Атырау, 29 наурыз 02:16
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​Атырау балабақшаларында тамақ бағасы қымбаттады

1 486 просмотра

Келесі аптада Атырауда балабақшалар үшін төлемақыны көтеру туралы қаулыға қол қойылады деп күтілуде. Өйткені, балаларға білім беру ұйымдарында бір жолғы ыстық тамаққа төленетін төлем мөлшері өсті.

Азық-түлік бағасының қымбаттауына байланысты балабақшаларда берілетін бір жолғы ыстық тамақтың төлем сомасын көтеру туралы қаулы қабылданды. 3 жасқа дейінгі балалар үшін бұл сома 402 теңгеден 627 теңгеге, 3 жастан 7 жасқа дейінгі балалар үшін 473 теңгеден 783 теңгеге дейін өседі, - деп атап өтті ӨКП алаңында кәсіпкерлермен кездесу барысында Атырау облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айнагүл ДҮЙСЕКЕНОВА.

Оның айтуынша, мектептердегі балалардың бір жолғы ыстық тамағының құнына қатысты тарифтерге келетін болсақ, олар жаңа оқу жылының басына қарай қайта қаралады деп күтілуде.

ӨКП директоры Нұрлан СҮЙІНБАЕВ атап өткендей, Атырау облысы - республикадағы бастауыш сынып оқушылары (1-4 сыныптар) сабақ уақытында ыстық тамақпен 100% қамтамасыз етілетін төрт өңірдің бірі. Бірақ бір балаға күніне бекітілген сома республика бойынша ең төмен – біздегі бағаның аспандап тұрғанына қарамастан, ҚҚС есептемегенде күніне 267 теңге болды. Ал бұл көрсеткіш Батыс Қазақстан облысында 380 теңге, Жамбыл облысында 450 теңге, көршілес Ақтөбе облысында 507 теңге, Ақмола облысында 750 теңгені құрап отыр.

Оның айтуынша, бұл тарифтің нарықтық бағаға сәйкестігі туралы мәселені облыс кәсіпкерлері бірнеше рет көтерген. Өйткені бұл балалардың тамақтану сапасына тікелей әсер етеді. Бұл мәселені Атырау облысының Кәсіпкерлер палатасы да жергілікті атқарушы органдар мен депутаттарға бірнеше рет айтқан болатын. Міне, енді кәсіпкерлер өз мақсаттарына қол жеткізді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

22 маусым 2022, 11:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.