Атырау, 18 сәуір 08:23
 ашықВ Атырау +28
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Путиннің "ядролық чемоданын" ұстаған күзетшісін атып кетті — БАҚ

2 156 просмотра

РФ Президенті Владимир Путиннің күзетшісі болған және онымен бірге "ядролық чемодан" алып жүрген ФСБ полковнигі Вадим Зимин ауруханаға оқ жарақатымен түскен. Оның ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатқаны мәлім болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.      

Mirror басылымы хабарлағандай, қазір ол ауыр халде жан сақтау бөлімінде жатыр.

Зимин Мәскеу облысының Красногорск қаласындағы пәтерінде 20 маусымда жаралы күйде табылған, оның жанында 79-9ТМ травматикалық тапанша болған. Оны ағасы тауып алған. Бұл кезде оның азаматтық некеде тұратын әйелі қасында болмаған.

Зимин Кремльде тек Путиннің қарамағында ғана емес, Борис Ельциннің кезінде де жұмыс істегені белгілі.

Ресейлік БАҚ-тың мәліметінше, Зимин кеден қызметінде жұмыс істей бастағаннан кейін пара алды деген айыппен қылмыстық істі тергеуге байланысты үй қамауында болған. Ол түрмеде жазасын өтеуге тиіс.

23 маусым 2022, 15:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.