирус сыртқа шығып кетсе, зор зобалаң әкеледі деп қауіптенеді. Оның үстіне бұл эксперимент Қытайда 26 адамды ажал құштырып, 127-сін кеселге ұшыратқан таяудағы құс тұмауы індетіне тұспа-тұс келді.

"Сауық ЖАҚАНОВА, ардагер диктор: Қазіргі жүргізушілерге көркем сөйлеу жетіспейді" - – "«Заман өзгерді, тез айту ке­рек» дейді. Ал сөз мәдениеті дегеніміз не? Бұл – сөзді түсініп айту. Сөйлем ішінде кідірістер де болады, созып не дауысты көтеріп айтатын жерлер тағы бар. Өкінішке қарай, мұның ешқайсысын білмейді, тіл заңдылықтары сақталмайды. «Тисе – терекке, тимесе – бұтаққа» дегендей, құр сөйлеп жатады. Сондықтан қазіргі жүргізушілерге ойланып, көркем сөйлеу жетіспейді".

HALYKSOZI.KZ. "Көшірмеден көз ашпаған қоғамның көсегесі немен көгереді?" - Плагиаттық деген қазір арнайы зерттеуді қажет ететін мәселеге айналды. Бұл жұмыс тіпті ғылыми-зерттеу мекемелеріне арнайы табысталса да жаман болмас еді. Тап осы мәселеге байланысты құрамында Таласбек Әсемқұлов, Тұрсынжан Шапай, Дихан Қамзабекұлы сияқты жан-жақты білімді азаматтар әр саладан жиналып, сарапшылық жасаса да артықтық етпес еді.

ZHASALASH.KZ. "3 миллион теңге жинау үшiн 50-60 жыл бойы жұмыс iстеу керек" - Жиында сенат депутаты Светлана Жалмағамбетова Қазақстандағы әйелдер зейнет жасына мерзiмiнен бұрын шыға алмайтынын, себебi қажеттi ақша сомасын жинап үлгермейтiнiн мәлiмдедi. “...әйел бала табады, оны бағады. Осы уақыт iшiнде зейнетақы қорына ақша аудармайды. Осы мәселенi шешу керек... Әйел 3 миллион теңге жинауы үшiн 50-60 жыл бойы, 70-80 жасқа дейiн жұмыс iстеуi керек”, – дедi депутат министр Әбденовке қарата.

«Халық өмiрiнiң ұзақтығын анықтаймын деген кiсi зиратқа барсын» - “Егер қазақстандықтардың өмiрiнiң ұзақтығын бiлгiңiз келсе, ешқандай статистиканың керегi жоқ, зиратқа барыңыздар, бәрi де сонда жазулы тұр”. “Ресейде үш бала болса, көпбалалы отбасы болып есептеледi. Төртiншi бала туса, әйелiмен қоса ерiне де төсбелгi берiледi. Аналық капитал жұмыс iстейдi. Әйелдер мемлекет тарапынан жан-жақты қорғалған, ал бiзде неге бұлай емес? Қазақстанда неге аналық капитал жұмыс iстемейдi?”.

ABAI.KZ. "«Евразиялық» үштаған қашуға бет бұрды ма?" - Евразия банкі саудаға түсуде. Оның қожайындары «Евразия» айдарын тағынған «жаңа қазақтар»  - Машкевич, Шодиев, Ибрагимов екені белгілі. Банктің өз бастамасымен Қытай мен Европадан әлеуетті қожайын іздеулеріне қарағанда әлдебір тықыр таянды ма дерсің. Ол тықырдың кімге таянғанын болжау әзірге ертерек: мәселе атақты үштағанда ма, әлде оларды тайраңдатқан жер бетіндегі «құдайда» ма?! Әзірге банк саудасы кулуарда пыш-пыштық сипатта. Артық ақпарат шығарылмауда.

JASQAZAQ.KZ. "Неоколониализмнің неоқыры" - Петр СВОИК: "Гәп мынада, біз дамыған елдердің бір бөлігіміз – дамыған әлемдік экономикамен толықтай интеграцияға түскенбіз. Яғни біздің дербес тәуелсіз саясатымыз, егеменді идеологиямыз жоқ. Экономикаға келсек, әлемдік монетарлық жүйеге, тек шикізатымызбен әлемдік экономикаға бізге мүлде тиімсіз қырынан еніп, батпаққа белшемізбен баттық. Дамыған елдермен саяси интеграцияның жоқтығы неоколониалдық мәртебеміздің бір нышаны. Біз әлемдік несие және инвестиция процесінің бір бөлігіміз. Дербес несиеміз бен инвестициямыз жоқ. Әлемдік шикізат өндіру және тарату процесінің бір бөлігіміз. Әйтсе де, біздің ешқандай саяси ықпалымыз жоқ, соңынан атқаруға тиісті ережелерді жасауға қатыспаймыз. Сондықтан мен бұл ахуалды отар немесе неоколониализм деп атар едім".

ALASHAINASY.KZ. "Қазақ баласы өзіне лайық әндерге сусап отыр" - Мейрам­бек «Бозторғай» әні арқылы сол кездерде қоғамды тәрбиелегенін мойындауымыз керек. Жетімдіктің қасіретін ұқтырып, талай әке мен шешені ойландырды. Аяу­шы­лық сезімдерін туғызды. Ал Ерболат «Сал­танат» атты әнімен аға мен қарын­дас­тың арасындағы бауырмалдықты, сый­лас­тық­ты қалыптастырды. Өнерлі бала белгілі мөл­шерде қоғамның тәрбиешісі дегендегі айтпағымыз – осы.

AIKYN.KZ. "Бас театрдың бұрынғы бағы мен бүгінгі бабы..." - "Шығармашылыққа да, шаруаға да кұнт керек. Құнтсыз басшы шаруаның ғана емес, шығармашылықтың да кұнын түсіреді. Театр – тұтас алғанда тірі организм. Тірі организм­нің тірі болуы үшін көп нәрсе керектігін бә­рі­міз білеміз. Әрине, оның да шырқау са­ғаттары, шау тартар сәттері де болар. Бірақ оны сол тоқыраулардан алып шығатын әр ұрпақтың әр буыны ғана емес, солардың ішінен суырылып шыға алар жанкешті, азабын арқалай алар Тұлға. Орысшалағанда – Лидер! Тұлға жасайтын тірлікті, можантопай тұлып жасай алмайды! Ал Тұлға мінезді ке­леді, өзі де тыным таппайды, төңірегіне де тыныштық бермейді. Таза өнер тылсым тыныштықта тумайды".

"Адамға керегі – ізденіс " - "Өз басым Жағда Бабалықов, Жәрдем Ті­леков және Ақселеу Сейдімбек сияқты жазушылардың ізденісін көрдім. Олар әр нәрсеге жете мән беріп, жинап жүретін. Көр­некті жазушы Әзілхан Нұршай­ы­қов­тың ұқыптылығын да байқадым. Дін­мұхамед Қонаевтың 90 жылдық мерей­тойы­на Әз-ағамыз кешігіп келді. Келген бетте-ақ қолына қалам мен қағазын алып, менен «кімдер сөйледі?» деп бірден жазып алды. Мұндағы айтпағым, оқиғаны уақыт оздырмай дер кезінде қағазға түсіру жур­налист үшін аса керек. Студент кезімде осылай істесем көп дүниені жинар едім. Мұны маған өмірдің өзі үйретті".
 
EGEMEN.KZ. "Жұмыспен қамтудағы проблемалардың сипаты қандай?" - Жұмыспен қамту саласындағы проб­лемалық мәселелерді шешу үшін «Ақ жол» партиясының депутаттары жұмыс берушілердің салалық бірлестіктерімен кәсіби стандарттарды әзірлеуді, жо­ғары және кәсіби-техникалық оқу орындарының студенттері мен оқу­шы­ларының өндірістік практикасына кәсіпорындардың шығындарын суб­сидиялауды, жас жұмысшылар мен мамандарды сынақ мерзімінен өту кезінде жалақысын субсидиялау­ды, жаңа бастаушы қызметкердің сы­нақ мерзімінен өту кезінде машық­та­рының жеткіліксіздігі себебі бойынша кәсіпорын жабдықтарына залал келтіргені үшін жауапкершілігін сақтандыруды және т.б ұсынады.
 
SERKE.ORG. "Қазақ жастары теріс сөйлеп жүр. Бұл да өнер ме?" - Соңғы уақытта елімізде сөзді теріс айтып, қағаздағы мәтінді кері қарай сыдыртып оқитын адамдар жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай шыпырлап көбейіп келеді. Мұндай үрдіс әсіресе мектеп жасындағы балалар мен орта және жоғары оқу орындарының студенттерінің арасында белең алып тұр. Оларың бұл істі жете меңгеріп тәжірибе жинап алған.

BNEWS.KZ. "Сомали халқы аштықтан жаппай қырылып жатыр" - Ауыздарына нәр татпай, қайтыс болған 260 мың адамның тең жартысы, бес жасқа толмаған бүлдіршіндер. Азық-түлік тапшылығына Сомалидың он миллион азаматының төрт миллионы ұшыраған. Бұл ақпаратты Біріккен ұлттар Ұйымы жариялады.

ZHEBE.COM. "Күрд террористері Түркиядан кетеді, алайда..." - Түркия халқының  түн ұйқысын төрт  бөлген,  30 жылға жуық елдің зәресін алған Күрдстан  жұмысшы партиясының  қарулы топтары мамыр айының 8-інен бастап  елдің шекарасынан шығатын болды. Сөйтіп, Имралы түрмесінде жатқан Абдулла Өжалан мен Түркия  билігінің арасындағы келісім түріктер үшін  пайдалы болатын түрі бар. Алайда, Түркияда тыныштықтың орнағанын қаламайтын  бірқатар мемлекеттер мен саяси күштер де  жоқ емес. Әсіресе, Иранның  КЖП террористерін Түркиядан кетпеуге шақыруы өңірдегі саяси ахуалдың шиеленісуіне себеп болуы мүмкін.

"Он екі министр де оқулықты түзей алмады" - Негізгі қателік 4 мәселеге байланысты болып тұр: біріншіден, оқу жоспарының оқу бағдарламасына сай еместігініде. Екіншіден, оқу бағдарламасы ғылыми дәлелденбеген, оқушының сабақты толық меңгере алмау түйткілі осы жерде жатыр. Бұл дегеніңіз мемлекеттік стандарт толық анықталмаған деген сөз. Үшіншіден оқу жоспары талданбаған, яғни, 11 жылдық мектептің оқу жоспары әр пәнге жоспарланбаған, оған бас қатырып отырған ешкім жоқ. Төртіншіден, оқулық шығаратын авторлар ұжымының құрамы дұрыс емес.

4 мамыр 2013, 12:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.