Атырау, 19 сәуір 08:22
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

"Тоқаевтың "жартыкеш" шаралары, "елбасыдан арылу" және Назарбаевтың алдағы тағдыры". ​"Жаһандық автонарық: Жылымық қашан басталар?​". "Украина мен Батыс Ресейді жеңуі үшін не істеуі керек?​". ​

8 146 просмотра

FORBES.KZ. «Стрестік активтер нарығы: жеке инвесторлар жағдайды өзгерте ала ма?» - Отандық қаржы нарығындағы жұмыс істемейтін кредиттерді экономикалық айналымға тарту мақсатында, елімізде арнайы сервистік компаниялар институты құрылмақ.

«50 қазақстандағы ең дәулетті бизнесмендер – 2022» - Қазақстандық топ-50 капиталын көбейтті, бірақ оның бір бөлігін келесі рейтингке дейін жоғалтуы мүмкін. Пандемиядан кейін экономика қайта қалпына келіп, аңсаған қалыпты өмірге ораламыз деп бәріміз күткен жыл одан да зор түбегейлі өзгерістерді әкелді. Украинадағы соғыс, оған жауап ретінде Батыс елдерінің (шығыстағы елдердің де бір бөлігінің) Ресей мен Беларусьқа салған санкциялары Қазақстанның халықаралық саудадағы логистикасының және ЕАЭО ішіндегі сауда-шаруашылық байланыстарының құлдырауына әкеп соқты. 

QMONITOR.KZ. «ЕАЭО-да долларсыздандыру бағыты: оның плюстары көп пе әлде минустары ма?» - Ұжымдық Батыстың Ресейге қарсы санкциялық соғысы жағдайында Еуразиялық экономикалық одақ елдері сыртқы күйзелістердің жағымсыз салдарын барынша азайту мақсатында ЕАЭО нарығын долларсыздандыру үдерісін жеделдету жөнінде шешім қабылдады... Біз сарапшыларымызға ЕАЭО елдерінің экономикасы мен бизнесі мұндай жеделдетілген сценарийге дайын ба, бұған не тосқауыл бола алады және соның нәтижесінде біз қандай пайда аламыз деген сұрақтарды талқылауды өтіндік.

«Қандай тәсіл жеңеді: «Қазақстан қазақтар үшін» деген бе әлде «мәңгілік ағайындылар» деген бе?» - Қазақстан «халықтар достығы зертханасынан» барған сайын ұлтшыл-популистік идеялардың сынақ алаңына анық айналып барады. Ал егер таяу уақытқа дейін азаматтық ынтымақтықтың мықтылығы тек виртуалды кеңістікте алауыздық тудыру әрекеттерімен ғана тексерілген болса, бүгінде өшпенділік вирусы нағыз құбыжықтарды дүниеге әкеліп, шынайы өмірге белсенді түрде сіңе бастады. 

KURSIV.MEDIA. «Әлеуметтік саланың цифрлану деңгейі қандай?» - 5-10 жылда экономиканың 9 саласында 239 жаңа кәсіп пайда болуы мүмкін. Еңбек саласының цифрлануы – қазір біз үшін аса қажетті фактор. Еңбек қатынастарының онлайн форматқа көшуі – жұмыс барысын, өмір сүру салтын біршама жеңілдетіп, азаматтардың уақытын үнемдеп, мүмкіндіктерін арттырады. 

«Жаһандық автонарық: Жылымық қашан басталар?» - Көлік шығару процесі күллі әлемде тұралап тұр. Екі жыл үздіксіз соққан (кей елдерде әлі күнге жалғасып жатыр) пандемия дауылы көп шаруаны шайқалтып кетті. Соның бірі – автоөндіріс саласы. Жеткізу тізбектерінің бұзылғаны ештеңе емес, өндірістің тіке өзі тұралап, нәтижесінде су жаңа автокөліктер саны айтарлықтай азайды. Сарапшылар жақын уақытта сектордан позитивті жаңалық күтпейміз деп кесіп айтып отыр.

«Ресейге қарсы санкциялар біздің нарыққа қандай әсерін тигізеді? Қолда қандай құрал бар?» - Батыс елдері Ресейге санкцияны төпелеп тұрып салып жатыр. Әрине, оның себебі баршамызға мәлім. Бізді толғандыратыны – осы қатаң шектеулер Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді деген сауал. Жақында тап осы тақырыпты негіз етіп Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) Қазақстанның экономикалық өсіміне қатысты өз болжамын жария етті.

AZATTYQ.ORG. «Украина мен Батыс Ресейді жеңуі үшін не істеуі керек? Уэсли Кларкпен сұхбат» -  Уэсли Кларк 1998 жылы Югославия лидері Слободан Милошевичтің Косовода албан ұлты өкілдеріне жасаған зұлымдығын тоқтату үшін жүргізілген НАТО операциясын басқарған. АҚШ-тың отставкадағы генералы, Калифорния университетінің Беркл халықаралық қатынастар орталығының бас ғылыми қызметкері Кларк Азаттықтың Грузин қызметіне берген сұхбатында Ресейдің Украинаға басқыншылығын тоқтату үшін Украина мен Батыс не істеуі керегін айтты.

«Тоқаевтың "жартыкеш" шаралары, "елбасыдан арылу" және Назарбаевтың алдағы тағдыры» - Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституцияға өзгеріс енгізу бастамасы елдегі "елбасыдан арылуды" көрсете ме? Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың аты Конституциядан өшірілсе, оны не күтіп тұр? Әзірге тек шеттегі ойыншыларды нысанаға алған Тоқаев Назарбаев отбасының негізгі мүшелеріне соққы жасауы мүмкін бе? 

«"Дыбысы білінбейтін ұшқыр құрал". Украина сарбаздары электрмен жүретін велосипед мініп соғысады» - Ресей армиясы басып кірген Украинадағы соғыс аймағында жүрген танкіге қарсы NLAW ракетасы орнатылған мотоцикльге ұқсас көлік құралының суреті техника тақырыбына жазатын басылымдардың назарын бірден өзіне аударды.

«Путин: Еуропа санкцияларын алса, Ресей астық экспорттауға дайын» - Батыс елдері Украинадағы соғысқа байланысты енгізген санкцияларын алып тастаса, Ресей әлемдік азық-түлік дағдарысынан шығуға елеулі үлес қосуға дайын.

27 мамыр 2022, 16:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.