Атырау, 19 сәуір 12:29
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Жұмабек Қаражанов Жылыой ауданының әкімі болып тағайындалды

1 944 просмотра

Бүгін, 22 маусым күні Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Жылыой мәслихатының депутаттарына ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілген аудан әкімі лауазымына Жұмабек Қаражановтың кандидатурасын ұсынды. 

Жұмабек Қаражанов Қазақстан-Британ техникалық университетін, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша бітірген. Экономика және бизнес магистрі дәрежесі және мемлекеттік аудитор сертификаты бар.

2011-2012 жылдары «Жасұлан және Компания» ЖШС-де экономист болып жұмыс істеді. 2012-2014 жылдары «Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ әр түрлі лауазымдарында жұмыс істеді. 2014-2017 жылдары «Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ  мемлекет бюджеттері мен активтерін бақылау № 3 бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді. 2017-2018 жылдары «Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ  сапаны бақылау, ішкі аудит, ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету және персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы. 2018-2019 жылдары «Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ аппаратының басшысы. 

2019-2022 жылдары Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды, Мейірім Қалауи тағайындалғанша ай жарым уақыт қала әкімінің міндетін атқарды. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА

22 маусым 2022, 10:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.